Говорим (аудио разговорники)
В КИНОТЕАТРЕ / КИНОТЕАТРДА
7 сентября, 19:55
В КИНОТЕАТРЕ / КИНОТЕАТРДА |
|
художественный фильм |
көркем фильм |
постоянные зрители |
тұрақты көрермендер |
в гланых ролях картин |
картинаның басты рөлдерінде |
ведущий актер и режиссер |
көрнекті актер және режиссер |
вечерние сеансы |
кешкі сеанстар |
кинопромышленность |
кино өндірісі |
кинозарисовка |
киносуреттеме |
кинохроника |
кинодерек |
Национальная академия искусств |
Ұлттық өнер академиясы |
отечественная кинематография |
отандық кино өнері |
лучшие актеры республики |
республиканың үздік актерлары |
Что ты сегодня делаешь? |
– Бүгін сен не істейсің? |
Пойдемте в кино. |
– Киноға барайық. |
Я хочу посмотреть новый фильм. |
– Мен жаңа фильм көргім келеді. |
Я хотел (а) бы пойти в кино. |
– Менің киноға барғым келеді. |
Что сегодня идет в кино? |
– Бүгін қандай кино жүріп жатыр? |
Когда начало дневных (вечерних) сеансов |
– Күндізгі (кешкі) сеанстар қай уақытта басталады? |
Когда начинается следующий (последний) сеанс? |
– Келесі (соңғы) сеанс қашан басталады? |
Сколько времени идет фильм? |
– Фильм қанша уақыт жүреді? |
Вам понравился этот фильм? |
– Сізге бұл фильм ұнады ма? |
Да, великолепный фильм. |
– Иә, керемет фильм екен. |
Какой фильм сегодня идет в кинопарке «Сарыарка» ? |
– Бүгін «Сарыарқа» кинопаркінде қандай фильм жүріп жатыр? |
Какие фильмы нравятся тебе больше всего? |
– Саған қандай фильмдер көбірек ұнайды? |
Мне больше нравятся комедийные (приключенческие, детективные, исторические) фильмы. |
– Маған көбіне комедиялық, (шытырман оқиғалы, детектив, тарихи) фильмдер ұнайды. |
Какой фильм вы бы посоветовали посмотреть?
|
– Сіз қандай фильмді көруге кеңес бересіз? |
Если вы любите комедию, то сходите на фильм .... |
– Егер сіз комедияны ұнататын болсаңыз ..... фильмін көруіңізге болады. |
Вы уже смотрели этот фильм? |
– Бұл фильмді бұрын көріп пе едіңіз. |
Какие отечественные фильмы вам нравятся? |
– Сізге отандық фильмдердің қайсысы ұнайды? |
Мне понравился фильм «Кыз-Жибек», это был лучший фильм, который я когда-либо видел |
– Маған «Қыз-Жібек» фильмі ұнады, мұндай киноны мен бұрын-соңды көрмеген едім. |
Какие актеры играют в главных ролях? |
– Басты рөлдерде қандай актерлер ойнады? |
В главных ролях фильма играли Меруерт Утекешева (Кыз Жибек), Куман Тастанбеков (Толеген), Асанали Ашимов (Бекежан). |
– Фильмнің басты рөлдерін Меруерт Өтекешева (Қыз Жібек), Құман Тастанбеков (Төлеген), Асанәлі Әшімов (Бекежан) ойнаған. |
Фильм имел мировой успех. |
– Фильм дүние жүзіне танылды. |
Этот фильм получил первую премию на фестивале. |
– Фестивальда бұл фильм бірінші сыйлыққа ие болды. |
Когда состоится детский сеанс? |
– Балалар сеансы қашан болады? |
Детские сеансы проходят каждое воскресенье в десять часов утра. |
– Әр жексенбіде таңертеңгі онда балалар фильмі көрсетіледі. |
Есть ли билеты на этот фильм? |
– Бұл фильмге билет бар ма? |
Дайте мне два билета на следующий (ближайший) сеанс. |
– Маған келесі (таяу аралықтағы) сеансқа екі билет беріңізші. |
Где идет этот фильм? |
– Бұл фильм қайда жүріп жатыр? |
Кто поставил этот фильм? |
– Бұл фильмді қойған кім? |
Кто написал сценарий (музыку) к этому фильму? |
– Бұл фильмнің сценарийін (музыкасын) жазған кім? |
На какой студии снят этот фильм? |
– Бұл фильм қай студияда түсірілген? |
Мне понравился (не понравился) сюжет фильма. |
– Маған фильмнің сюжеті ұнады (ұнамады). |
Фильм произвел на меня (на нас) большое впечатление. |
– Фильм маған (бізге) жақсы әсер қалдырды. |
Я больше люблю читать книги, чем смотреть фильм. |
– Мен фильм көргеннен гөрі кітап оқығанды ұнатамын. |
другие статьи
-
ICCАПАРДА / В КОМАНДИРОВКЕ
5 апреля, 3:18 -
Известны победители международного онлайн-турнира «Кто умнее?»
11 ноября, 14:36 -
Әке мен балаға арналған жаңылтпаштар
11 сентября, 22:27 -
Тұңғыш қазақ геологы Қаныш Сәтбаевтың туғанына 121 жыл
12 апреля, 11:54 -
Қайрат Нұртастың орындауындағы әндер
24 августа, 10:18