Слушаем (песни с текстами)
МұзАрт тобының орындауындағы әндер
22 апреля, 16:32Анаға сәлем
Мереке күніңмен
Қарсы алам өзіңді
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған
Бөбегің оянса
Ұйқыңнан мың тұрдың
Гүліңмен балауса
Көктемдей құлпырдың
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған
Аялап алақан
Әлпештен өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған
Сырымды ұғатын
Өзіңсің қуатым
Күнімсің шығатын
Айымсың туатын
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған
Балауса
Көзіңде түпсіз тұңғиық
Тұрғандай тұнып түн үйі
Өртедің өзің жүректі
Қол жетпес арман шын биік
Қалдым ба сені шын сүйіп
Қайырмасы:
Жарқырап жайнашы жұлдызымдай
Менің жаным-ау
Сайрашы бұлбұлымдай менің жаным
Жадырап жаз гүліндей күлімдесеңші
Балауса арналады саған әнім
Алаңсыз жүрген кезімде
Жалт етті сәуле көзімде
Ғашық боп жаным өзіңе
Бөлендім нәзік сезімге
Таусылды менде төзім де
Қайырмасы:
Жарқырап жайнашы жұлдызымдай
Менің жаным-ау
Сайрашы бұлбұлымдай менің жаным
Жадырап жаз гүліндей күлімдесеңші
Балауса арналады саған әнім
Бар ма менің жазығым
Жүрдік бірге жас өмірдің жасыл барқыт бағында
Нұрлы жүзің көз алдымда үнің әлі жадымда
Айдынымен қоштасатын аққу ме едің нәзігім
Қапияда қайда кеттің барма менің
Барма менің барма менің әй жазығым
Сол күндерді бал түндерді ұмытады дедің бе
Тербетіліп жүрсің әлі көңілімнің көлінде
Құлағымнан кетпей қойды сыңғырлаған нәз үнің
Қапияда қайда кеттің барма менің
Барма менің барма менің әй жазығым
Толқып тұрған асыл айдай жалғыз едің сен менде
Сәуле төгіп күлімдейсің кеудеңде
Саған деген махаббатым азабыма қажыдым
Келші жаным айтшы жаным
Барма менің барма менің әй жазығым
Ғашықтар жыры
Қайырмасы:
Ғашық оты жанады, жана берсін,
Жұбайлардың жолдары бола берсін!
Келген жылдар қосылған екі жасқа
Бақыты мен байлығын ала келсін!
Ғашық оты көзімізде жанады,
Әлдилейді махаббаттың бал әні.
Ғашық болған күннен бастап, достарым,
Азамат боп қалғандаймыз бағалы.
Қайырмасы:
Ғашық оты жанады, жана берсін,
Жұбайлардың жолдары бола берсін!
Келген жылдар қосылған екі жасқа
Бақыты мен байлығын ала келсін!
Екі жүрек ұғынады бір-бірін,
Аялайды әлдилейді күн нұрын.
Айтқаның да заң сияқты өзіңе
Өміріңе бақыт болған құрбының.
Қайырмасы:
Ғашық оты жанады, жана берсін,
Жұбайлардың жолдары бола берсін!
Келген жылдар қосылған екі жасқа
Бақыты мен байлығын ала келсін! 2р
Алыс кетсе, күте білсін сарғайып,
Табыс тілеп, тілектерді жалғайық.
Армандары орындалсын жастардын,
Ғашық болған жүректе бар ма айып.
Қайырмасы:
Ғашық оты жанады, жана берсін,
Жұбайлардың жолдары бола берсін!
Келген жылдар қосылған екі жасқа
Бақыты мен байлығын ала келсін!2р
Есіл ағады
Есіл ағады, Есіл ағады,
Ақбұйра толқын жарды ұрып.
Есіл аққанда, есіп ағады,
Жағада жартас жаңғырып.
Есіл ағады, Есіл ағады,
Мағжанның жүйрік жырындай.
Мені де бір қыз есіне алады,
Тарқатып өрген бұрымды…
Қайырмасы:
Сырбазың сыңғыр, сыңғыр етеді,
Сұлулар таққан сырғадай.
Түрілген сонау түннің етегі,
Ұйқыңды қайтсын ұрламай?
Есіл ағады, Есіл ағады,
Есіл ағады ерке өзен.
Көңілге мәңгі көшіп алады,
Аққудай арлы сол кезең.
Есімін толқын есіне алады,
Аймалап ай-күн жарық қып.
Есіл ағады, Есіл ағады,
Есіл ағады жарықтық…
Есіңе ал
1.Сағыңсан мені саулем-ай
Жолдармен таныс жүргейсін.
Сонда сен мені әрдайым
Жаныңда бар деп білгейсін.
Қ-сы:
Түнде сен жүрсен көшеде
Шамдарға жанған қарарсын.
Шалқып бір жүрген шақтарды
Гулім-ау еске аларсын
Сонда сен мені Есіне ал
Сонда сен мені Есіне ал
2.Таңым-ау мені сағынсан
Толқынга көз сал ұрынға
Жүгірген толқын жүрегі
Алдымнан келіп жығылған
3.Айым-ау мені сағынсан
Сырнайдың сазын байқарсың
Бағым-ау саған сыйларым
Осы бір әнімді айтарсын.
Жайлаукөл кештері
Алаулап күн батса қырды асып
Кетуші ек, қалқатай, сырласып
Ұмытсам сол күнді, сол күнді кеш мені
Есте ғой, дариға, Жайлаукөл кештері
Ай туып, жұлдыздар жанғанда
Қол созып көктемгі арманға
Жүрген кез жүректен, жүректен өшпеді
Жақсы еді, дариға, Жайлаукөл кештері
Мүлгіген тыныштық, айдала
Шу бойы ырғалып жай ғана
Гүлдерді тербетіп самалдың ескені-ай
Аңсаттың, дариға, Жайлаукөл кештері
Жалғыз досым
Жалғыз досым, алыстасын меннен сен
Жалғыз сырап түсті бүгін өр енсем
Жас балаша қуанушы едім мен
Көздерің нұр шуағына бөленсем
Қ-сы
Қиналдым мен, бірақ сендей кім ұқсын
Өзін ғана мейірбансын, тұнықсын
Өмір ащы өне бойым, өне бойым сыздайды
Өз жарасын жүрек қалай,жүрек қалай ұмытсын
Ойлаймын мен оймен кейін шегінсем
Иығына басым қойып егілсем
Жұбатар ем бір ақылды сөз тауып
Тіршілікке талпындырар едің сен
Қ-сы
Қазақтай ел қайда
1.Көңілі көлдей шалқыған
Қазақтай ел қайда
Даласы жусан аңқыған
Өзіңдей жер қайда
Киелім
2.Таусылмас саған айтарым
Ардақтап өтейін
Бабадан қалған байтағым
Садағаң кетейін
Киелім
Қайырмасы
Күлімдеп жатқан көлден
Көк орай шалғын белден
Құбыла соққан желден
Айналайын
Тілегін тәңір берген
Қасиет қонған елден
Ел үшін туған ерден
Айналайын
3.Болмасаң өзің айбарым
Мұратқа жетер ме ең
Түспесін төмен байрағың
Төбеңе көтерген
Киелім
4.Ғасырлап күткен арманға
Тербеген асқақ ән
Ұлыңа Алла жар болғай
Елімді бастаған
Киелім
Қайырмасы
Күзгі бақ
Мен сені ақ таңнан
Ақ-ерке шақтардан
Сағынып іздеймін
Сарғайған бақтардан
Жан сырын ақтарған
Жапырақ ақ тардан
Сен жайлы сыр айтып
Тербейді тәтті арман
Қайырмасы
Аяулы арманның ақ құс сөзі
Ақ ұлпақ қанатын қақты сезім
Сағынтып кел деген тәтті сөзің
Жаным менің
Жүректі жаралап жүз жылатқан
Өзіңді іздеймін күзгі бақтан
Қайда сол бал сезім біз ұнатқан
Жаным менің
Күн өтсе өзіңсіз
Жүректе сезімсіз
Куә боп тұрды ғаа
Түнгі аспан тек үнсіз
Көшеде қонар күз
Қоңыр күз көңілсіз
Көңілсіз шақтарда
Қалмашы сен үнсіз
Қайран көңіл
Жан тербеген сезім бе едің,
Жастық жалын кезім бе едің.
Ару құшқан, арман қуған,
Сағынам таңдарды-ау ыстық.
Қайырмасы:
Қайран көңіл, қайран өмір
Бағынбайсың, сүйдіріп, күйдіріп...
Жалт еткен сағымдайсың.
Аққудаймын сыңар қанат,
Мазаландым мұң арқалап.
Сақ-сақ күліп асқақ үміт
Өткен күндер тұрар қарап.
Қайырмасы:
Бір күлдірген, бір жылатқан,
Өмір өзен жылжып аққан.
Мөлдір көзің, сол бір сезім,
Сағынам еркемнің өзін.
Қайырмасы:
Маралдым
Қыз Қорлан қор қызындай тамсандырған
Естайға әлемде жоқ ән салдырған
Маралды! Маралды - төр! Маралды - көл
Самалдай ән еседі қарсы алдыңнан
О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның
Туған ел, туған жерім - "Қызыл таңым"
Сапырған күн астында қызыл дәнін
Өссем де құшағыңда ажырамай
Көркіңе көрмегендей қызығамын
О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның
Туған жер, өскен елім - "Қызыл таңым"
Сенікі ішкен суым, тұзым-дәмім
Даңқыңды, дәулетіңді шалқытады
Бақытын сенен тапқан қыз-ұлдарың
О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның
Сен келерсің бір күні
Сен келерсің бір күні
Маған қымбат сый қылып
Жер бетінде күлкіні
Жанарыңа сыйдырып
Таң да арайлы атқанда
Бәлкім түсте, кешқұрым
Оттай жанған шақтарда
Құштарлықты кеш күнім.
Қайырмасы:
Сағынышым сенгісіз,
Шала шабыт жыр түрі.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Сен келерсің бір күні...
Сенсіз жалғыз жабықтым,
Бақыт жүзін жасырып.
Түндер есік қағып тұр,
Жұлдыздары шашылып.
Арманға асық ғаламда,
Үміт алдай қарады.
Саған ғашық санамда,
Сәуле қалмай барады.
Сенің көзің
Сенің көзін түпсіз терең
Түнғыйықтан жаралған
Сонда жатыр менде жүрген
Орындалмас бар арман
Сенің жүзін көкте күннен
Жерде гүлден нар алған
Шашын сенің жан баспаган
Жапандағы қара орман
Қас-кірпігін қарлыгаштын
Қанатындай қап-қара
Үлбіреген жүзін сенің
Ақ жібекпе мақта ма
Әсем басын әп-әдемі
Мүсініне шқк қана
Шиедейін еріндерің
Қызарып тұр шоқтана
Толықсыған түла бойын
Шыбық па екен тал ма екен
Бейнең сенің баяу атқан
Жазғы шұғыла таң ба екен
Кулкін сенің шашылған нұр
Сөзің кәусар бал ма екен
Бұл ғаламда сенен аскан
Сірә біреу бар ма екен
Үш қоңыр
1. Үш - қоңыр Алатаудың қойнауында
Әкемнің ізі қалған жайлауында
Қасқасу үр-гір тасып, гүл еркелеп
Архарлар жайылатын аймағында
Қайырмасы:
Ай үш - қоңырым туған жерім
Рахым нұры қонған жерім.
Ай үш - қоңырым тау бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің.
2. Бұл жерде тарих сырдың сыбырыбар
Бабалар тұлпарының дүбірі бар.
Бүл жерде Жамбыл жакем өлең айтқан
Өнердің ақыңдықтың тұғыры бар.
Қайырмасы:
Ай үш - қоңырым туған жерім
Рахым нұры қонған жерім.
Ай үш - қоңырым тау бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің.
3. Шыңдары Төле бидің қалпағындай
Жазира жасыл әлем алқабындай.
Жуасы, қарақаты, бүлдіргені
Әжемнің шекер қосқан талқанындай
Қайырмасы:
Ай үш - қоңырым туған жерім
Рахым нұры қонған жерім.
Ай үш - қоңырым тау бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің.
4. Көрінер сонадайдан анық маған
Шыңында қырандары қалықтаған.
Қыранның самғауына құмар қалып
Туыпты ұландарын алып далам
Қайырмасы:
Ай үш - қоңырым туған жерім
Рахым нұры қонған жерім
Ай үш - қоңырым тау бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің
другие статьи
-
Казахская игра тогызкумалак распространяется в Корее
9 ноября, 9:14 -
Soyle со мной
25 мая, 12:44 -
Мемлекеттік тілді талап ететін уақыт жетті – Тіл комитетінің төрағасы
26 сентября, 10:56 -
В КОМАНДИРОВКЕ / ІССАПАРДА
8 сентября, 9:38