Слабовидящим
Поиск

Слушаем (песни с текстами)

Роза Рымбаеваның орындауындағы әндер

23 апреля, 10:20

Айгөлек 

 

__-_1.mp3

Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында

Кемерінен шалықтап,

Асып шатқан шағында

Ойын ойнап, ән салмай

Өсер бала болар ма

Күміс күлкі көрмей ол

Кемеліне толар ма.

 

Айгөлек ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айгөлек деп ән шырқа

Ел бөбегі кел, бөбек. 2 рет

 

Асыл сөздің ұстасы-

Ақын болар ұрпақпыз

Өнер, білім, еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз

Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз,

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз.

 

Айгөлек ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айгөлек деп ән шырқа

Ел бөбегі кел, бөбек. 2 рет 

Әлия 

 

__-_2.mp3

Қобда, Нева суларын сүйіп өскен

Әсем гүлін құшаққа жиып өскен

Аққу құстың бейнебір баласындай

Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен

 

Әлия - ару қызы сен халқымның

Әлия - батыр қызы сен халқымның

Ерке құсы сен даламның!

 

Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан

Саған күнде қызыққан мөлдір аспан

Саған күнде жазылған көркем дастан

Саған күнде құшағын көктем ашқан

 

Әлия - ару қызы сен халқымның

Әлия - батыр қызы сен халқымның

Ерке құсы сен даламның!

 

Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық

Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып

Туған жердің төсінде мәңгілікке

Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып

 

Әлия - ару қызы сен халқымның

Әлия - батыр қызы сен халқымның

Ерке құсы сен даламның! 

Атамекен

 

__-_3.mp3

Кең ДАЛАМ!

Толғанайын, толғайын,

ДОМБЫРАМ!

Қолға алайын, жырлайын,

Қазағымның даласындай!

Көзімнің қарасындай,

Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!

ТЕҢІЗДЕЙ!

Тебірендім, тербедің,

САПАРДА!

Сағынышым сен менің,

Дүние-ай сырларындай,

Мөлдіреп тұнғанындай,

Сағындым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!

Сағыныш мұңдарындай,

Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!

 

Бақыт тұнған күндер-ай!

Жұлдыз тамған түндер-ай!

Өзің куә өмірде,

Кімдер өтті,

Кімдер-ай!

АТАМЕКЕН-АЙ!

ҒАЖАП-АУ!

АТАМЕКЕН ғаламат,

БІР САҒАН!

Тағдырымыз аманат,

Қымбатты – даламыздай,

Сымбатты – анамыздай,

Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!

Арымдай – тірегімдей,

Жанымдай – жүрегімдей,

Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ! 

Бипыл 

 

__-_4.mp3

Асау кер ат жүрмейді шалдыққан соң

Еркін даусым келмейді қарлыққан соң

 

Ақау, тәнім-ай

Талма менің жаным-ай

Ей, күлди-күлди күнжан-ай

Күнде базар үйім-ай

Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай

Тартша құрбым бір күйді-ай

 

Біздің Бипыл жүр ме екен аман-есен

Бейнетімді ұмытам сені көрсем

 

Ақау, тәнім-ай

Талма менің жаным-ай

Ей, күлди-күлди күнжан-ай

Күнде базар үйім-ай

Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай

Тартша құрбым бір күйді-ай

 

Жылқы бағып жарың жүр құба жонда

Жаным Бипыл, ұмытпа, мені десең!

 

Ақау, тәнім-ай

Талма менің жаным-ай

Ей, күлди-күлди күнжан-ай

Күнде базар үйім-ай

Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай

Тартша құрбым бір күйді-ай

Бір бала

 

__-__.mp3

Талдан таяқ жас бала таянбайды

Бала бүркіт түлкіден аянбайды

 

    Угай-ай

    Ән салшы-ай

    Бір бала-ай

    Қос етек бұраң бел

    Қуалай соғар қоңыр жел

 

Елдің көркі, ақ тоты бір баласың

Қай дұшпан көзі қиып жамандайды

 

    Угай-ай

    Ән салшы-ай

    Бір бала-ай

    Қос етек бұраң бел

    Қуалай соғар қоңыр жел

 

Айналайын қарағым келдің қайдан

Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан

 

    Угай-ай

    Ән салшы-ай

    Бір бала-ай

    Қос етек бұраң бел

    Қуалай соғар қоңыр жел

 

Мекеніңді қарағым айтып қойшы

Жат болмағы адамның осындайдан

 

    Угай-ай

    Ән салшы-ай

    Бір бала-ай

    Қос етек бұраң бел

    Қуалай соғар қоңыр жел 

Заман-ай

 

__-_-6.mp3

Ұлдарыңның қайда кеткен құрығы,

Қыздарыңның қайда кеткен бұрымы?

Мейiрiмге зарықтырған заман-ай,

Заман-ай, заман-ай,

Туған жердiң лайланды-ау тұнығы.

 

Қайран елiм, қайран жерiм қор болған,

Жомарттығы сор болған-ай,

Жарылыстан көз ашпаған далам-ай.

 

Қираттық та ата-баба мазарын,

Қасiреттiң тарттық ендi азабын.

Қоң етiңдi ойып берген, заман-ай,

Заман-ай, заман-ай,

Көсiлетiн көрпең қайда, қазағым?

 

Қайран елiм, қайран жерiм қор болған,

Жомарттығы сор болған-ай,

Жарылыстан көз ашпаған далам-ай.

 

Неге бiздер у iшемiз суаттан,

Неге бiздер ажыраймыз тұяқтан?

Туған жердi тоздырғанша, заман-ай,

Заман-ай, заман-ай,

Неге жерге кiрмеймiз бiз ұяттан?

 

Қайран елiм, қайран жерiм қор болған,

Жомарттығы сор болған-ай,

Жарылыстан көз ашпаған далам-ай.

Көктем шақырады

 

__-__7.mp3

1. Елестеттім көктемді гүл ашқан,

Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан.

Алыстарға жетеле, еремін.

Сені ғана бақыт деп сенемін.

 

Қ-сы:

Арманымдай алдағы,

Ақ шуақтай таңдағы,

Аялай бер арманым, аялай бер!

Сандуғаштар жырлаған,

Көктемдерге бір барам,

Шақырады біздерді көгорай бел!

 

2. Қолыңды бер, жатсынба, арманым,

Сәуледей боп аяла таңдағы.

Шақырады жас көктем гүлімен,

Шақырады жасыл бақ жырымен.

Қ-сы 

 Куә бол 

 

__-__8.mp3

Көзімді жұмсам да көрем сені

Еседі арманның қоңыр желі

Куә бол, Алатау, бақытыма

Куә бол, көк терек көлеңкелі

 

Куә бол, жұлдыз

Куә бол, Айым

Куә бол, Алатауым!

 

Көп іздеп мен бүгін оны таптым

Бастадым бір әнін махаббаттың

Ақ қайың аялап арманымды

Куә боп, көк өзен, күліп жаттың

 

Куә бол, жұлдыз

Куә бол, Айым

Куә бол, Алатауым!

 

Куә бол, жұлдыздар, жымыңдасқан

Куә бол, аппақ Ай, ашық аспан

Алданба жүрегім енді қайтып

Арманға кезінде есік ашқан

 

Куә бол, жұлдыз

Куә бол, Айым

Куә бол, Алатауым! 

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!