Полезно знать
Сапарың сәтті болсын / Да будет удачной твоя поездка, материал к 29 уроку
24 июня, 19:34ЖОЛ /ДОРОГА
Один из важных примет и суеверий в жизни казахов-кочевников связан с дорогой. Путника никогда не спрашивали - "куда направляешься?", однако пожелать путнику удачной дороги, напутствовать и благословить его добрым словом считается обязательным. Не принято возвращаться с середины пути.
Обычные пожелания в дорогу – Сапарың сәтті болсын ([да будет удачной твоя поездка), ҚАЙЫРЛЫ ҚАДАМ БОЛСЫН [да благословенен будет твой шаг], ЖОРЫТҚАНДА ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖОЛДАСЫҢ ҚЫДЫР БОЛСЫН [пусть удача сопутствует тебе в пути, пусть святой Қыдыр будет твоим товарищем].
Жол атаулары
Жол – ерсілі-қарсылы адам мен көлік жүруге, жүк тасуға, пайданылатын құрлық бетіндегі қатынас жолдарының жалпы атауы.
Айдау жол – кең, көп жүрілген жол.
Айрық жол – екіге, үшке айрылған жол.
Арба жол – көлік жеккен арба жол.
Аспа жол – аңғар үстінен асылдыра салған ілме жол.
Асу жол – тау жотасын, биік қыратты басып өтер өрлі жол.
Әуе жолы – ұшақтар жолы.
Даңғыл жол – сайрап жатқан тегіс, тақтақ жол.
Жалғыз аяқ жол – жаяу және салт атты адам жүретін соқпақ.
Жал жол – қыр үстіндегі жалғыз аяқ жол.
Жым – аңдар жүретін жол.
Күзер жол – кең жол.
Күрең жол – кең даңғыл жол.
Күре жол – негізгі бастау жол.
Қаптал жол – қатар жарыса түскен жол.
Қара жол – арба жүретін ескі үлкен жол.
Қасқа жол – айқын түзу жол.
Қоян жымындай жол – ирек, жықпылды, бұрылысы көп сүрлеу.
Сайрақ – ұзақ сүрі, күре жол.
Сар жол – қашық жол.
Соқпақ – адам, мал жүріп әбден тапталған жалғыз аяқ жол.
Сүрлеу – көптен бері жүрілмеген көмескі жол.
Сорап – ескі жолдың есімі.
Су жолы – кеме жолы.
Табан жол – жалғыз аяқ, сүрлеу, соқпақ.
Таптаурын жол – жүре-жүре тапталған ескі жол.
Тастақ жол – ұсақ қиыршық тасты жол.
Темір жол – пойыз жолы.
Торап – жолдардың тоғсқан түйілісі.
Төте жол – тура, жақын жол.
Ұлы жол – үлкен маңызды жол.
Шана жол – шана жүретін қарлы жол.
Шатқалды жол – тар қыспақты аңғардағы жол.
Шытырман жол – бірін-бірі кесіп өткен айқыш-ұйқыш жол.
другие статьи
-
ТЕЛЕФОНМЕН СӨЙЛЕСУ / РАЗГОВОР ПО ТЕЛЕФОНУ
5 апреля, 3:07 -
Қазақ тілін онлайн режимде үйрететін сайтқа сұраныс артқан
9 августа, 0:21 -
Американская группа исполнила мелодию Абая «Айттым Салем, Каламкас»
20 сентября, 11:34 -
Шерхан Мұртаза. Жүрекке әжім түспейді (әңгіме)
29 июня, 23:35 -
Назарбаев университетіне түсу үшін қандай емтихан тапсыру керек?
4 ноября, 11:12