Слабовидящим
Поиск

Говорим (аудио разговорники)

БОС УАҚЫТ / СВОБОДНОЕ ВРЕМЯ

5 апреля, 3:14

 

bosuaqytb.mp3

 

1-Тапсырма

бос уақыт – свободное время
кітап оқу – читать книгу
ел – страна, ұнату – нравиться
жақсы көру – любить
теңіз – море, суға түсу – купаться
дәстүр – традиция, саяхат – путешествие

 

2-Тапсырма

бос уақыт – свободное время
менің бос уақытым – моё свободное время
ел – страна, бейтаныс ел – незнакомая страна
теңіз – море, теңіздің жағасы – побережье моря
ұнату – любить, нравиться
кітап оқығанды ұнату – любить читать книги
демалғанды ұнату – любить отдыхать
танысу – знакомиться, елмен танысу – знакомство со страной
адамдармен танысу – знакомство с людьми
дәстүрімен танысу – знакомство с традициями

 

3-Тапсырма

- Сәуле, осы демалыста Сергей, Александр, Камила бесеуіміз теңіз жағасына демалуға барайық? – Сауле, давайте с Сергеем, Александром, Камилой, впятером поедем отдыхать на море.
- Александр не дейді? – А как на это посмотрит Александр?
- Мен әрине қоштаймын. – Я конечно согласен.
Мен теңіз жағасында демалғанды ұнатамын. – Я люблю отдыхать на море.
Теңіз, толқын, таза салқын ауа. – Море, волны, чистый холодный воздух.
- Мен өзіммен бірге кітабымды ала барамын. – Я с собой возьму книгу.
- Мен бос уақытымда кітап оқығанды ұнатамын. – В свободное время я люблю читать книги.

- Сергей, сен неге суға түспейсің? – Сергей, почему ты не купаешься?
Әлде жүзе білмейсің бе? – Или ты не умеешь плавать?
- Мен теңізді жақсы көремін. Бірақ мен суықты жақтырмаймын. – Мне нравится море, но я не люблю холод.
- Менің арманым бейтаныс елдерге саяхат жасау. – Моя мечта – совершить путешествие в незнакомые страны.
- Өзге елдің адамдарымен, дәстүрімен, елімен танысу. – Знакомиться с разными людьми, традициями, странами.
- Сен әсіресе қай елге барғанды қалайсың? – А в какие страны ты бы хотел совершить путешествие?
- Менің Мысырға барғым келеді. – Я хочу в Египет.
- Ол жақта ыстық, құм, пирамидалар. – Там жарко, песок, пирамиды.
- Сергей, сен теңіздің жағасында тұрсың, ұмытпа. – Сергей, ты сейчас на берегу моря, не забывай.
- Арманыңа да жетерсің. – Да сбудется твоя мечта.
- Немене? Ә... иә... – Что? А... да.

 

4-Тапсырма

- Мен теңіз жағасында демалғанды ұнатамын. – Я люблю отдыхать на море.
Теңіз, толқын, таза салқын ауа. – Море, волны, чистый холодный воздух.

- Ал мен теңізді жақсы көремін. Бірақ мен суықты жақтырмаймын. – А мне нравится море, но я не люблю холод.
Менің арманым бейтаныс елдерге саяхат жасау. – Моя мечта – совершить путешествие в незнакомые страны.
Өзге елдің адамдарымен, дәстүрімен, елімен танысу. – Знакомиться с разными людьми, традициями, странами.

- Біз осы демалыста Сәуле, Сергей, Александр, Камила және мен бесеуіміз теңіз жағасына демалуға барамыз. – Мы: Сауле, Сергей, Александр, Камила и я, в эти выходные впятером поедем отдыхать на море.
Мен өзіммен бірге кітабымды ала барамын. – Я с собой возьму книгу.
Мен бос уақытымда кітап оқығанды ұнатамын. – В свободное время я люблю читать книги.

 

5-Тапсырма

- Мен теңіз жағасында демалғанды ұнатамын. – Я люблю отдыхать на море.
Теңіз, толқын, таза салқын ауа. – Море, волны, чистый холодный воздух.

- Ал мен теңізді жақсы көремін. Бірақ мен суықты жақтырмаймын. – А мне нравится море, но я не люблю холод.
Менің арманым бейтаныс елдерге саяхат жасау. – Моя мечта – совершить путешествие в незнакомые страны.
Өзге елдің адамдарымен, дәстүрімен, елімен танысу. – Знакомиться с разными людьми, традициями, странами.

- Біз осы демалыста бесеуіміз теңіз жағасына демалуға барамыз. – Мы впятером в эти выходные поедем отдыхать на море.
Мен өзіммен бірге кітабымды ала барамын. – Я с собой возьму книгу.
Мен бос уақытымда кітап оқығанды ұнатамын. – В свободное время я люблю читать книги.

 

6-Тапсырма

- Сіз қай жерде демалғанды ұнатасыз? – Где вы любите отдыхать?
- Сіз жүзе білесіз бе? – Вы умеете плавать?
- Сіз қай елге барғанды қалайсыз? – Вы куда хотите поехать?
- Сіз бос уақытыңызды қалай өткізесіз? – Как вы проводите свободное время?
- Сіз нені ұнатасыз? – Что вы любите?


Издательство: Республиканский Центр ускоренного обучения государственного языка при Комитете по языкам Министерства Культуры и Информации Республики Казахстан, 2007
Авторы: Б.Б. Белгара, Н.Ж. Курманова, Ж.М. Бектурганова, Л.Т. Айтпанова

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!