Пишем
Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний ( Н )
5 марта, 4:10Сборники Рауля Керимбаева – это живая разговорная речь, они отличаются от от всех других сборников, в которых собраны стандартные фразы по различным темам.
Краткий русско-казахский сборник фраз и устойчивых словосочетаний
В быту, Н
На берегу святого Иртыша. | Қасиетті Ертіс жағасында. |
На всех трудно угодить. | Жұрттың бәріне жағу қиын. |
На женщину и голос повысить – преступление. | Әйелге дауыс көтеру де қылмыс. |
На казахском языке. | Қазақ тілінде. |
На какое число ты взял обратный билет? | Қайтар билет қай күнге алдың? |
На какой срок привезли ребёнка? - Пусть останется на пару недель. Ненадолго. |
Баланы қанша уақытқа алып келдіңдер? - Бір-екі апта қала тұрсың. Көп емес. |
На каком этаже Вы живёте? - На третьем этаже. |
Сіз нешінші қабатта тұрасыз? - Үшінші қабатта. |
На кого ты хочешь нас оставить? | Бізді кімге тастап кеткің келеді? |
На колени! Встань на колени и признайся. | Тізерле! Тізерлеп отыр да мойында. |
На людей ему наплевать. | Оның адамдарға түкіргені бар. |
На наш вопрос он не сказал ни «да, ни «нет». | Сұрағымызға не «иә» демеді, не «жоқ» демеді. |
На небе одна звезда радостно улыбается. | Аспанда бір жұлдыз жымың-жымың етеді. |
На нём белая рубашка, чёрные брюки. | Үстінде ақ көйлек, бұтында қара шалбар. |
На них никогда нельзя надеяться. | Олардан ешқашан үміт күтуге болмайды. |
На память. | Естелік ретінде. 2. Естелікке. |
На поставленный Ваш вопрос точный ответ дать не могу. | Қойылған сұрағыңызға нақты жауап бере алмаймын. |
На работу я не устроился. | Мен жұмысқа орналасқан жоқпын. |
На рыбалку пойдёшь? | Балық аулауға барасың ба? |
На себя посмотри! | Өзіңе қарап ал! |
На сегодня хватит. | Бүгінге жетер. |
На сегодняшний день. | Бүгінгі таңда. |
На старости лет твой отец с ума сходит. | Қартайғанда әкең құтырып жүр. |
На сто долларов будешь спорить? | Жүз долларға бәстесесің бе? |
На улице дует сильный ветер. | Далада қатты жел соғып тұр. |
На улице идёт дождь. | Далада жаңбыр жауып тұр. |
На улице не отхаркивайся, стыдно будет! | Көшеде қақырықтап түкірме, ұят болады! |
На экзамене «двойку» получил что ли? | Емтиханнан «екі» алып қалдың ба? |
На этом всё. | Осымен бітті. |
На этот раз будет по-другому. | Осы жолы басқаша болады. |
На этот раз поступили правильно. | Осы жолы дұрыс істедік. |
На, возьми, и исчезни! | Мә, ал да, көзіңді жоғалт! |
На, возьми, тебе гостинцы. | Мә, ал, саған базарлық. |
На, держи. | Мә, ұста. |
Наверное, успеем. | Үлгеретін шығармыз. |
Наглая ложь. | Арсыз өтірік. |
Над чем смеёшься? | Несіне күлесің? |
Надвигается буря. | Боран келе жатыр. |
Надеюсь, что Бог поможет. | Құдай көмектесер деп үміттенемін. |
Надеюсь, что ничего не случилось. | Ештеңе болмаған болар деп үміттенемін. |
Надо всё хорошо обдумать. | Бәрін жақсылап ойластыру керек. |
Надо найти выход из этого положения. | Бұл жағдайдан шығатын жол іздеу керек. |
Надо пойти, а то стыдно будет. | Ұят болады, бару керек. |
Надо сходить в магазин. | Дүкенге бару керек. |
Надоело сидеть дома, решил немного развеяться. | Үйде отырудан жалықтым, біраз бой сергітіп қайтайын дедім. |
Найдётся какой-нибудь выход, не переживай. | Бір амалы табылар, уайымдай берме. |
Найми частного репетитора. | Жеке үйретуші жалда. |
Накажите его, как следует. | Жақсылап жазасын беріңдер. |
Наклонись-ка, я скажу тебе кое-что на ушко. | Еңкейші бері, құлағына бірдеңе айтайын. |
Нам лучше не общаться. | Араласпағанымыз дұрыс болады. 2. Алыстан сыйласқан дұрыс. |
Нам лучше уйти. | Кеткеніміз дұрыс болады. |
Нам надо их поддержать. | Оларға демеу болайық. |
Нам надо найти тебе помощника. | Саған көмекші табуымыз керек. |
Нам не было легко. | Бізге оңай болған емес. |
Нам не нужны лишние разговоры. | Бізге артық әңгіме керек жоқ. |
Нам не повезло. | Жолымыз болмай қойды. |
Нам никто и ничто не может помешать. | Бізге ешкім де, ештеңе де кедергі жасай алмайды. |
Нам нужна Ваша помощь. - Как я могу вам помочь? | Бізге Сіздің көмегіңіз керек. - Сіздерге қалай көмектесе аламын? |
Нам нужно всё привести в порядок. | Бізге бәрін реттеу керек. |
Нам нужно ко всему быть готовым. | Біз барлығына дайын болуымыз қажет. |
Нам нужно снова всё повторить. | Біз бәрін қайта қайталауымыз керек. |
Нам нужно уходить. | Кетуіміз керек. |
Нам нужно хорошо подумать. | Бізге жақсылап тұрып ойлану керек. |
Нам нужно что-то делать? Времени мало. | Бірдеңе істемесек болмайды. Уақыт тығыс. |
Нам посредники не нужны. | Бізге делдалдар керек емес. |
Нам с ними не по пути. | Біздің жолымыз бөлек. |
Напала икота. | Ықылық тиіп қалды. |
Напомни мне, пожалуйста. | Есіме түсірші. |
Напрасно ты сделал! | Бекер істегенсің! |
Напугал же ты! У меня сердце чуть не остановилось. | Шошыттың ғой! Жүрегім тоқтап қала жаздады. |
Нас много. | Көппіз. |
Нас обманули. | Бізді алдапты. |
Нас свела судьба. | Бізді тағдыр қосты. |
Настало время переходить от слов к делу. | Сөзден – іске көшетін уақыт келді. |
Настоящий мужчина, если пообещал, обязательно исполнит. | Нағыз жігіт уәде берсе, міндетті түрде орындайды. |
Начихать мне на тебя. | Пысқырмаймын мен саған. |
Наш сосед хороший человек. | Біздің көршіміз жақсы адам. |
Наша жизнь уничтожена. | Өміріміз құр талқан болды. |
Наше время истекло. | Бізге бөлген уақыт аяқталды. |
Нашёл дурака! | Тапқан екенсің ақымақты! |
Нашёл кого помочь. | Көмектесетін адамды тапқан екенсің. |
Наши дети выросли. | Біздің балалар өсіп қалыпты. |
Наши с ним дороги разошлись. | Екеуміздің жолымыз екі айырылды. |
Не забудь выпить лекарство. | Дәріні ішуді ұмытпа. |
Не балуйте его. | Оны еркелете бермеңдер. |
Не бегай туда-сюда. Ты же вспотеешь. | Әрі-бері жүгірме. Терлейсің ғой. |
Не беси меня. | Жыныма тиме. |
Не беспокой меня, пожалуйста! | Мазамды алмашы! 2. Мені мазалай бермеші! |
Не беспокойся об этом. | Оған алаң болма. |
Не беспокойтесь! | Әуре болмай-ақ қойыңыз! |
Не бойся ничего. | Ештеңеден қорықпа. |
Не бойся, когда я с тобой. Я с ними сам поговорю. | Мен тұрғанда қорықпа. Олармен өзім сөйлесемін. |
Не бойся, я есть, я возле тебя. | Қорықпа, мен бармын, мен сенің жаныңдамын. |
Не бойся, я рядом с тобой. | Қорықпа, мен сенің қасыңдамын. |
Не бойся. У меня нет плохих намерений. | Қорықпа. Менің бөтен ойым жоқ. |
Не болейте, потеплее одевайтесь! | Ауырмаңыздар, жылы киініп жүріңіздер! |
Не болтай много, пожалуйста. | Көп сөйлемеші. |
Не бросай хлеб на землю. | Нанды жерге тастама. |
Не будем его беспокоить. | Оның мазасын алмайық. |
Не будешь злиться, если я откажусь? - На что мне злиться? |
Бас тартсам, ашуланбайсың ба? - Неге ашуланайын? |
Не буду вас беспокоить. - Что Вы говорите? Какое беспокойство? |
Сендердің мазаларыңды алмаймын. - Ол не дегеніңіз? Қайдағы мазалағы алған? |
Не буду Вас мучить. | Сізді қинамай-ақ қояйын. |
Не буду называть имён. | Аттарын атамайық қояйын. |
Не буду тебя задерживать. | Сені бөгемеймін. |
Не будь глупцом. | Ақымақ болма. |
Не будь неряшливым. | Салақ болма. |
Не будь расточительным. | Ысырапқор болма. |
Не будь, как ребёнок. | Жас бала сияқты болма. |
Не было и не будет! | Болғанда емес, болмайды да! |
Не в деньгах счастье. | Бақыт ақшада емес. |
Не важничай. - Кто важничает? |
Бұлданбай-ақ қой. - Кім бұлданады? |
Не важно. | Маңызды емес. |
Не ведись на деньги. Не бери взятку. Не ври. Если будешь прочь от этого, я буду защищать тебя. | Ақшаға қызықпа. Пара алма. Өтірік айтпа. Осылардан аулақ болсаң, мен сені қорғаймын. |
Не верю своим глазам! | Өз көзіме өзім сенбей тұрмын! |
Не видите что ли? (мн.ч) | Көрмейсіңдер ме! |
Не вини себя. | Өзіңді кінәлама. |
Не вмешивай меня в это дело. | Мені бұл іске араластырма. |
Не вмешивайся в мои дела! | Менің шаруаларыма араласпа! |
Не вмешивайся в мою жизнь, пожалуйста. | Менің өміріме араласпашы. |
Не вмешивайся в мужские дела! | Еркектің жұмысына араласпа! |
Не вмешивайся в наши дела! - Буду вмешиваться. |
Біздің ісімізге араласпа! - Араласам. |
Не волнуйся, уже всё позади. | Қобалжыма, бәрі артта қалды. |
Не волнуйтесь, пожалуйста. | Абыржымаңызшы. |
Не ври, пожалуйста. | Өтірік айтпашы. |
Не всё так просто. | Бәрі соншалықты оңай емес. |
Не выводи меня из себя. | Менің ызамды келтірме. |
Не вынуждай меня говорить. | Тілімді қышытпашы. |
Не выходи на сквозняк. | Жел өтіне шықпа. |
Не говори никому об этом, пожалуйста. | Ол туралы ешкімге айтпашы. |
Не говори о нём, пожалуйста. | Ол туралы айтпай-ақ қойшы. |
Не говори, что не знаешь. | Білмеймін деп айтпа. 2. Білмеймін деме. 3. Білмейтініңді айтпа. |
Не говори, что так не делал. | Осылай жасамадым деп айтпа. |
Не говорите все сразу! | Бәрі бірдей сөйлемеңдер! |
Не говорите так. | Олай демеңіз. |
Не говорите, пожалуйста, о невозможных вещах. | Болмайтын дүниені айтпаңызшы. |
Не говорите, что я не предупреждал! | Ескертпедім демеңіздер! |
Не горюй! | Мұңайма! |
Не горячись! | Қызбаланба! |
Не давай себя в обиду. | Есеңді жіберме. |
Не дави на меня. | Маған қысым жасама. |
Не дай Бог. | Құдай салмасын. |
Не делай вид, что не знаешь. | Өтірік білмегендей болмашы. |
Не делай вид, что не понимаешь. | Өтірік түсінбегендей болмашы. |
Не делай так. | Үйтпе олай. |
Не для детских ушей. | Балалар естімесін. |
Не доводи меня до греха. | Мені күнәға батырма. |
Не доставай, пожалуйста, меня с утра пораньше. | Таң сәріден мазамды алмашы. |
Не думай ни о чём. | Ештеңені ойлама. |
Не думайте об этом. | Бұл туралы ойламаңыз. |
Не ждите нас. | Бізді күтпеңіз. |
Не за что просить прощения. | Кешірім сұрайтын дәнемесі жоқ. |
Не забудь взять зонтик. | Қолшатырды алуды ұмытпа. |
Не забудь мою просьбу. | Менің өтінішімді ұмытып жүрме. |
Не забудь почистить зубы. | Тісіңді тазалауды ұмытпа. |
Не забудь пригласить на свою свадьбу. | Тойыңа шақыруды ұмытпа. |
Не забудь то, что я сказал тебе? | Мен айтқанымды ұмытпа? |
Не забывай меня. Ладно? | Мені ұмытпа. Жарай ма? |
Не забывайте после туалета помыть руки. | Дәретханадан кейін қолдарыңызды жууға ұмытпаңыздар. |
Не забывайте, кто я такой. | Менің кім екенімді ұмытпаңыз. |
Не заморачивайся. | Басынды ауыртпай-ақ қой. |
Не зарься на чужое. | Өзгенікіне үңілме. |
Не заставляй гостей работать. | Қонақты жұмсама. |
Не заставляй их ждать. | Күткізбе оларды. |
Не заставляй меня повторять. | Мені қайталауға мәжбүрлеме. 2. Мені қайталатқызба. 3. Маған екі рет айтқызба. |
Не заставляй нас волноваться. | Уайымдатпа бізді. |
Не защищай меня, это моя вина. | Мені қорғама, бұл менің кінәм. |
Не зевай, когда говоришь. | Сөйлеп тұрғанда есінеме. |
Не зевай, широко раскрыв рот. | Аузыңды қатты ашып есінеме. |
Не злословь никого понапрасну. | Біреуді орынсыз тілдеме. |
Не знаешь зачем он вызывает? | Ол неге шақырып жатыр білмейсің бе? |
Не знаю, какая кошка пробежала между вами. | Араларыңнан қандай ала мысық өтіп кеткенін білмеймін. |
Не играй в азартные игры, не кури, не пей спиртные напитки. | Құмар ойынмен ойнама, темекі шек-пе, арақ ішпе. |
Не издевайся надо мной. | Мені мазақ қылма. |
Не ищи проблем, сиди тихо. | Сау басына сақина тілеме, тыныш отыр. |
Не ищите меня. | Мені іздемеңіздер. |
Не каждый способен вынести такой груз. | Мұндай жүкті арқалау әркімнің қолынан келе бермейді. |
Не кричи, перед людьми стыдно. | Айғайлама, жұрттан ұят болады. |
Не кричи. Детей напугаешь. – Целый день про меня говоришь детям плохое, и настроила их против меня? |
Айқайлама. Балаларды шошытасың. – Күні бойы мені жамандап, балаларды маған қарсы қойғанбысың? |
Не кричите на меня и не «тыкайте». Я вам не мальчик! | Маған айқайламаңыз, сосын «сен» деп сөйлемеңіз. Мен сізге бала емеспін! |
Не кричите. | Айқайлай бермеңіз. |
Не лезь в мою жизнь. | Менің өміріме араласпа. |
Не ломайся, как девочка, пожалуйста! | Қыз сияқты майыспашы! |
Не меня, а тебя надо пожалеть. | Мені емес, сені аяу керек. |
Не могу забыть. | Ұмыта алмай жүрмін. |
Не могу заснуть. | Ұйықтай алмай жүрмін. |
Не могу найти. | Таба алмай жатырмын. 2. Таппай жатырмын. |
Не могу насмотреться. | Көзім тоймайды. |
Не могу передать словами. | Ауызбен айтып жеткізе алмаймын. |
Не могу сказать. | Айта алмаймын. 2. Айтуға аузым бармайды. |
Не можем найти. | Таба алмай жүрміз. |
Не может быть! | Мүмкін емес! |
Не можешь проснуться? | Ұйқыңды аша алмай жатырсың ба? |
Не мучай себя. | Қинама өзінді. 2. Өзіңді қинай берме. |
Не мысли так узко. | Сонша тар ойламасаңшы. |
Не надейся, денег нет. | Ақша жоқ, дәмеленбе. |
Не надо было врать. | Өтірік айтпау керек еді. |
Не надо было так делать. | Бұлай істемеу керек еді. |
Не надо на этом заморачиваться. | Оған бас қатырудың қажеті жоқ. |
Не надо огорчаться. | Қапаланудың қажеті жоқ. |
Не надо плакать. | Жылаудың қажеті жоқ. |
Не напоминай, пожалуйста. | Есіме түсірмеші. |
Не направляй нож, ружье на человека. | Адамға пышақ, мылтық кезенбе. |
Не начинай снова, пожалуйста. | Бастамашы тағыда. |
Не нужно быть наивным. | Аңқау болмау керек қой. |
Не нужно быть пессимистом. | Пессимист болмау керек. |
Не нужно желать кому-то несчастья. | Біреуге бәле тілемеу керек. |
Не нужно меня перебивать. | Сөзімді бөлудің қажеті жоқ. |
Не нужно сидеть дома взаперти. | Үйге қамалып отырудың қажеті жоқ. |
Не нужно так говорить. | Олай деудің қажетті жоқ. |
Не обижайся на пустяки. | Түкке тұрмайтын затқа ренжи берме. |
Не обижайся, пожалуйста. | Ренжімеші. |
Не обижайся, я не смогу пойти, нет настроения. | Ренжіме, мен бара алмаймын, көңілім болмай тұр. |
Не обижайтесь на меня. | Маған өкпелемеңіз. |
Не обманывай меня, пожалуйста. | Мені алдамай-ақ қойшы. |
Не обманывай сам себя. | Өз-өзіңді алдама. |
Не обманывай. | Өтірік айтпа. |
Не обращай на него внимания. | Оған көңіл аудармай-ақ қой. |
Не обращайте на меня внимание. | Маған назар аудармай-ақ қойыңыздар. |
Не огорчай меня. | Көңілім қайтарма. |
Не огорчайтесь, Бог даст, всё обойдётся. | Қамықпаңыз, Құдай оңдаса, бәрі жақсылықпен бітер. |
Не опоздай на уроки. | Сабаққа қалып қалма. |
Не оставляй нас в неведении. | Бізді хабарсыз қалдырма. |
Не отвлекай меня, сынок. | Мені мазаламашы, балам. |
Не откажи нам в одной просьбе. - Что это за просьба? | Біздің бір өтінішімізді жерге тастама. - Ол қандай өтініш? |
Не открывайте двери незнакомым людям. | Бейтаныс адамға есік ашпаңыздар. |
Не ошибись во второй раз! | Екінші рет қателесіп жүрме! |
Не пей из лужи. | Қақтың суын ішпе. |
Не перебивай меня, пожалуйста. | Сөзімді бөле бермеші. |
Не переживайте, всё будет, как надо. | Уайымдамаңыз, барлығы ойдағыдай болады. |
Не перечь мне. | Маған сөз қайтарма. |
Не плачь, пожалуйста, как маленькая девочка. | Жыламашы кішкентай қыз құсап. |
Не плачь. | Жылама. 2. Еңіреме. |
Не плюйся на улице. | Көшеде түкірме. |
Не повторяй же моих ошибок. | Қателерімді қайталамасаңшы. |
Не повторяйте моей ошибки. Пожалеете. | Менің қателігімді қайталамаңдар. Өкінесіңдер. |
Не подведи меня. | Мені ұятқа қалдырма. |
Не подумайте, что это правда. | Бұл шын деп ойлап қалмаңыз. |
Не подумайте, что я бессовестная женщина! | Мені арсыз әйел деп ойлап қалмаңыз! |
Не подумайте, что я не знаю про это. | Бұны білмейді екен деп ойлап қалмаңыз. |
Не позорь меня. | Мені масқара қылма. |
Не позорь себя. | Өзіңді масқара қылма. |
Не поймешь их. | Оларды түсіне алмайсың. |
Не показывай мне свой характер. | Мінезің көрсетпе маған. |
Не показывайте ребёнку. | Балаға көрсетпеңдер. |
Не получается. | Шықпай жатыр. |
Не по-моему желанию, а по необходимости. | Қалауыммен емес, қажеттіліктен. |
Не понимаю, что ты нашёл в этой женщине. | Сол әйелге не үшін қызыққаныңды түсіне алар емеспін. |
Не понял, повторите, пожалуйста. | Түсінбедім, қайталаңызшы. |
Не попадайтесь мне на глаза. | Көрінбеңіз көзіме. |
Не пора ли нам уходить? | Қайтпаймыз ба? |
Не порть нам настроение. – Не я порчу вам настроение. |
Көңіл-күйімізді түсірме. – Көңіл-күйлеріңді түсіретін мен емеспін. |
Не портьте себе нервы понапрасну. | Өзіңіздің жүйкелеріңізді бостан босқа тоздырмаңыздар. |
Не преувеличивай. | Асыра сілтеме. 2. Әсірелеме. |
Не приближайся! | Жолама! |
Не приближайтесь ко мне. | Маған жақындамаңыздар. |
Не приведи Господь! | Құдай басқа салмасын! |
Не придавай значения, я просто так сказал. | Мән берме, мен жай айта салдым. |
Не придавай значения. | Мән бермей-ақ қой. |
Не прикидывайся дурачком. | Өзіңді ақымақтыққа салма. |
Не прикидывайся простачком. | Аңқаусыма. |
Не принимайте близко к сердцу. | Жүрекке жақын алмаңыз. |
Не проспи завтра. | Ертең ұйықтап қалып жүрме. |
Не проходите мимо. | Жанынан қарамай өтпеңіз. |
Не пугай. | Қорқытпа. |
Не пугайте меня так! | Өйтіп мені шошытпаңыз! |
Не пугайте меня так, пожалуйста! | Өйтіп, мені шошытпаңыз! |
Не разговаривай с пьяными людьми и попрошайками. | Қайыршы және мас адаммен сөйлеспе. |
Не раздувай грудь. | Көкірегіңді керме. |
Не разобравшись, не говори. | Түсінбей сөйлеме. |
Не разрушай свою жизнь. | Өміріңді бұзба. |
Не распыляйся на мелочи. | Болмашыға тоздырма. |
Не расстраивай меня. | Менің көңілім түсірме. |
Не расстраивайся. | Көңілді түсірме |
Не робей, пожалуйста. | Жасқанбашы. |
Не ругай ребенка. | Ұрыспа балаға. |
Не сводите меня с ума. Говорите уже. | Мені жынды қылмаңдар. Айтыңдар енді. |
Не сглазить бы мне! | Көзім тимесін! |
Не сердитесь на меня. | Маған ренжімеңіз. |
Не сиди на сквозняке. | Желдің өтінде отырма. |
Не сиди сложа руки, работай. | Қол құсырып отырмай, жұмысыңды істе. |
Не скучай. – Не буду скучать. |
Зерігіп қалма. – Зерікпеймін. |
Не следи за мной. | Мені аңдыма. |
Не слушай никого! | Ешкімді тыңдама! |
Не слушай эту самовлюбленную женщину. | Бұл өзімшіл әйелді тыңдама. |
Не смей никому говорить. | Ешкімге айтушы болма. |
Не смей плакать! | Жылаушы болма! |
Не смей приближаться ко мне. | Маған жақындаушы болма. |
Не смейся беспричинно. | Ырбыңдама. |
Не смейтесь, пожалуйста. | Күлмей-ақ қойыңызшы. |
Не сожалей о прошлом. | Өткенге өкінбе. |
Не создавай проблем, пожалуйста. | Қиындық туғызбашы. |
Не сомневайся. | Күмәнің болмасын. 2. Күмәнданба. |
Не сори! | Ластама! |
Не спится? | Ұйқың келмей жатыр ма? |
Не спорь, не говори крепких слов. | Дауласпа, қатты сөз айтпа. |
Не спорьте! – Мы не спорим. |
Айтыспаңдар! – Біз айтыспаймыз! |
Не спрашивай ничего лишнего. | Артық ештеңе сұрама. |
Не стесняйтесь, будьте как дома. | Қысылмаңыз, өз үйіңіздей көріңіз. |
Не стоило беспокоиться. – Мы не беспокоились. |
Әуре болмай-ақ қою керек еді. – Әуре болмаған жоқпыз. |
Не стоит просить прощения, Вы ведь ученик. А ученики ошибаются. | Кешірім сұраудың қажеті жоқ, сіз оқушысыз. Ал оқушылар қателеседі. |
Не стой над душой, пожалуйста. | Көз алдымда көлбеңдемеші. |
Не стойте на входе. Проходите. | Кіреберісте тұрмаңдар. Кіріңіздер. |
Не стони. | Ыңырси берме. |
Не стучи. | Тарсылатпа. |
Не суетись зря. | Босқа әбігерленбе. |
Не суй нос куда не надо. | Кіріспейтін жерге кіріспе. |
Не суй палец в нос. – Не ковыряйся в носу. |
Саусағыңды мұрныңа тықпа. – Мұрныңды шұқыма. |
Не считай меня чужим. | Мені өзге деме. |
Не теряй время. | Уақыт жоғалтпа. |
Не торопись уходить. | Кетуге асықпа. |
Не торопитесь, пожалуйста. | Асықпаңызшы. |
Не трать напрасно деньги. | Ақшаңды бос шағындама. |
Не тратьте на это свои нервы. У меня самого уже сдают нервы. | Осыған бола жүйкеңізді ауыртпаңыз. Өзімнің жүйкем де жұқарып бітті. |
Не трогай, маникюр сломаешь. | Ұстамашы, маникюрді құртасың. |
Не трогайте его! | Тимеңдер оған! 2. Тиіспеңдер оған! |
Не унижай себя, пожалуйста. | Өзіңді қорлай бермеші. |
Не усложняй жизнь. | Өмірді қиындатпа. |
Не успел глазом моргнуть, как год прошёл. | Көзді ашып-жұмғанша бір жыл арта қалды. |
Не успел спросить. | Сұрауға үлгермедім. |
Не уходите с пустыми руками, возьмите. | Құр кетпеңіз, алыңыз. |
Не хитри. | Құлық жасама. |
Не ходи босиком. | Жалаң аяқ жүрме. |
Не хочу и думать. | Ойлағым де келмейді. |
Не шали! | Тентек болма! |
Небо усеяно звездами. | Аспан жұлдызға толы. |
Невоспитанные дети. | Тәрбиесіз балалар. 2. Үйлерінде тәрбие көрмеген балалар. |
Невоспитанный ребёнок. | Көргенсіз бала. |
Недостатков нет. | Мін жоқ. |
Некогда с тобой возиться. | Сенімен айналысатын уақыт жоқ. |
Нелегко быть матерью. | Ана болу оңай емес. |
Нельзя всех обвинять. | Бәріне топырақ шашуға болмайды. 2. Жұрттың бәрін кінәлауға болмайды. |
Нельзя играть со спичками. | Сіріңкемен ойнауға болмайды. |
Нельзя не выпить. | Ішпесе болмас. |
Нельзя переходить дорогу перед старшими. | Үлкен кісінің жолын кесіп өтуге болмайды. |
Нельзя показывать язык | Тілді шығармайды. |
Нельзя потягиваться при людях. | Адамға қарап керілмейді. |
Нельзя сидеть сложа руки. | Қол қусырып отыруға болмайды. |
Нельзя ставить на хлеб что-то другое. | Нанның үстіне басқа нәрсе қоймайды. |
Нельзя так говорить. | Олай айтуға болмайды. |
Немедленно уходи из этого дома. | Дереу бұл үйден кет. |
Ненавижу нытиков. | Сарнауықтарды жек көремін. |
Необдуманный ответ | Ойланбай берілген жауап. |
Необдуманный поступок. | Ойланбай істелген қылық. |
Неразлучная пара. | Айырылмайтын жұп. |
Несколько дней. | Бірер күн. |
Несколько лет тому назад. | Бірнеше жыл бұрын. |
Несмотря на это, ты хочешь, чтобы он остался? | Соған қарамастан, оның қалғаның қалаймысың? |
Несомненно так! | Әлбетте солай! |
Нет вдохновения. | Шабыт жоқ. |
Нет возможности приехать. | Келіп кететін жағдай жоқ. |
Нет ничего интересного. | Қызық дәнеме жоқ. |
Нет ничего лучше горячей ванны. | Ыстық ваннадан артық ештеңе жоқ. |
Нет ничего лучше семьи. | Отбасыдан артық ештеңе жоқ. |
Нет пользы от сожаления. | Өкінгеннен пайда жоқ. |
Нет такого человека, как мой отец. | Менің әкемдей адам жоқ. |
Нет у вас ни совести, ни жалости. | Сендерде ұят та, аяу да жоқ. |
Нет, ничего важного. | Жоқ, маңызды ештеңе емес. |
Нет, он ничего не сказал. | Жоқ, ол ештеңе айтқан жоқ. |
Нет, так больше жить нельзя. | Жоқ, бүйтіп өмір сүруге болмас. |
Нет, ты неправильно понял! | Жоқ, сен қате түсіндің! |
Неудачный шаг. | Сәтсіз кадам. |
Неудобно отказать им. | Олардан бас тартқан ыңғайсыз. |
Нечего надеть… | Киетін түк жоқ… |
Нечего сказать. | Айтар ештеңе жоқ. |
Нечувствительный человек. | Тебіренбейтін адам. |
Ни о чём не думайте. | Ештеңе ойламаңыз. |
Ни с кем не спорь и не дерись. | Біреумен ерегісіп төбелесуші болма. |
Нигде не смог найти. | Еш жерден таба алмадым. |
Никакие родители не пожелают, чтобы их ребенок стал плохим. | Еш ана-ата балам жаман болсын демейді. |
Никаких изменений нет. | Ешқандай өзгерсіз жоқ. |
Никаких проблем нет? | Ешқандай қиындық жоқ па? |
Никакой он мне не друг. | Ол ешқандай менің досым емес. |
Никогда нам это не изменить. | Ешқашан мұны біз өзгерте алмаймыз. |
Никогда не говорите ложь. | Ешқашан жалған сөйлемеңдер. |
Никогда не позволяй себя унижать. | Ешқашанда өзіне қорлауға жол берме. |
Никогда не сомневайся. | Ешқашанда күмәнданба. |
Никого не видел. | Ешқайсысын көрмедім. |
Никому верить нельзя. | Ешкімге сенуге болмайды. |
Никому не говори, что видел меня. Ладно? | Мені көргеніңді ешкімге айтпа. Жарай ма? |
Никому не скажешь? | Ешкімге айтпайсың ба? |
Никому ничего не говори. | Ешкімге ештеңе айтпа. 2. Ешкімге ештеңе деме. |
Никому ничего не объясняй. | Ешкімге ештеңе түсіндірме. |
Никто его не заменит. | Ешкім оның орнын толтыра алмайды. |
Никто же не запрещает. | Ешкім тыйым салмайды ғой. |
Никто же тебе не мешает. | Саған ешкім кедергі жасап отырған жоқ қой. |
Никто лично мне не говорил. Но такое мнение я слышал. | Бетіме келіп айтқан адамдар болған жоқ. Бірақ бұндай пікірді мен естігенмін. |
Никто не заподозрит. | Ешкім күдіктене қоймайды. |
Никто не пришёл. | Ешкім келмеді. |
Никто не сравнится с ним. | Оған ешкім тең келе алмайды. |
Никто не хочет дружить со мной. | Ешкім менімен дос болғысы келмейді. |
Никто ничего не знает. Не переживай. | Ешкім ештеңе білмейді. Уайымдама. |
Никто тебя не поймёт, кроме меня. | Менен басқа сені ешкім түсіне алмайды. |
Никуда не пойдёшь! | Ешқайда бармайсың! |
Никчемный человек. | Түкке тұрмайтын адам. |
Ничего лишнего не спрашивай. | Артық ештеңе сұрама. |
Ничего не будет. | Ештеңе болмайды. |
Ничего не выйдет. | Ештеңе шықпайды. |
Ничего не говори. | Ештеңе деме. |
Ничего не забыли? | Ештеңе ұмытқан жоқсыңдар ма? |
Ничего не знает, кроме гуляний. | Қыдырудан басқа дым білмейді. |
Ничего не пойму. Что происходит вообще? | Түк ұқпаймын. Не боп жатыр өзі? |
Ничего не получается. | Ештеңе шықпай жатыр. |
Ничего не умеешь делать. | Қолыңнан ешнәрсе келмейді. |
Ничего неприличного не вижу. | Ерсі ештеңе көріп тұрған жоқпын. |
Ничего плохого нет. | Жаман ештеңесі жоқ. |
Ничего подобного. | Тіпті де олай емес. 2. Мүлде олай емес. |
Ничего страшного нет. | Қорқатын ештеңе жоқ. |
Ничего страшного, в следующий раз делай с осторожностью. | Ештеңе етпейді, келесіде байқап істе. |
Ничего страшного, я найду какой-нибудь выход. | Ештеңе етпейді, бір амалын табармын. |
Ничего такого не было. | Ондай ештеңе болған жоқ. |
Ничего хорошего из этого не выйдет. | Бұдан жақсы ештеңе шықпайды. 2. Бұның арты жақсы болмайды. |
Ничем не могу помочь. | Еш қайран қыла алмаймын. 2. Ештеңемен көмектесе алмаймын. |
Но если ты занят... | Бірақ, қолың бос болмаса... |
Но и ты должен меня понять. | Бірақ, сен де мені түсінуге тиіссің. |
Но мне это начинает надоедать. | Бірақ, мен бұдан жалыға бастадым. |
Но мы его убедили. | Бірақ біз оны көндірдік. |
Но мы сразу миримся. | Бірақ, көп ұзамай татуласып кетеміз. |
Но не будь чересчур доверчивым. | Бірақ соншалықты сенгіш болма. |
Но не говорите, что я сказал. | Бірақ мен айтты деп айтпаңдар. |
Но он меня не ценит. | Бірақ ол мені бағаламайды. |
Но откуда вы это знаете? | Бірақ оны қайдан білесіз? |
Но отпускать руки нельзя. | Бірақ, қарап отыруға болмайды. |
Но потом не говори, что не предупреждал. | Бірақ кейін айтпады деме. |
Но потом чтобы не сожалел. | Бірақ кейін өкініп қалып жүрме. |
Но придётся потерпеть. | Бірақ шыдауға тура келеді. |
Но сейчас все изменилось. | Бірақ қазір бәрі өзгерді. |
Но ты бессердечный. | Бірақ сен тас жүрексің. |
Но ты зря беспокоился. | Бірақ бекер әуре болғансың. |
Но ты меня не предупредил. | Бірақ, сен мені ескертпедің. |
Но ты мне должен помочь. | Бірақ сен маған көмектесуге тиіссің. |
Но у меня есть одно условие. | Бірақ, бір шартым бар. |
Но что поделаешь? | Бірақ, амал қанша? |
Но я больше не могу скрывать правды. | Бірақ, мен енді шындықты жасыра алмаймын. |
Но я не знаю, что мне выбрать. | Бірақ не таңдайтынымды білмеймін. |
Но я не теряю надежды. | Бірақ үмітімді үзбеймін. |
Нормально не спал. | Дұрыс ұйықтай алмадым. |
Ночное происшествие. | Түнгі оқиға. |
Ночью я тебя видел во сне. | Сені түнде түсімде көріп едім. |
Ну и вид у них. | Түрлерін-ай. |
Ну и пусть. | Бола берсін. |
Ну, а теперь, с вашего позволения, мы пойдём. | Ал енді рұқсат болса, біз жүре берейік. |
Ну, а ты как думал? | Енді сен қалай деп едің? |
Ну, говори же, что случилось? | Не болды, айтсаңшы енді? |
Ну, должна же быть в жизни какая-то радость. | Енді өмірде бір қуаныш болу керек қой. |
Ну, помогу, чем смогу. | Енді қолыңнан келгенше көмектесейін. |
Ну, продолжаем дальше. | Ал, ары қарай жалғастыра береміз. |
Ну, садитесь удобнее. | Ал жайғасыңыз. |
Ну, так получилось. | Солай болып қалды енді. |
Ну, теперь их не остановишь. | Ал енді бұларды тоқтата алмайсың. |
Ну, теперь можно и уезжать. | Енді кете беруге де болады. |
Ну, теперь это только осталось. | Енді сол ғана қалып еді. |
Ну, ты даешь. | Сен де қатырады екенсің. |
Ну, ты мужчина, оказывается. | Әй, азамат екенсің. |
Ну, хватит, не плачь. | Болды енді, жылама. |
Ну, что скажешь? | Ал, не дейсің? |
Ну, это уже другая тема. | Ол енді басқа тақырып. |
Ну, я постараюсь изо всех сил. | Енді қолынан келгенше тырысамын |
Нужен, как воздух. | Ауадай қажет. |
Нужно бить тревогу. | Дабыл қағу керек. |
Нужно выполнять обещанное! | Берген уәдені орындау керек! |
Нужно пойти (съездить) выразить соболезнование. | Көңіл айтуға бару керек. |
Нужно что-то придумать, не причиняя никому вреда. | Ешкімге зияны тимейтіндей бірдеңе ойлап табу керек. |
Ну-ка, давай мириться. - Хорошо, все прошло, забудем. |
Қане, татуласайық. - Жақсы, бәрі өтті, ұмытайық. |
Ну-ка, не шумите! | Кәне, шуламаңыздар! |
Ну-ка, отойдите. | Кәне, былай тұрыңыз. |
Ну-ка, пошевеливайся! | Қане, қимылда! |
Нынешняя молодёжь. | Ендігі жастар. |
другие статьи
-
В ПРИЕМНОЙ / ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНДЕ
8 сентября, 10:16 -
Мағжанның анасы
18 мая, 15:15 -
Әл-Фарабидің философиялық ойлары
26 декабря, 20:57 -
Ғибратты әңгімелер: "ТҮЙМЕЛЕР"
3 октября, 21:46 -
Елбасы призвал увеличить количество изучающих казахский язык людей
11 ноября, 14:33 -
СКОРАЯ ПОМОЩЬ / ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
8 сентября, 22:17