Слабовидящим
Поиск

Читаем

Ә.БӨКЕЙХАН: ТАЗАЛЫҚТЫҢ ІРГЕСІ – СУ МЕН САБЫН

7 апреля, 17:44

Совет одағы орнағаннан кейін Алаш зиялылары Мәскеудегі «Күншығыс баспасы» айналасында топталды. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан 1922-1927 жылдары осы баспада қызмет істеді. Көптеген кітаптар шығарды. Соның бірі – Әлиханның 1926 жылы осы баспадан шыққан «Денсаулық – сақтықта» деген кітабы. Кітаптағы жазбалардың бірін өзгеден тәржімалады, енді бірін өзі толықтырды. Қарап отырсақ, Әлиханның сол жинағында айтылған ойлар әлі де өзектілігін жоғалтпай тұр екен. Алаш ардақтысының сол сөздерінен үзігін жариялауды жөн санадық.



Әлихан Бөкейханның «Денсаулық – сақтықта» кітабының (1926 жыл, Мәскеу) мұқабасы

 

Бір орамалға үй болып беті-қолды сүртпе!

***

«Қарағым» деп тойда топ қатын баланы жабыла сүйеді. Бір қатын не бала жұқпалы ауру болса, бала да, қатындар да ауруды артып жөнеледі.

***

Ауруға қарсы атқа мінгенде, алдымен қолға алатын іс – елді ағарту. Ел ағарса, денсаулыққа біртабан жақын болады. Надан, қараңғы ананың баласы көп ауырады да, көп өледі.

***

Елдің өзі ауруды аластаудың ісін білу керек. Сонда дәрігерге көмекші болады.

***

Қараңғылық – әйелдің денсаулығының жауы. Өз денесінің түзелісін іс білмеген әйел өзін өзі жарға жығып алып, өмір бойы жазылмайтын «әйелдің ауруына» көн етікті күң болады.

***

Таза ауалатса, жарық сәулелетсе, денсаулыққа бетала көшкен болады. Денсаулықтың іргесі салынады.

***

Мезгіл-мезгіл төсек орынды, киімді тысқа шығарып қағып, сілкіп, күнге жайса, қысты күні аязға жайып тастаса, жаудың күлі шашылып, қазаны бауырына құлап, күлдеруші ортасынан күйрейді. Жұқпалы ауру адасып, елде денсаулық орнайды.

***

Тазалықтың іргесі – су мен сабын. ...Моншада жуынғанды әдет қылмай, біздің елден бит жоғалмайды. Бит тұрғанда елден қайталама, теңбір сүзек шықпайды. Біреудің иек артқан жарын, біреудің сүйген ұлын алып, қатынды жесір, баланы жетім, шаруаны адыра қалдырып, алашты жайлаған осы екі сүзек.

***

Ел өзі денсаулық деп ізденбесе, дәрігер ісі «қысқа жіп көруге келмейді» болады. Ел денсаулық деп өз алдына іс бастап, ұжым қылып дәрігерге қолқабыс көрсетеді.

***

Надан ауырса, «құдайдан», «жыннан» деп, жұқпалы аурудың жаласын да құдайға, жынға жабады. Жұқпалы аурудан сақтана білмейді. Ауру хат білмейтін, кітап оқымайтын, мәдениеті тезек терген елге үйір болады.

 

Дереккөз: muftyat.kz

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!