Новости и объявления
Қытайда "Қара жорға" билеп танылған қазақ дәрігері отбасына оралды
29 апреля, 14:17Қытайда "Қара жорға" биін билеп, науқастарға ерекше көңіл-күй сылаған қазақ дәрігері үйіне оралды.
Қандасымыз сол өлкедегі Шыңжаңның тумасы. Хируг-дәрігер екі ай бойы Уханьда болып, науқастарды емдеуге көмектесті. Білікті маман қатерлі дертпен күресе жүріп әдемі биімен емделушілердің көңілін көтерген еді. Баһаргүл отбасын 3 айға жуық көрмеген. Ол ата-анасын, жолдасын, әсіресе ұлын қатты сағынғанын айтады.
«Ухань халқына көңіл бөлуін білдірттім. Өзім қазақ болғаннан кейін, халық биі қара жорғаны сол жерде билеп бердім. Науқастар сондай жақсы көрді. Сіздер өздеріңізді өздеріңіз жігерленіп осындай көңіл күйде болсаңыз ауруды жеңесіз деген ойда болдым», - дейді Баһаргүл Толқын.
Баһаргүл Шыңжаңға оралғанымен, сақтық үшін тағы 20 күн карантинде болды. Дәрігердің айтуынша, қазір Уханьдағы жағдай тұрақталған. Тіпті ауруханада вирус жұқтырған бірде-бір науқас қалмапты.
Дереккөз: zhasalash.kz
другие статьи
-
Какой сон Вы видели? / Қандай түс көрдіңіз? / материал к 13 уроку
2 декабря, 23:28 -
Презентация IT-Проекта «Айтыс»
19 ноября, 15:48 -
«Көңіл айту / Выразить соболезнование, материал к 28 уроку
21 июня, 20:46 -
Грамматика в таблицах
30 ноября, 16:01