Новости и объявления
Педагогика мамандықтарына түсу үшін ең төменгі көрсеткіш 70 балға дейін көтерілді
2 июня, 11:18НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл педагог мамандығына үміткер түлектерге шекті балл көтерілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҰБТ белгіленген мерзімде, яғни, 25 маусымнан 5 шілдеге дейін санитарлық талаптарды қатаң сақтау арқылы 161 пунктте өткізіледі. Биыл ҰБТ қағи д аларына бірнеше жаңашылдықты да енгіздік. Атап айтқанда, ҰБТ-ға қатысу үшін кіру кезінде бет-әлпетін тану Face ID көмегімен тұлғаны сәйкестендіру алғаш рет қолданылады. Жылда берілген қағаз сертификаттың орнына ҰБТ электронды сертификаты және білім беру грантын тағайындау кезіндегі электронды куәлікті енгіздік», - деді министр.
Оның атап өтуінше, халықаралық тестілердің балдарын ҰБТ ұпайына аудару шкаласы енгізілген. Сондықтан мұндай халықаралық сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-дан босатылады және білім беру грантын тағайындау конкурсына осы ауысқан балдары арқылы қатыса алады.
«Академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған ҰБТ шекті балын жинамаған тұлғалар енді жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие. Педагогика мамандықтарына түсу үшін талап күшейтілуде. Бұл туралы Президенттің тапсырмасы да бар. Мәселен, педагог болу үшін шекті балл алдыңғы жылы 50-ден 60-қа көтерсек, биыл оны 70 балға дейін көтеріп отырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов.
другие статьи
-
Өз ұрпағына жеті атасын үйрету
20 июня, 11:59 -
Вышла новая серия нашего спец проекта "SoyleTube"
18 октября, 14:04 -
В праздник Наурыз в эфир цифрового вещания выйдет телеканал «Туркестан»
29 декабря, 21:17 -
10 000 детей приняли участие в фестивале "Аман Келешек"
19 ноября, 0:30 -
Әліппені кімдер жазып жатыр?
3 августа, 9:24