Новости и объявления
"Дипломмен ауылға": биыл қанша жас маман баспана ала алады?
8 июня, 13:09Биыл "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 5 мың жас маман баспаналы болады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министр ауылдық елді мекендерге жас мамандарды тарту үшін "Димпломмен ауылға" бағдарламасының маңызы зор екенін атап өтті.
"Бағдарлама бойынша өткен жылы 4 мыңнан астам маман 1 200 ауылда жұмысын бастады. Бұл - мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет, спорт саласындағы қызметкерлер, мал дәрігерлері, агрономдар және тағы басқа мамандық иелері. Мемлекет оларға үй алу үшін кредит түрінде қолдау көрсетіп жатыр. Үйге бөлінген қаражаттың көлемі жыл сайын өсіп келеді. Кредиттің ставкасы - 0,01 пайыз, кредит мерзімі - 15 жыл. Сондай-ақ, көшу үшін тиісті қаражат беріледі", - деді ол.
Осы орайда Руслан Дәленов осы жылы аталған бағдарлама бойынша қанша жас маман баспаналы болатынын айтты.
"Биыл мұндай әлеуметтік көмекке 5 мың жас маман ие болады. Оларға үй алуға бюджеттен кредит беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай және "Жастар" жылы аясында бағдарламаны қаржыландыру көлемі 20 миллиард теңге болды. Былтыр бұл көрсеткіш 15 миллиард теңге болған еді", - деп түйіндеді сөзін министр.
другие статьи
-
АМАН КЕЛЕШЕК: МЫ НАСЛЕДНИКИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ!
13 ноября, 0:09 -
Сначала года внедряется проект "Құндылықтарға негізделген білім беру"
21 августа, 17:04 -
Келіңіз, ән шырқайық! Часть 1
3 декабря, 19:03 -
Как интегрировать языки в школьные предметы: исследование докторанта НУ
12 сентября, 19:34 -
Бала тәрбиесі туралы мақал-мәтелдер
6 мая, 21:36