Читаем
Бесікке салу
9 июня, 23:27
Бесікке салу – салтанатты рәсім. Баланың бесігіне жын-шайтан жоламас үшін әуелі адыраспанмен аластайды. Кейін нәрестені бесікке салады. Бұл дәстүрді елге беделді, жасы үлкен, көп балалы, ақ жаулықты әже орындау керек.
⠀
Сосын тыштырма жасалады. Яғни, бесіктің түбек байлайтын тесігінен кәмпит, құрт және де т.б тәттілер өткізіліп, қалғандары қолдарын бесіктің астына тосады. Бесіктің астына әрбір зат түскен сайын бесікке бөлеген адам басқаларға «тышты ма?» деп сұрақ қояды. Жиналған адамдар «тышты, тышты» деп айтады. Бұдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді.
⠀
Артынша шашуға дайындалған ірімшік, кәмпит, құрт, май, бауырсақ және т.б заттар шашылады. Кейінірек әжелер бесікке бірнеше зат байлайды: бүркіттей көреген болсын деп бүркіттің тұяғын, ал егер қыз бала болса, сұлу болсын деп айна немесе тарақ байлайды.
⠀
Ал бесік жырын әркім өз ойынан ұйқастырып айта берген. Негізі оны сәбидің әжесі немесе анасы айтқаны дұрыс. Бесік жыры бала мазасызданып жылағанда немесе ұйықтай алмағанда да айтылады. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сыйға берілсе, өзгелерге жүзік, сақина, білезік, сырға және де т.б үлестіріледі.
другие статьи
-
Сыпырғыш. Шаңсорғыш. Электр қуатын есептегіш
3 октября, 22:07 -
Казахстанец может стать лучшим актером на кинофестивале в Испании
1 августа, 20:19 -
ICCАПАРДА / В КОМАНДИРОВКЕ
5 апреля, 3:18 -
Бесплатные курсы по изучению казахского языка
26 июня, 11:32 -
«АБАЙ ӘЛЕМІ» КІТАПТАР ТОПТАМАСЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТУДА
14 сентября, 10:55 -
Абай ілімі және бүгінгі қазақ философиясы
31 мая, 22:39