Слабовидящим
Поиск

Новости и объявления

Латынға қазақ тілді қазақтар ғана көшпеуі керек...

28 июня, 22:08

Қазір этникалық орыс азшылығына мәдениет пен руханияты жағыннан бір табан жақын тұратындар арасында орыс тілді қандастарымыз бар. Оларды бұрынғы метрополияның ақпараттық әм ғылыми-техникалық т.б. ықпалынан құтқару үшін біз не істедік?  Түк те істегеніміз жоқ. Істегімізде келмейді. «Шіріген жұмыртқалар» деп қарап отырамыз. Бар болғаны осы. Олар да өздерін кемісіту мен жеккөрушілікке зығырдандары қайнап, қазақ тілділерді «Мәмбет», «Ауылбай» деп сандарын шапапақтап мәз болады. Тіршілік осылай жалғаса бере ме? Әлде екі тілдік топты ымыраластырудың бір жолы бар ма? Болса ол қандай жол деген сауал алдымызды кес-кестейді. Ол жол – орыс-қазақ латын жазуы. 

Түк істемей, Тәуелсіз еліміз деп босқа шаттанбай, ұлтымыздың шағын бір бөлігінің және түркі тектес қандастарымыздың орыстық ассмилацияға ұшырауына жол беріп қарап отырамыз ба? Еліміздегі орыстілді қазақтарды қанша жерден қазақ болуға шақырсақ та: «адасқанның арты жөн, қайтып үйірін тапсаға» бет алғыза алмай келеміз. 

Бұл орайда «Еліміздегі орыс тілді қазақтар және түркі тектестердің білім алуы» деген арнайы Заң ғана керек. Неге біз бұндай қадамға барамыз? Ресей билігі мен халқы реваншизм жолына мықтап түсті. Оларды бұл бағыттан енді ешкім тайдыра алмайды. Олар бірінші кезекте эникалық орыстардың одан кейін орыс тілділердің құқықтарының және орыс тілінің қолданылуы аясының шектелмеуін Орталық Азия елдерінен талап етеді.

Оған қарсы тұрудың жолы – орыс тілінде білім беретін латын жазулы Яковлев әліпбиімен оқытатын мектептерді ашу. Қазір Ресей БАҚ «Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев считает, что укрепление позиций государственного — казахского — языка не должно приводить к ущемлению русского языка» дегенді қуана жазады. Ресей тарапының Орыс тілділерін жан-таласа қорғаудың ар жағында, Қазақстандағы орыс тілді қазақтардың да өз қандастарымен бірге латын жазуына көшуден қорқады. Бұны тек көкірек көзі соқыр жан ғана ұқпайды. Қазақ тілінің өркендеуі де орыс тілді қандастарымыздың қай жаққа таңдау жасауына тіреліп тұр. Біз оларды өз бауырымызға тартудың адастырмас әм шатыстырмас бір жолын табуға тиіспіз.

Бұл орайда бізге Түркіменстан әдісі керек. Олар тек этникалық орыстарға ғана орыс тілді мектеп ашып, сонда оқуға мүмкіндік беріп отыр. Біз де осы түркімен әдісін керісінше қолданып, ұлтымыз қос тілді болса да, екі жазулы болмауы үшін әзірше «қос тіл – бір жазу» саясатын ұстанып, орыс тілді қазақтарға арналған «бір ұлт – бір жазу» бағдарламасы аясында жеке сыныптар ашып, Яковлевтің латын әліпбиімен оқытуға көшуіміз керек. Бұл бәрі бір балаларын орыс мектебіне беретін қандастарымызды өзге орыс тілді қауымнан бөлектейді. Әрі бұған Ресей жағы да ештеңе дей алмайды. Өйткені, латын жазуына өз дербес мемлекеті бар, БҰҰ мойындаған тәуелсіз елдегі орыс тілді қазақтар көшіп жатыр. Ең бастысы орыс тілді қазақты өзге орыс тілділерден бөліп алуға тиіспіз. Осы қадаммен біз оларды ділдік, діндік әм мәдени ықпалынан құтқарамыз. Бұған 30-ға толмас оқушысы бар олардың 7-11-і қазақ болатын шағын мектептің этникалық орыс ұстаздары да қуанады. Қуанбай ше, қос сынып ашылып отыр емес пе???

Еліміздегі танымал жеке тұлғалармен қатар саяси партиялар да бұрынғыдай түйеқұсша басын құмаға тығып алмай, әлемдік қауымдастыққа орыс тілді қандастарымыздың Орталық Азиялық латынша орыс жазуына көшетінін мәлімдеуге тиіс. Біз осы уақытқа дейін латынға қазақ тілді қазақтар ғана көшеді деп Мәскеуге ақталып әлекке түстік. Сонымен орыс тілді қазақтарға   Яковлевтің латын әліпбиі негізіндегі және қазақтың төл дыбыстары қамтылған арнайы әліпби керектігін Кремльге ұқтыруға тиіспіз. Біздегі орыс тілді қазақтар – этникалық орыс тілділер сияқты диаспора өкілдері емес, өз төл мемлекетін құрушы титулды ұлт. Олар да латын жазуымен жазуға мүдделі. Олардың бұл қалауына ешкім тосқауыл бола алмайды. 

Бұл іске орыс тілді саяси белсенді жастар кеңінен тартылуға тиіс. Әрі латын жазулы орыс-қазақ жазуын барша орыс тілді қазақтарды қатыстыра отырып кең талқыға салатын уақыт жетті. Қазақстандық латын жазулы орыс тілінің орфографиясы мен орфоэпиясында қазақ және түркі сөздері қалай айтылса солай жазылады деген ереже енгізсек көп нәрсе ұтамыз. Осылайша қазір бір ұлтты қаққа жарған жағдайдан латын жазулы «Тіл Реформасы» ғана құтқарады. Осыны қай тілде сөйлейтінімізге қарамай бірлесе талқылайтын кез келді. 

Біз орыс тілді қазақтарға қарсы емеспіз, орыс жазулы қандастарымызға қарсымыз. Өйткені, бізге «бір ұлт – бір жазу» керек деген ұран көтерілуде. Одан ешкім тыс қала алмйады. Төл әліби қазақ тілді қазаққа да, орыс тілді қазаққа да керек. Бірақ, Ол – кіріл жазуы емес!   

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!