Полезно знать
Бастаңғы - тәрбиелік мәні зор дәстүр
5 сентября, 10:24Бастаңғы – жастардың дәстүрлі сауығы. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде қыз-қырқын сол үйге жиналып, бастаңғы жасалады. Мұны шаңырақтың бойжеткені әке-шешесінің рұқсатымен ұйымдастырады.
«Қызға қырық үйден тыйым» деген қағиданы берік ұстанған қазақ қыздары, әдетте, мұндай басқосуға жеңгелерімен немесе іні-қарындастарымен бірге келеді. Бұл басқосу үшін қыздың ата-анасы мал дайындап қояды. Жігіттер жағы қой сойса, қыздар өздерімен ала келген азық-түліктен дастархан жаяды.Бастаңғы қызықты өту үшін жастар ән-айтыс жасаған.
Ән-жырдан соң, жиналғандар қисса, дастандар айтып, әдептің шегінен шықпай әзілдескен.Әрі ұлттық ойындар ойнап, алтыбақан тепкен. Түнде басталған бастаңғы таңға дейін жалғасатын. Таңға жақын жастардың жиыны аяқталатын.
Бірақ, бұл рұқсатсыз, бақылаусыз өтпеген.Бұл дәстүрдің астарында үлкен тәрбиелік мағына бар.
Біріншіден, жастар бір бірімен араласып, тіл табысады.
Екіншіден, бойжеткендер дастархан жайып, тамақ пісіріп, келін, ана болуға дайындалады.
Үшіншіден, жігіттер мал сойып, отағасы болуға үйренеді.
Төртіншіден, жиналған қыз-жігіттер сырласып, сезімдерін білдіріп, отбасы құруға өздерін даярлайды.
другие статьи
-
МИРОВЫЕ БЕСТСЕЛЛЕРЫ ДОСТУПНЫ ТЕПЕРЬ НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ
30 сентября, 12:35 -
Мировые звезды приняли участие в творческом проекте "Астана Опера"
28 апреля, 12:41 -
"Болашақ" халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды
27 июля, 21:47 -
Шесть спектаклей, ради которых стоит выучить казахский
12 марта, 2:38 -
Как работают библиотеки Акмолинской области
4 ноября, 10:57 -
Как нам развить казахский язык?
18 мая, 18:55