Новости и объявления
«Оралман» сөзін ауыстыру туралы бұйрық шықты
5 сентября, 23:06ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевтың бұйрығына сәйкес «оралман» термині «қандас» болып өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұйрық 2021 жылы қаңтар айында күшіне енеді. Бұйрықта жазылғандай, тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгіну керек.
Бұйрықтың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Оралман» сөзінен бас тартып, «қандас» дегеніміз жөн болатынын айтқан еді. «Мен бұдан бұрын да тарихи отанына келген қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тартып, «қандас» дегеніміз жөн болады деген едім. Жеті атасын білетін халыққа «қандас» деген ұғым жарасады», - деді Президент. Сондай-ақ, Мәжіліс «қандас» атауын енгізетін заң жобасын мақұлдады.
другие статьи
-
СӨЗДЕРДІ БІРГЕ, БӨЛЕК, ДЕФИСПЕН ЖАЗУ НЕГІЗДЕРІ
30 апреля, 22:37 -
Құрым сары айғыр және сыншыл шолақ қасқыр
18 июля, 13:28 -
Цифровизация казахского языка в действии
21 февраля, 12:09 -
ЭКСКУРСИИ ПО ЗАЛАМ БИБЛИОТЕКИ ЕЛБАСЫ, НЕ ВЫХОДЯ ИЗ ДОМА
25 мая, 15:02 -
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСЫҢЫЗ, ЖАС ТАЛАПКЕР!
19 августа, 15:50