Новости и объявления
«JASTARǴA – JUMYS» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛДЫ
11 сентября, 17:30
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығымен бекітілген Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережеге сәйкес, ЖРО жастарды жұмысқа орналастыруға және кәсіптік бағдар беруге даярлауда жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығымен бекітілген Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережеге сәйкес, ЖРО жастарды жұмысқа орналастыруға және кәсіптік бағдар беруге даярлауда жәрдемдеседі.
1. Жобаның мақсаты – коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында жастарды онлайн режимде жұмысқа орналастыруға және кәсіптік бағдар беруге дайындауға жәрдемдесу.
2. Жобаның негізгі міндеттері:
⮚ жастарға жұмыспен қамту саласындағы және мамандық таңдау мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы кеңес беру және ақпараттандыру;
⮚ soft-skills жастарды дамыту – түйіндемені сауатты құрастыру, коммуникативтік дағдылар, әңгімелесуден тиімді өту әдістері;
⮚ жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу, кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
3. Іске асыру мерзімі: 2020 жылғы тамыз айының екінші декадасынан бастап жыл бойы
4. Жобаның географиясы: жобаға барлық облыстық, қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтары қатысады
5. Қатысушылар: 14-28 жас аралығындағы жұмыс істемейтін, оқымайтын және біліктілігін арттырумен айналыспайтын жұмыссыз жастар.
6. Онлайн іс-шараларды өткізу алгоритмі:
1. Әлеуметтік желілерде (instagram, telegram, facebook) өңірді көрсете отырып (мысалы, Нұр-Сұлтан қ. - JastargaJumys01) JastargaJumys деп аталатын, бос орындарға арналған топтар құру.
2. Өңірдегі бос орындар туралы ақпарат жинау және әлеуметтік желілердегі топтарда апта сайын (аптасына 2 рет) орналастыру.
3. Ай сайын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар өкілдерімен бірлесіп танымал әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, VK және т.б.) онлайн бос орындар жәрмеңкесін өткізу.
4. Халықты жұмыспен қамту орталықтары мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен жастардың кәсіптік бағдар беру және жұмсақ дағдыларын дамыту (soft-skills) бойынша ай сайын ЖРО әлеуметтік желілерінде тікелей эфирлер (айына кемінде 1 рет) өткізу.
5. Әлеуметтік желілерде #JastarǵaJumys бірыңғай хэштегін қолдану.
6. Ай сайын жастарды жұмысқа орналастыру бойынша талдау және мониторинг жүргізу.
Дереккөз: ruh.kz
другие статьи
-
Жігіттер тобының орындауындағы әндер
31 января, 14:54 -
Бережливость, расточительность / Үнемшілдік, ысырапшылдық
29 ноября, 22:15 -
Как выучить казахский язык самостоятельно
17 апреля, 22:19 -
Археологи обнаружили первую школу в древнем Туркестане
15 августа, 11:27 -
МАМАНДЫҚ / ПРОФЕССИЯ
5 апреля, 3:16