Слабовидящим
Поиск

Слушаем (песни с текстами)

Келіңіз, ән шырқайық! Часть 2

2 декабря, 17:19

Ауылым

Сөзі    Ж.Бейсенов
Әні    Т.Базарбаев

aulim.mp3

Кіндігімнің жас қаны
Тамған жерім ауылым
Шабытымның асқары
Самғаушы еді ауылым

Жастығымның куәсі
Шұрқыраған ауылым
Жусаны мен жуасы
Бұрқыраған ауылым
Жусаны мен жуасы
Бұрқыраған ауылым

Биік-биік шың, құзға
Құмар қылған ауылым
Бүлдіршіндей бір қызға
Сыңар қылған ауылым

Әнмен таңды атырып
Ән салдырған ауылым
Сары қымыз сапырып
Тамсандырған ауылым
Сары қымыз сапырып
Тамсандырған ауылым

Көк түтінді шұбатып
Желек созған ауылым
Ай көрмесем құмартып
Жүрек қозған ауылым

Көк торғындай көктемде
Сағым қуған ауылым
Алыс сапар шеккенде
Сағындырған ауылым
Алыс сапар шеккенде
Сағындырған ауылым





 

 

 

 

Студенттердің қоштасу әні

Сөзі   Б.Тәжібаев
Әні    Е.Хасанғалиев

student_koshtasu_ani.mp3

Білім ап саяңда өткердік сан жылдар
Өткердік сан жылды қызықтап ән жырды
Былқыдың гүл қала мәпелеп тербеткен
Қиялдың қанатын қияға серметкен

Аттандық сапарға көңілде мол арман
Аттандық сапарға тосады жол алдан
Қалайша қиямыз ұшырса ұямыз
Біздерді тосады туған ел құшағы

Біз таптық білімге өміргежан арман
Қимастық көңілден жас келді жанарға
Қоштасар кез келді қиялдай барамыз
Достарым сіздерді қия алмай барамыз

Аттандық сапарға көңілде мол арман
Аттандық сапарға тосады жол алдан
Қалайша қиямыз ұшырса ұямыз
Біздерді тосады туған ел құшағы

Аттандық сапарға көңілде мол арман
Аттандық сапарға тосады жол алдан
Қалайша қиямыз ұшырса ұямыз
Біздерді тосады туған ел құшағы

Қалайша қиямыз ұшырса ұямыз
Біздерді тосады туған ел құшағы
Біздерді тосады туған ел құшағы
Біздерді тосады туған ел құшағы
   

                                                 








Тамаша

Әні  Т.Базарбаев
Сөзі  Қ. Мырзалиев

tamasha.mp3

Тамаша той-думанмен таң атырса
Сол кезде жаныңда әсем жан отырса
Тамаша жексенбі күн көл басында
Тұнықтан балық аулап бала отырса
Тамаша жексенбі күн көл басында
Тұнықтан балық аулап бала отырса

Тамаша тойлы ауылдың түнін көрсе
Түнде сол айдай сұлу теңін берсе
Тамаша достарыңмен дала кезіп
Торқалы туған жердің гүлін терсе
Тамаша достарыңмен дала кезіп
Торқалы туған жердің гүлін терсе

Тамаша қырдан қызыл түлкі ауласа
Түлкіге құмай қосып қиқулатса
Тамаша қаншығаңды қандап қайтса
Тамаша соның бәрі мүмкін болса
Тамаша қаншығаңды қандап қайтса
Тамаша соның бәрі мүмкін болса

Тамаша жүрегіңді қыстамаса
Таршылық жан-жағыңнан қыстамаса
Тамаша, тамаша емес бірақ та ол
Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса
Тамаша, тамаша емес бірақ та ол
Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса



                                      










Егіз лебіз

Сөзі  И.Сапарбай
Әні  Ж.Қыдырәлиев

egizlebiz.mp3

Көктемдегі айым дейін сені
Көктемдегі қайың дейін сені
Көзден ұшып жарықта жүрсең
Шамшырағым, күнім дейін сені
Әнші бағым, гүлім дейін сені
Өзіңмен бір жумаққа кірсем

Қайырмасы

Келші бағыңа
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным
Қоншы қолыма арман аппақ
Құстай, қоншы, жаным
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел

Сағынғанда саялайын сені
Аққуымдай аялайын сені
Айдыныңда қалықта, жаным
Бала қаздай мәпелейін сені
Жаңа өмірге жетелейін сені
Жаныма кел, жабықпа, жаным

Қайырмасы

Келші бағыңа
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным
Қоншы қолыма арман аппақ
Құстай, қоншы, жаным
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел


Аппақ таңдай тілегім де өзің
Алатаудай тірегім де өзің
Жер бетінде қатар жүргенде
Қол ұстасып бірге күн кешейік
Қол ұстасып бірге үндесейік
Атар таңға, батар күндерге

Қайырмасы

Келші бағыңа
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным
Қоншы қолыма арман аппақ
Құстай, қоншы, жаным
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел

 

 

 

 

 

 

 

Мен сені ұнатамын

Сөзі М. Мақатаев
Әні  М. Жүнісова

menseniunatamin.mp3

Мен сені ұнатамын дегенменен,
Басқадан көрмегенді сенен көрем.
Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр,
Бір күні ғайып болсам егерде мен.

Қайырмасы

Мен сені ұнатамын дегенменен,
Сен биікте жүрсін деп төмендегем.
Кім екен мені өзіңе дуалаған,
О, тоба, мен неғылған өлермен ем!

Дегеніңнің бәрін де жасап жүріп,
Көрсетпеймін зәредей асау қылық.
Сенің ғана ырқыңа бас алдырып,
Бұға берем, не деген жасандылық?!

Қайырмасы

Мен сені ұнатамын дегенменен,
Сен биікте жүрсін деп төмендегем.
Кім екен мені өзіңе дуалаған,
О, тоба, мен неғылған өлермен ем!

Мен сені ұнатамын, бірақ, бірақ,
Мейіріміңді қайтейін жылап сұрап.
Ұнатамын дегенім - жасандылық,
Саған деген жүрегім құрақ-құрақ.

Қайырмасы

Мен сені ұнатамын дегенменен,
Сен биікте жүрсін деп төмендегем.
Кім екен мені өзіңе дуалаған,
О, тоба, мен неғылған өлермен ем!


 

 

             
 

 

 

 

Той жыры

Сөзі   Л.Сыдықов
Әні   Д. Сүлеев

toi_jiri.mp3

Махаббаттың құдірет күші әлдилеп
Екі жастың табыстырған жүрегін
Жастық жалын, асыл арман, ақ ниет
Бақыт сыйлап ұсыныпты гүлдерін

Қайырмасы:

Той үстінде тәтті күнде, тәтті күнде
Жас жұбайлар шат күліңдер, шат күліңдер
Ән салайық би билейік, би билейік
Шарықтасын шаттық үндер, шаттық үндер

Бірге аттанып болашаққа, өмірге
Тікті бүгін ортамызға отауын
Қуаныш пен шаттық орнап көңілге
Тойламаққа келді бүгін көп қауым

Қайырмасы:
 
Той үстінде тәтті күнде, тәтті күнде
Жас жұбайлар шат күліңдер, шат күліңдер
Ән салайық би билейік, би билейік
Шарықтасын шаттық үндер, шаттық үндер

Жас шаңырақ болсын бақыт бесігі
Жас жұбайлар құтты болсын тойларың
Кең ашылсын болашақтың есігі
Орындалсын арман, тілек, ойларың

Қайырмасы

 

 

 

 

 

 

 

Әже туралы ән

Сөзі   Қ. Мырзалиев
Әні   Н.Тілендиев

karakat_asyl_aje.mp3

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған
Сағынышым - сары ормандай самсаған
Әке болып жүргенімді ұмытып
Әлі күнге еркелеймін мен саған

Құлыңдаймын асыр салған аңғарда
Қозындаймын ойнақтаған албарда
Өзің барда қысылмаймын күлуге
Жылауға да қысылмаймын сен барда

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді
Сенің жаның жүрегіме ораулы
Менің жаным жаулығыңа түюлі

Тұра тұршы түзелгенше бұзығың
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің
Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау
Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!

                                                
                                                



                                               

 

 

 

 

Әкем-әнім

Сөзі О.Сүттібаев
Әні Ә.Сүлейменов

jorabayeva_akem_anim.mp3

Ұшырдың баптап ұядан
Кетпейсің ойдан, қиялдан
Арманға биік қол созсам
Тұрасың демеп жиі алдан

Қайырмасы

Көңілім бүгін алаңды
Күттің бе, әке, балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді

Адалдық әр кез көксеген
Үйрендім, әке, тек сенен
Ардақтап өтем мәңгілік
Ғұмырда жалғыз жетсе дем

Қайырмасы

Көңілім бүгін алаңды
Күттің бе, әке, балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді

Жүректі тербеп күй сынды
Биікке ұшсам сүйсіндің
Мойныңа көптен асылмай
Сағындым, әке, иісіңді

Қайырмасы

Көңілім бүгін алаңды
Күттің бе, әке, балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді

                                                  

 

 

 

                                        


                                     

 

 

Армандастар

Сөзі   Н.Әлімқұлов
Әні    Ә. Бейсеуов

makpalarmandastar.mp3

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз де жазылмаған дастан едік
Армандастар – құрдастар

Қайырмасы

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда
Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?
Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?
Армандастар – құрдастар

Қайырмасы

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Бәрің, достар әр тарапқа кеттіңдер ме
Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!
Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?!
Қайдасыңдар, құрдастар?!

Қайырмасы

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?


                                        
                                        

 

 

 

 

 

 

Алғашқы махаббат

Сөзі  Қ.Қазыбеков
Әні  М.Омаров

algashki_mahabbat.mp3

Өртенген сезімді
Қалайша өшірем?
Балалық кезімді
Қалайша кешірем?
Қалайша кешірем?
Кешірем


Қайырмасы

Алғашқы махаббат
Жүректі тербейді
Мәңгілік бақ құсым
Коштасқым келмейді
Коштасқым келмейді


Өмірдің пәктігін
Жаныма сыйлаған
Кештерді қайтейін
Кетуге қимаған
Кетуге қимаған
Қимаған

Қайырмасы

Алғашқы махаббат
Жүректі тербейді
Мәңгілік бақ құсым
Коштасқым келмейді
Коштасқым келмейді


Айтпаған әнімді
Кімге мен арнаймын
Үмітім узілсе
Қайтіп мен жалғаймын
Қайтіп мен жалғаймын
Жалғаймын

Қайырмасы

 

 

 

 

 

 





Ана туралы баллада

әнін жазған Жақсыгелді Сейілов
сөзі Аманжол Шамкеновтікі

ana_turali_ballada.mp3

Әлі есімде, біледі жұрт, біледі,
Ел басына қатер төнген жыл еді.
Қимастарын қан майданға ұзатып,
Қарс айрылған аналардың жүрегі.
 
Қайырмасы:
 
О, аналар, осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы, кәрің де.
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге.
 
Соғыс жұлып кетті үйінің тірегін,
Соғыс бұзды қуанышын, реңін.
Тұрды ана күйеуінен айрылып,
Тұрды құшып тек қана оның күрегін.
 
Қайырмасы:
 
Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма,
Борышты оған небір дарқан дана да!
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,
Эй, адамдар, жол беріңдер анаға.
 
Қайырмасы:
 
Тағы да үміт, шек қала ма арманға,
Өмірге ынтық ана шөлі қанған ба?!
Ана - үміт, ана - жігер, ана - азамат,
Одан берік,одан нәзік жан бар ма?!
 
Қайырмасы:









 

 

Домбыра туралы баллада

әні Кеңес Дүйсекеевтікі
сөзі Шөмішбай Сариевтікі

dombira_turali_ballda.mp3

Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің,
                   жүрегінің,
                                     жүрегінің дүрсілі -
Күмбірлеген домбырасы барында.
 
Қайырмасы:
 
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
 
Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі,
              үзіледі,
                            үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
 
Қайырмасы:
 
Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын,
                         армандарын,
                                                  армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.
 
Қайырмасы:










 

 

Сәлем саған, туған ел

әні Кеңес Дүйсекеевтікі
сөзі Шөмішбай Сариевтікі

salem_sagan_tuganel.mp3

Сыр бойындай баулардан,
Алатаудай таулардан,
Сарыарқадай даламнан,
Теңіз Каспий, Аралдан.
Баян-сұлу, Жібектей,
Төлегендей түлектей,
Ұл-қызы бар елімнен,
Жұлдызы бар жерімнен.
Сәлем саған,туған ел!
 
Қайырмасы:
 
Аспаны бір, күні бір,
Жұлдызы бір. түні бір,
Даласы бір, гүлі бір,
Арманы бір, сыры бір,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!
 
Ұлы тойдай ұлы ісім,
Жаралғандай ел, жыр үшін,
Сырда сұлу - күрішім,
Қырда бидай - ырысым,
Миллиардтай алтын дән,
Миллиардтай бар тұлғам,
Жыршы, жырау салтымнан,
Әнші, күйші халқымнан,
Сәлем саған, туған ел!
 
Қайырмасы:
 
Туған бақыт тағы алдан,
Таңы нұрдан жаралған,
Байқоңырдан ғарышқа,
Қанат қаққан сан арман,
Қазақ деген даламнан,
Әруақты бабамнан,
Ардагерім әкемнен,
Ақ жаулықты анамнан,
Сәлем саған, туған ел!
 
Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

Сағындым Алматымды

әні Алтынбек Қоразбаевтікі
сөзі Серікбай Оспановтікі

sagimdim_almatymdi.mp3

Қосамын әнге атыңды,
Тосамын әр хатыңды.
Сағындым алма бағын,
Арайлы Алматымды.
 
Сағындым аққу үнді,
Сағындым ақ гүлімді.
Алматым сыйладың сен,
Арайлы шаттығымды.
 
Еске алу Көктебені,
Жаныма от береді.
Алғашқы махаббатқа,
Куәгер - көк терегі.
 
Әкелген бар бағымды,
Сағындым таңдарымды.
Алматым, сені ойлаумен,
Жалғадым арманымды.
 
Қалайды жаным жырды,
Болмайды әнім мұңды.
Пәк көңіл, ақ жүректі,
Достарым сағындырды.
 
Аспаны астананың -
Сағындым жастар әнін.
Сағындым шыңдарыңды,
Алатау асқаралым!
 
Ғашықпын жауыныңа,
Талпынған тау ұлына.
Сағынып жетем саған,
Бас мені бауырыңа!

 

 

 

 

 

 

 

 

Өз елім

Автор: Қ.Мырзалиев
Композитор: Н.Тілендиев

muzart_oz_elim.mp3

Келгенде көктемі,
Көңілін гүл басқан.
Шырағы көктегі
Жұлдызбен сырласқан.
Өз елім менің –
Өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің
Соғады менің жүрегім.

Қайырмасы:

Түлегі – сендер,
Тілегі – сендер,
Тірегі – сендер сол елдің!
Назары – сендер,
Базары – сендер,
Ажары – сендер сол елдің!

Ақ күмбез астығы
Асқар боп өрлеген.
Жалынды жастығы
Жүлдені бермеген.
Өз елім менің,
Жерім деп менің
Соғады мәңгі жүрегім.

Қайырмасы:

Бұзылмас қамалы,
Батыры уақыттың.
Тербеген самалы
Бесігін бақыттың.
Өз елім менің –
Өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жырым деп менің
Соғады мәңгі жүрегім.

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

Жұбайлар жыры

Автор: М.Шаханов
Композитор: М.Шаханов

jubailar_jiri.mp3

Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген,
Келбетіңнен сенімнің күшін көрем.
Сен сияқты мені ешкім еркелетіп,
Сен сияқты мені ешкім түсінбеген.

Қайырмасы:

Асыл жарым,
Жайнаған жасыл бағым.
Бағаласаң бақытыңмын,
Сағынсаң қасыңдамын.
Арманды дара қумаймыз,
Құстың қос қанатындаймыз.
Жүректе от жанып,
Тауларды бетке алып,
Бірге ұшып барамыз болашаққа.

Сен бар жерде керегем кең сияқты,
Кең сияқты, терезем тең сияқты.
Ешкім мені дәл сендей өкпелетіп,
Жұбата да алмаған сен сияқты.

Қайырмасы:

 








 

 

 

Сыңарым

Автор: Ж.Ерманов
Композитор: М. Омаров

sinarim.mp3

Жастықтың сыңарын бірге кешкен,
Шығар ма шырайлы күндер естен.
Жылуын сезініп махаббаттың,
Бірге асып келеміз мың белестен.

Қайырмасы:

Аяулы жыр-әнімсің,
Сен – менің шынарымсың.
Сен – менің тағдырыма
Балаған сыңарымсың.

Көңілім өзіңсің толмайтындай,
Өзіңсіз шөлім де қанбайтындай.
Қасымнан әрдайым табылмасаң,
Басыма бақыт та қонбайтындай.

Қайырмасы:

Өзіңсіз тағат жоқ менде мүлде,
Өзіңсің сүйгенім, сенгенім де.
Жолымды тосумен сен тұрасың,
Сағынып сапардан келгенімде.

Қайырмасы:

 





 

 

 

 

Жыр жазамын жүрегімнен

Автор: Қ.Аманжолов
Композитор: Ғ.Жұбанова

ZHyr_zhazamyn_zhuregimnen.mp3

Сенің нұрлы жүзіңнен,
Көрем бақыт, өмірді.
Сенің әрбір сөзіңнен,
Күй естілер, күй естілер
Көңілді.

Сол себептен мен саған,
Ғашықтайын құмартам.
Жүрегімнен, жанымнан,
Жыр жазамын, жыр жазамын, сыр айтам.

Күндей шалқып күле бер,
Ақ маңдайлы, алма жүз.
Саған, сірә, тең келер,
Жер-жаһанда, жер-жаһанда,
Бар ма қыз?

 

 

 

 

 

 

 

 

Туған күн кешінде.

Сөзі, әні М.Шаханов

mshahanovtugankk.mp3

Тойыңа гүл алып
Келіп ем қуанып
Қарсы алдың күлімдеп, көктемдей
Жүзіңе нұр толып
Кетіпсің құлпырып
Бір бақыт сәулесін сепкендей

Қайырмасы:

Сен туған күн, мерекеміз
Ән бастайық, кел екеуміз
Ұмытпа сен құрбым
Есте қалсын мәңгі бұл күн

Жасқанба, жасыма
Отыршы қасыма
Басталсын бір терең әңгіме
Қолыңды бер еркем
Қуансын ел ертең
Жалғыздық жоғалсын мәңгіге

Қайырмасы:

Сен туған күн, мерекеміз
Ән бастайық, кел екеуміз
Ұмытпа сен құрбым
Есте қалсын мәңгі бұл күн


Көп жүрме сарылып
Жетсе де кәрілік
Қақпаңды ашпа сен уақытсыз
Жастықтың жарығын
Жүректің жалынын
Өшіріп алған жан бақытсыз


                         



 

 

 

 

 

Арман  қала - Астана

Сөзі  Е. Шаймерденұлы
Әні  М. Омаров.

omarovarmankala.mp3 

Ағылып Атыраудан, Алатаудан,
Көш конды Қараөткелден таласа ауған.
Жайнайды Астана ару алқасындай
Ғажайып ғимараттар жаңа  салған.

 
       Қайырмасы:

    Сарыарқа сауырындай
    Ерке Есіл бауырында
    Қаланды бой көтеріп арман қала
    Арман қала,
    Асыл дала -
    Жаңа Астана, Астана.

 
   Төріне туын тігіп.
   Ерекше ел еңсесі бүгін биік.
   Астана - ақ ордасы қазағымның,
   Астана тәж ақ маңдайға қонған сүйіп.

      
       Қайырмасы:

    Сарыарқа сауырындай
    Ерке Есіл бауырында
    Қаланды бой көтеріп арман қала
    Арман қала,
    Асыл дала -
    Жаңа Астана, Астана.

 
                       
                          

 

 

 

 

 

 

Біз екеуміз ғашықтармыз жылаған

Сөзі  Ұ.Сариева
Әні    Д.Қажымов

Төбемізде жымыңдайды жұлдыздар
Жүрегімде саған деген жұлдыз бар
Оттай ыстық жанарыңа жылынар
Білінбейді бой қарыған түнгі аспан

Қайырмасы

Мәңгі бақи қосылмаймыз екеуміз
Өзгелерге тосын жаймыз екеуміз
Сағынамыз бірімізді-біріміз
Бірақ-бірақ қосылмаймыз екеуміз
Қозы-Көрпеш-Баяндаймыз бұлаған
Бір өмірміз бірін-бірі құраған
Өкінумен, жалынумен күн кешкен
Біз екеуміз ғашықтармыз жылаған

Мәңгі-бақи қосылуды қимаған
Қатал тағдыр екеумізді қинаған
Махаббаттың біз періште сезімі
Әттегенмен неше арнаға сыймаған

Қайырмасы

Мәңгі бақи қосылмаймыз екеуміз
Өзгелерге тосын жаймыз екеуміз
Сағынамыз бірімізді-біріміз
Бірақ-бірақ қосылмаймыз екеуміз
Қозы-Көрпеш-Баяндаймыз бұлаған
Бір өмірміз бірін-бірі құраған
Өкінумен, жалынумен күн кешкен
Біз екеуміз ғашықтармыз жылаған

Терезеңнен үңіледі түнгі аспан
Түңгі аспанда жұлдыздармен ымдасқан
Біз сонда да бақыттымыз өмірде
Қайғысы мен қуанышы мұндасқан

Қайырмасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайдасыңдар, достарым

Сөзі Қ.Ыдырысов
Әні    Ә.Еспаев

kaidasindardossstar.mp3

Бірге тойлап, бірге өткізген
Жалындаған жас шағын
Талай қызық күнді өткізген
Қайдасыңдар достарым

Қайырмасы

Достар, достар жүрсің қайда
Бірге еді ғой жанымыз
Еске алысып осындайда
Кел шырқайық бәріміз

Достар, достар жүрсің қайда
Бірге еді ғой жанымыз
Еске алысып осындайда
Кел шырқайық бәріміз

Бәрімізде таптық бүгін
Бақыт жолын іздеген
Дос үміті - достық сенім
Әрқашанда бізбенен

Қайырмасы

Достар, достар жүрсің қайда
Бірге еді ғой жанымыз
Еске алысып осындайда
Кел шырқайық бәріміз

Достар, достар жүрсің қайда
Бірге еді ғой жанымыз
Еске алысып осындайда
Кел шырқайық бәріміз

Жүрсек-дағы қиыр шетте
Досты ұмытқың келмейді
Достық жалын бар жүректе
Суымайды сөнбейді

Қайырмасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақ босаға

Сөзі С.Желдербаева
Әні М.Рүстемов

altynshashakbosaga.mp3

Қыз аттаған келін кеп ақ босаға
Ақ босаға, мерейлі бақ босаға
Қасиетті халқымның дәстүріне
Куә боп ғасырлар жатты осы ара

Қайырмасы

Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай
Көл дария секілді пейілдері-ай
"Абысың тату болса, ас көп" деген
Мақалдың айтылуы тегін бе еді

Қариялар батасын береді екен
Бата деген ақ тілеу керек екен
Жақсы дәстүр, жақсы сөз, игі тілек
Ұрпақтарға жалғасып келеді екен

Қайырмасы

Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай
Көл дария секілді пейілдері-ай
Бір шаңырақ келінсіз көтерілмей
Бір кереге келінсіз керілмеді

Татулықпен тамсантқан ауылымды
Ардақ тұтқан аға-іні, бауырымды
Іззеті мол қазақтың келіндері
Бағалаттың баршаға қадіріңді

Қайырмасы

Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай
Көл дария секілді пейілдері-ай
Сол келіндер арқасы, босағадан
Құда-жекжат іргесі сөгілмеді

 

 

 

 

 

 

 

 

Отан

сөзі  Дихан Әбіловтікі
әнін  жазған Латиф Хамиди

Отаным кең далам орманды,
Болаттан соғылған қорғанды.
Бақыттың, шаттықтың мекені,
Қолдаймын, қорғаймын ордамды.

Қайырмасы:
 
Туған жер – алтын таң,
Кең далам, таулы орман.
Ұл мен қыз қорғаймыз,
Бақытты ұлы Отан.
 
Айдын көл, дархан ел, туған жер,
Жастарың жалынды жауынгер.
Жарқын жаз – үйрек-қаз жүзетін,
Күміс су, кең байтақ жасыл бел.
 
Қайырмасы:
 
Сәнді тау, бақша бау, шалқар көл,
Малға жай, кенге бай туған ел.
Тәтті күй, әсем би, сұлу ән,
Ойнайды ер, шырқайды ел, шаттық жел.
 
Қайырмасы:

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!