Слабовидящим
Поиск

Читаем

Тал, ағаш жайлы мақал-мәтелдер

4 октября, 11:41

Мақал-мәтел - халықтың ғасырлар бойы жинаған білімінің қорытылған, сұрыпталған формасы. Бір ауыз сөздің түбінде терең мағына мен әлемге бергісі білім жатады. Ендеше халқымыздың ағаштар жайлы не түйгенін білейік. 


Арша

Арша – өскен жерінде,
Адамзат – өскен елінде.
Нарыңның ашамайы арша екен,
Жұпар иісі жақсылыққа жаршы екен.

Емен

Еменнен қатты ағаш жоқ,
Көп жатса жерде дерт ілер.
Болаттан қатты темір жоқ,
Тасқа салсаң кертілер.
Ердің ұялғаны – өлгені,
Еменнің майысқаны – сынғаны.
Жалғыз еменге жай түскіш.

Жаңғақ

Қабығы қатты жаңғақтың дәмі тәтті.

Тал

Дала көркі – мал,
Өзен көркі – тал.
Өзен талмен көрікті,
Өріс малмен көрікті.
Қораңда малың болсын,
Көшеңде талың болсын.
Мал – аяғың,
Тал – таяғың.
Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.
Бір тал кессең, он тал ек.
Төлден мал өседі,
Шыбықтан тал өседі.
Елге мал көптік қылмайды,
Жерге тал көптік қылмайды.
Мұз жалаған мал өспес,
Мал жалаған тас өспес.
Жыламай, жығылмай бала өспейді,
Қарамай, сыламай тал өспейді.
Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал артық.
Суға кеткен тал қармайды.

Терек

Тамыры терең теректер
Тамызда да қурамас.
Тамыры көп жігітті
Ешкім батып қузамас.
Жақсылық терек басында,
Жамандық тізе астында.

Дереккөз: massaget.kz

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!