Новости и объявления
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ ЖАПОН ТІЛІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ
13 октября, 14:52
Абайды Жапония да зерттейтін болды. Токиода ұлы қазақ ақынының алғашқы рет жапон тіліне аударылған шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.
Абайды Жапония да зерттейтін болды. Токиода ұлы қазақ ақынының алғашқы рет жапон тіліне аударылған шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.
Аударманы профессор Хироки Сакаи, қазақ әдебиетін зерттеуші Микия Нишимура, сондай-ақ жапон-қазақ сөздігінің құрастырушы Шигенобу Масуджима жасады. Жинаққа 145 өлең, 3 поэма және «Қара сөздер» енген. Жапония парламентінің жоғарғы палатасының спикерінің сөзінше, Абай философиясы коронавирус пандемиясын қоса алғанда, қазіргі кездегі адамдардың барлық қиындықтарын жеңуге ақыл мен батылдықты үйретеді.
Ал Жапония Мәдениет агенттігінің төрағасы Рёхей Мията Абай өлеңдерінің ең көне жапон өлеңдері «Манъё-сю» жинағымен көп нәрсе ортақ екенін атап өтті. Кітапты Жапонияда әйгілі жапон ақыны және сыншысы Кивао Номура ұсынды, ол Жапонияда қазіргі жапон поЭзиясының «қозғалтқышы» деп аталады. Ал әнші Ранка «Көзімнің қарасы» әнін жапон тілінде орындады. Абай Құнанбайұлы шығармалар кітаптары Жапонияның кітапханалар мен оқу орындарына, сондай-ақ әр түрлі аймақтарындағы Қазақстанның Құрметті консулдықтарына тапсырылады.
Акико Санто, Жапония парламентінің спикері:
- Абай Құнанбайұлы шығармасының жапон тіліне аударылуы Жапония мен Қазақстан арасындағы достықты тереңдетуге ықпал ететініне сенімдімін. Бұл кітап жапон халқын Абай шығармашылығына жақындата түсетіні керемет. Мен Абайды халық сүйетін, шығармашылығы әлі де жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне әсер етіп келе жатқан ұлы ақын ретінде таныдым. Абай мұрасымен тереңірек танысу үшін кітапты толық оқуға ниеттімін.
Ерлан Баударбек-Қожатаев, ҚР Жапониядағы Төтенше және өкілетті Елшісі:
- Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында биыл бүкіл әлем бойынша өткізілген іс-шаралар Қазақстан мәдени дипломатиясының дамуына ерекше үлес қосты деп айтсақ артық болмайды. Жапон мен қазақ халқының әлемге деген көзғарасы және рухани құндылықтары жақын болып табылады. Осы орайда жапон тілінде алғашқы рет жарық көрген Абай шығармашылығы жапондық оқырманның көңілінен шығады деп ойлаймын.
другие статьи
-
Каждая нация должна знать свой язык – историк Зада Дукенбаева
12 ноября, 14:30 -
Елтаңба бейнесі
16 декабря, 12:07 -
Казахский язык для стран СНГ (учебник)
29 июня, 21:59 -
Орфографиялық сөздік: азап па, мазақ па?
14 апреля, 0:55