Слабовидящим
Поиск

Слушаем (песни с текстами)

Келіңіз, ән шырқайық! Часть 3

15 ноября, 10:00

Есіңе ал

Автор: А.Шәмшединов
Композитор: Е.Хасанғалиев

muzart_esine_al.mp3

Сағынсаң мені, сәулем-ау,
Жолдармен таныс жүргейсің.
Сонда сен мені әрдайым,
Жанымда бар деп білгейсің.

Қайырмасы:

Түнде сен жүрсең көшеде,
Шамдарға жанған қарарсың.
Шалқып бір жүрген шақтарда,
Гүлім-ау, еске аларсың,
Сонда сен мені есіңе ал.
Сонда сен мені есіңе ал.

Таңым-ау, мені сағынсаң,
Толқынға көз сал ұрынған.
Жүгірген толқын жүрегі
Алдыңа келіп жығылған.

Қайырмасы:

Айым-ау, мені сағынсаң,
Сырнайдың сазын байқарсың.
Бағым-ау, саған сыйлаған,
Осы бір әнімді айтарсың.
 










 


 
Шашбаулым

Автор: А.Қоразбаев
Композитор: А.Қоразбаев

shashbaulim.mp3

Қона қалған бойыңа
Құндыз бөрік шашбаулым.
Жарқырайды жақұты
Жұлдыз болып мақтаулым, шашбаулым.
Жамылып-ап торқаны,
Тағып алып алқаны,
Жолығайық уәделі
Бір күні келіп мақтаулым, шашбаулым.

Қайырмасы:

Сыңғыр шолпы шашбауың,
Жарасады таққаның.
Осы сәнің тұрғанда,
Қаламаймын басқаны, басқаны.
Үкілерің желбіреп,
Жас жүрегім елжіреп,
Сүйіншілеп жеңгейлер,
Шашбаулы қыз келд!– деп.

Әсем, асыл сезімді
Жандырады, шашбаулым.
Қанғандай бір болады
Жан құмарым мақтаулым, шашбаулым.
Күмбір сырғаң ақ моншақ,
Шолпыларың, шашбаулым.
Көп жігітті есінен тандырады мақтаулым, шашбаулым.

Қайырмасы:

Қызыл бешпент үстінде,
Қынама бел шашбаулым.
Алтыбақан тебуге
Сұранайын мақтаулым, шашбаулым.
Ай толықсып аспанда
Туған кезде, шашбаулым.
Ойнаймын деп ақсүйек
Қуана бер мақтаулым, шашбаулым.

Қайырмасы:
 

 

 

 

 

 

 

 

Таңғы елес

Автор: Б.Есебаев
Композитор: Б.Есебаев

tangi_eles.mp3

Алдасаң да арбасаң да,
Қолдасаң да қорғасаң да,
Тым болмаса бір көрінші,
Ақ періштем анда-санда.
Сендей кімді ұнатайын?
Тыңдағанды жылатайын.
Тым болмаса бір көрінші,
Жүрегімді жұбатайын.

Қайырмасы:

Таңғы елес, таңғы елес,
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес. 2 рет

Түнді түнге тұнғандайым,
Тұмарыңнан нұрланайын.
Тым болмаса бір көрінші,
Көзімді ашып жұмғандайын,
Бақытымнан мұң жасадым,
Үмітімнен құм жасадым.
Бір көрінші саған арнап,
Жүрегімнен гүл жасадым.

Қайырмасы:

 




 

 

 

 

 

Кешікпей келем деп ең

Автор: М.Шаханов
Композитор: Ш.Қалдаяқов

keshikpei_kelem.mp3

Аңсаған арманым сияқтанып,
Ай туып келеді қияқтанып.
Жол жаққа қараймын,
Сен жоқсың арайлым.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.

Қайтейін кінәлап бұған сені,
Сағатың алдаған шығар сені.
Нұр ойнап көзіңде,
Уәделі кезіңде,
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.

Көшеде сырласып, шалқып басып,
Құрбылар барады қолтықтасып.
Тағатым таусылды, аңсадым даусыңды.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.

 



 

 

 

 

 

 

Туған күн

Автор: Г.Лесбеков
Композитор: Е.Серікбаев

tugan_kunin.mp3

Бүгін сенің туған күнің,
Балапаным, дәулетім!
Өмір гүлім, сені бүгін құттықтайды әулетің!
Азамат бол асқақтатар азат елдің сәулетін!
Намысты бол, табысты бол,
Жеңістің шаш сәулесін!

Үнімен оның шыр еткен,
Ашылды да арайланып әлем есігі.
Сезімдей туған жүректен,
Тербетілді алтын айдар ұлдың бесігі.
Қазақпыз ұлын батыр дер,
Тілектерін жас сәбиге арнап жатыр ел.
Қабыл боп елдің батасы,
Батыр бол,-деп атын қойды оның атасы.

Қайырмасы:

Байлығым, күнім, шуағым,
Менің емес, еліңнің де болшы ұланы!
Жеңістің шырқа жыр, әнін,
Көкбайрақтың қалықтасын көкте қыраны!
Арманды жалғаған ұлым,
Әрқашан да Қызыр баба болсын жолдасың!
Аппағым, айналайыным,
Періштелер жебеп, тәңір қолдасын.

Қайырмасы:

 





 

 

 

 

 

Кел жаным

Автор: Б.Бекетова
Композитор: З.Көпбосынұлы

muzart_kel_janim.mp3

Айдан әсем, күннен көркем,
Жұлдызға да теңгерсем.
Қылығыңмен жүректе,
Сезім көлін тербесем.
Жаныма кел, жадырайсың,
Махаббатқа сенбесең.
Құстай ұшып жетер ем,
Егер, жаным, кел десең.

Сұлу көрсем арман ару,
Нұрға толар айналам.
Қайда жүрсең, жан сәулем,
Өзіңді әр кез ойға алам.
Сұлулардың ортасында,
Сен - қызғалдақ жайнаған.
Саған деген көңілім,
Сандуғаштай сайраған.

Қайырмасы:

Кел, жаным, кел десең,
Махаббатқа шөлдесең.
Айға іздеп жетер ем,
Жаным, өзің кел десең.
Кел, жаным, кел десең,
Көңіл көктем сен десең.
Шарықтаймын, шаттанам,
Жанымды сен тербесең.

Тау көліндей тұнық сезім,
Арманым ақ шағала.
Саған деген пәк сезімді,
Пәк сезімді бағала.
Менің жаным толқын болып,
Асыққандай жағаға.
Сағынбасам өзіңді,
Жүрегім ән сала ма?

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

Толғанай

Автор: К.Бақтиярова
Композитор: А.Семенов

askar_tolganai.mp3

Толғанай, ²
Бақыт құсы қонғаны-ай.
Толғанай,²
Сен болсаң болғаны-ай.
Жанымды арбады-ай,
Сезімнің жалғаны-ай
Жанымсың, бағымсың,
Аруым, Толғанай.
Айдай боп нұр берген күлкіңнен күн көргенімсің
Табиғат жіберген сұлуым, Толғанай.
Жаныма мән берген, жүрекпен шын сүйгенімсің,
Толықсып көрінген айымсың, Толғанай.

Қайырмасы:

Толғанай ²
Бақыт құсы қонғаны-ай.
Толғанай,²
Сен болсаң болғаны-ай.
Жанымды арбады-ай,
Сезімнің жалғаны-ай.
Жанымсың, бағымсың,
Аруым, Толғанай.

Қиылған қасың бар, керілген сен асылымсың,
Өрілген шашың бар, аруым, Толғанай.
Сезімім ашылған, берілген сен ғашығымсың,
Көңілім тасыған өзіңмен Толғанай.

Қайырмасы:

Тұп-тұнық көзіңмен еркелеп сен баурағансың,
Бақытқа қол жетпес баладың, Толғанай.
Ерекше сезіммен жүректі сен жаулағансың,
Өмірлік теңім деп санадың, Толғанай.

Қайырмасы:

 



 

 

 

 

 

 

 

Сағындым сені

Автор: Б.Тәжібаев
Композитор: Е.Хасанғалиев

dosmukasan_sagindim_seni.mp3

Сағындым сені, сағындым еркем,
Қызғалдақ толы көктемде.
Сағындым еркем сазымен көркем,
Қаңқылдап қаздар өткенде.

Қайырмасы:

Сағындым сені, аяулым,
Келсеңші маған таң болып.
Сағындым сені, аяулым,
Келсеңші маған таң болып.

Қайда сен жүрсің, аяулым, еркем,
Нұрлы жаз күліп жеткенде?
Өзіңе арнап ән күйді шертем,
Сағыныш сазы көп менде.

Қайырмасы:

 



 

 

 

 

 

 

Асыл ана

Автор: Ш.Сариев
Композитор: К.Дүйсекеев

asylanasagandegen.mp3

Саған деген сағынышым жетер ме,
Жеткізе алмай мен өмірден өтем бе?
Жан анашым жаутаңдадың баладай,
Қош айтысып мен ауылдан кетерде.

Қайырмасы:

Есен-аман жүрмісің, асыл ана,
Уақыт өрнек салған ба шашыңа да?
Қуандың ба, сағынып, атқан таңға,
Мұңайдың ба, қамығып, батқан күнге,
Асыл ана?

Саған деген сезімдерім жетер ме,
Жеткізе алмай мен өмірден өтем бе?
Өмір болып басталады өзіңнен,
Туған жерім, ата-қоныс, мекен де.

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мен саған ғашық едім

Автор: М.Шаханов
Композитор: М.Шаханов

mensagan_gashik_edim.mp3

Қалайша жүрегіме бойламадың,
Өзіңмен бірге талай тойға бардым.
Мен саған ғашық едім, амалым не,
Сен мені бақытым деп ойламадың. 2 рет

Сезбедің, ұға алмадың сырларымды,
Өзіңе арнап жазған жырларымды.
Сезбедің ұзақ түндер сені ойлаумен,
Сыртында терезеңнің тұрғанымды. 2 рет

Қайтейін, сен көңілсіз еттің мені,
Сол жазда жиделер де көп гүлдеді.
Сол жазда көрші ауылдың баласына,
Мәңгіге айырбастап кеттің мені. 2 рет

Өзгертті жылдар солай шешіміңді,
Сүйген жан әрқашан да кешірімді.
Мен қайтіп ұмытайын, жүрегіме,
Өшпестей жазып кеттің есіміңді. 2 рет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сен менің бақытымсың

Автор: Қ.Елікбаев
Композитор: Қ.Елікбаев

sen_menin_bakitimsin.mp3

Ұнатып ем жалғыз сені,
Самалды жел кешінде.
Саған деген махаббатым,
Бір көргенде келді ме?!

Қайырмасы:

Сен менің бақытымсың,
Іздеген өмірден.
Көлде жүзген аққуымсың,
Сұлулықты көздеген.

Сенің сұлу көздеріңді
Ұмыта алмадым жаным.
Кінәм болса, кешір мені,
Кінәм – ғашық болғаным.

Нұрға толы асыл бейнең,
Жанға жылу береді.
Ақ ұлпадай ақша жүзің,
Ойлай бергім келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоштасқым келмейді

Автор: Қ.Қазыбеков
Композитор: М.Омаров

koshtaskim_kelmeidi.mp3

Өртенген сезімді,
Қалайша өшірем?
Балалық кезімді,
Қалайша кешірем?

Қайырмасы:

Алғашқы махаббат,
Жүректі тербейді.
Мәңгілік бақ құсым,
Қоштасқым келмейді.

Өмірдің пәктігін,
Жаныма сыйлаған.
Кештерді қайтейін,
Кетуге қимаған.

Қайырмасы:

Айтпаған әнімді,
Кімге мен арнаймын?
Үмітім үзілсе,
Қайтіп мен жалғаймын?

Қайырмасы:

 
 

 

 

 

 

 

 

Жайлаукөл кештері

Автор: І.Жақанов
Композитор: І.Жақанов

zhaulaukol_keshteri.mp3

Алаулап күн батса қырды асып,
Кетуші ек, қалқатай, сырласып.
Ұмытсам сол күнді, кеш мені,
Есте ғой, дариға, Жайлаукөл кештері.

Ай туып, жұлдыздар жанғанда,
Қол созып көктегі арманға.
Жүрген кез жүректен, жүректен өшпеді,
Жақсы еді-ау, дариға,
Жайлаукөл кештері.

Мүлгіген тыныштық, айдала,
Шу бойы ырғалып жай ғана.
Гүлдерді тербетіп самалдың ескені-ай,
Аңсаттың, дариға, Жайлаукөл кештері-ай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сен мені сағындың ба?

Автор: Ш.Сариев
Композитор: А.Қоразбаев

sen_meni_sagindin_ba.mp3

Тағдырға бағындың ба,
Жібек мұң жамылдың ба?
Мені іздеп аяулым-ау,
Сен мені сағындың ба?
Малынып жаның мұңға,
Өмірдің ағымында,
Сағымдар арасынан,
Сен мені сағындың ба? 2 рет
Сағындың ба? 4 рет

Тербеліп жаным жырға,
Әуелеп әнім мұңға.
Мені іздеп ен даладан,
Сен мені сағындың ба?
Аңсаудан арылдың ба,
Сезімге табындың ба?
Көз ілмей ойлай-ойлай.
Сен мені сағындың ба? 2 рет
Сағындың ба? 4 рет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үшқоңыр

Автор: Н.Назарбаев
Композитор: А.Қоразбаев

ush_konir.mp3

Үшқоңыр Алатаудың қойнауында,
Әкемнің ізі қалған жайлауында.
Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп,
Арқарың жайылатын аймағында.

Қайырмасы:

Ай, Үшқоңырым, туған жерім,
Рахым нұры тұнған жерім.
Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,
Жүрегімде мәңгі есімің.

Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар,
Бабалар тұлпарының дүбірі бар.
Бұл жерде Жамбыл – “Жәкең” өлең айтқан,
Өнердің, ақындықтың тұғыры бар.

Қайырмасы:

Шыңдарың Төле бидің қалпағындай,
Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай.
Жуасы, қарақаты, бүлдіргені,
Әжемнің шекер қосқан талқанындай.

Қайырмасы:

Көрінер сонадайдан анық маған,
Шыңында қырандары қалықтаған.
Самғаған қыранына құмар қылып,
Өсірген ұландарын алып далам.

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іңкәр сезім

Автор: Л.Сайланбектегі
Композитор: А.Молдыбаев

muzart_inkar_sezim.mp3

Есіңде ме, әсем гүлі көктемнің,
Сыңғыр қаққан таудың ерке бұлағы.
Қызықты еді өзіңменен өткен күн,
Көз алдымда сол қалпында тұр әлі.

Қайырмасы:

Жалын кешкен, жаным дескен,
Күндер қайда қарағым?
Дір еткізген, шықпас естен,
Мөлдіреген жанарың.

Ән-жыр айтып, бал-бұл жанып қырды асып,
Жүрдік талай таңды атырып, сырласып.
Қызғалдақтай жайнаған сол далаға,
Тұратынсың жанарыңнан нұр шашып.

Қайырмасы:

Бойымдағы ерікті де алдырдың,
Махаббаттың жүректе отын жандырдың.
Өзің, еркем, ойымдасың әрқашан,
Сеземісің бұл күйімді жан құрбым?

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаттығым менің

Автор: А.Дүйсенов
Композитор: А.Дүйсенов

shattigim_menin.mp3

Сағыныш күйі жанымды тербеп самғаған,
Бақ гүлім сенсің, шаттығым сенсің аңсаған.
Пәнидің жарығы сөніп біткенше,
Өзіңді сүйіп, өзіңді жыр ғып ән салам.

Көзіңді байлап тұрса да қанша мұнар күн,
Сәулесін шашып, көгімде күн боп тұрармын.
Тілегі – лебіз, жүрегі – егіз жаралған,
Нәр алған сенің махаббатыңның сыңарымын.

Қайырмасы:

Сен жүрген жермен жүргім келеді,
Сен көрген түсті көргім келеді,
Сен сүйген әнді, ғашығым менің,
Өзіңмен бірге салғым келеді.

Аймалап аппақ жүзіңді самал ескенде,
Көзіңді жұмып ғаламат сезім көшкенде.
Мен сені сүйдім, сен мені солай сүйе алсаң,
Махаббат қылын үзе алмас еді-ау еш пенде.

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Махаббат гүлі солмайды!

Автор: Т.Арынғали
Композитор: Ұ.Жолдасов

mahabbat_guli_solmaidi.mp3

Балалық дәурен өтеді,
Сол күндер бүгін ертегі.
Аңсаумен жүрек толғайды,
Арманын әнмен жолдайды.

Қайырмасы:

Махаббат гүлі солмайды!
О-о-о,
Е-е-е,
Махаббат гүлі солмайды!

Жазылмас деуші ек жұбымыз,
Таусылмас деуші ек сырымыз.
Өзіңсіз жанда – мұң-қайғы,
Қол жетпес арман болмайды.

Қайырмасы:

Адаспай тауып бағыңды,
Бақытқа бала таңыңды.
Сезімді сенім қолдайды,
Көңілде көктем орнайды.

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақытыңды жырлайды

Автор: М.Мақатаев
Композитор: Ә.Бушукова

nur_mukasan_bakitimdi_jirlaidi.mp3

Жыламашы, шырағым,
Күңіренген қобыздың
Бұрамашы құлағын.
Ұмыт болып мына күн,
Сейіледі мұнарың.
Жыламашы, шырағым,
Шашыратып шуағын,
Мен білемін мына күн,
Шұғыламен тынарын.

Қайырмасы:

Шаттық пенен қуаныш,
Өкініш пен мұң-қайғы
Өмір бақи тұрмайды,
Алма-кезек зулайды.
Жыла, жаным, жылай бер.
Мен де мәңгі тұрмаймын.
Зарыңды кім тыңдайды?
Ертең келіп басқа жан,
Бақытыңды жырлайды.

Аттанады мына күн,
Ашылады аспаның.
Шашылады аспанға,
Сенің жақұт тастарың.
Сонау алыс асқарға,
Асылады шашбауың.
Шашырайды басқа нұр,
Қосылады бастарың...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағажан

Автор: А.Дүйсенбиев
Композитор: А.Дүйсенов

jorabayeva_agazhan.mp3

Бәйтеректей саялы, алақаның аялы,
Маңдайымнан сипаған менің,
Қамқор аға әкедей
Еркелеткен мәпелей,
Тілегіңнен сый табам сенің.
Қарлығаштай қанатың,
Талмай, тынбай қағатын,
Жасымаған көзіңе сенем.
Жетеледің, жеткіздің,
Қарызымыз көп біздің,
Асыл ағам, өзіңе деген.

Қайырмасы:

Құтты болсын, ағажан, қуанышың,
Азамат боп ер жетті-ау жұбанышың!
Өміріңнің шырағын сөндірмесін,
Көңіліңнің жалғасын ұлы ағысын.

Бізді ойлап жүргенде,
Байқатпастан бір демде,
Ер жетіпті-ау, ұл-қызың бүгін.
Кір шалмаған арыңмен,
Жаздай сұлу жарыңмен,
Жана берсін жұлдызың бүгін.
Бұл тойыңды аңсадық,
Қызмет қып жан салып,
Еріп келем ізіңмен сенің.
Тойың тойға ұлассын,
Бақ-дәулетің қыл ассын,
Нұр таймасын жүзіңнен сенің!

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айналайын

Автор: М.Шаханов
Композитор: Е.Хасанғалиев

ainalain.mp3

Өзің едің тірегім де,
Жыр боп тұндың жүрегімде.
Мені сендей түсінетін,
Кім бар екен бұл өмірде?
Күн туса да толқымалы,
Толқымалы, шалқымалы.
Сен ешқашан өзгертпедің,
Пікіріңді мен туралы.

Әнін әнге жалғасын деп,
Келеді арман алға сүйреп.
Менің кемем өрге жүзсе,
Сен қуандың алғашқы рет.
Астына алып қанатыңның,
Нұрын шаштың жан отыңның.
Мен мұңайған кезеңдерде,
Қасымда ылғи сен отырдың.

Саған мәңгі борыштармын,
Көңіліме қоныстандың.
Азаматтық ажарыңа,
Мақтау айтсам намыстандың.
Жарқын құшақ жайған айым,
Сеніміңе сай болайын.
Мені сүйген жүрегіңнің,
Лүпілінен айналайын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аңсар әнім

Автор: Д.Ясыяұлы
Композитор: Д.Ясыяұлы

muzart_ansar_anim.mp3

Мұңаямын жаным, бір өзіңді ойлаумен,
Елестетем сені дидарыңа тоймаумен.
Жүрегімнің мұңы, көңілімнің сыры,
Мені еріксіз қинайды.
Мөлдіреген көзің, балдай тәтті сөзің,
Арман нұрын сыйлайды.

Қайырмасы:

Сол арманның асқарына жете алам ба?
Сол арманның айдынынан өте алам ба?
Айырылмас қос аққудай қатар жүзген,
Мәңгі бірге бақыт іздеп кете алам ба?²

Махаббаттың жанған шамы сенің қолыңда,
Мен аңсаған арман сенің ғана жолыңда.
Жаным, сеніп жүрсең, аймалашы еркем,
Бақытым бол тек менің.
Тағдыр жазған сыйдың,
Сенсіз болжау қиын, болашақтың ертеңін.

Қайырмасы:

Құбылғандай жүзің алтын, қарай берем,
Оттай ыстық жанарыңа, қарай берем.
Тағдыр жазған, табындырған жас жүректі,
Басқалардың бақытына қалай берем?²

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяулым

Автор: Т.Молдағалиев
Композитор: Е.Белғазиев

karakat_ayaulim.mp3

Алыс қалған күнде,
Жүрмедіңдер бірге,
Сағындырып.
Жетемін деп арман,
Мен де өзіңнен қалман,
Сағым қуып.

Қайырмасы:

Жеткізбейді кезең,
Өткізбейді өзен,
Бір бақытты сезем².
Бар өмірім алда,
Сен қасымнан қалма,
Оята, бер таңда,
Аяулым!

Зуылдайды кеме,
Теңіздерден терең,
Дауылдарда.
Ере берші сеніп,
Жауратпаймын сені,
Жаным барда.

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бала күн

Автор: Бейбіт Қорған
Композитор: Ринат Гайсин

Сол кез әлі есімде - бала күнім,
Асық атып, асыр сап, жүгіргенім.
Жүгіргенім, айналайын-ай!
Балалық шақ тәтті еді, бәрі бүгін.
Ойна да, күл, балапан, сен де бүгін,
Сен де бүгін, сен де бүгін-ай!

Қайырмасы:

Ботақаным, балапаным, құлыным,
Ашық болсын, жаңа болсын әр күнің!
Перизаттай сенің бейнең, алтыным,
Қуанта бер пәк күлкіңмен, жарқыным!

Балғын шағым елес боп қалды бүгін,
Көк майсада асыр сап жүгіргенім.
Жүгіргенім, айналайын-ай!
Шомылармыз үйректей ақ қайықта,
Балалығым сағымдай қалды артта,
Қалды артта, қалды артта.

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойлай бер мені...

Автор: Т.Айбергенов
Композитор: М.Ілиясов

Тағатсыз аңсар ынтық үн,
Жаралы хал ғой – ғашық хал.
Күйсандық көрсең, бір тілін
Мені ойлап бар да, басып ал.

Қайырмасы:

Тек қана көзге жас алма,
Ойлай бер мені күніге.
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбіне.

Жаныма қап ең жақын боп,
Жүректе бүгін сыздау көп.
Мен болсам кеттім ақын боп,
Азырақ бақытсыздау боп...

Жолығар болсам қайта мен,
Сағыныш толы сол шақпен.
Бәрін де саған айтар ем,
Жалғыз-ақ тамшы моншақпен.

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сағыныш

Автор: Ф.Оңғарсынова
Композитор: Т.Бақтыгереев

saginishmuzartonerb.mp3

Қиялым сен жақтарда,
Жүрегім алып-ұшып.
Отырам ел жатқанда,
Сені аңсап, жаным ысып.

Қайырмасы:

Үмітпен келер деген,
Жолыңа қарайладым.
Тек маған сенер деп ем,
Қайдасың, арай бағым?

Өткіздік тағы қысты,
Көктем жоқ бұл көңілде.
Мөлдірін сағыныштың,
Сезінбей жүргенің бе?

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзің ғана...

Автор: И.Сапарбай
Композитор: Х.Әбілжанов

Әлемге алтын нұрдай таратылған,
Сен – жарық күнімсің, жаңа туған.
Аққудың қанатынан жаратылған,
Аруым сенсің, жарығым.
Мәңгілік арман,
Махаббаттың әсем әні бар.

Қайырмасы:

Асқардағы шынарым – өзіңсің,
Аспандағы шынарым – өзіңсің.
Сенбісің жастықтың алауы?
Аялаған араманым – өзіңсің,
Саялаған орманым – өзіңсің,
Жапырақ-жанымның жалауы,
Жан жүрегімнің қалауы – Өзің ғана...

Ақ тілек махаббатсыз арман қайда,
Ән ерке сезіммен жалғанбай ма?
Жаратқан екеумізге жар болмай ма?
Жанымда жүрші, жарығым.
Мәңгілік арман,
Махаббаттың әсем әні бар.

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыздар, қыздар...

Автор: Г.Өмірбекова
Композитор: Г.Өмірбекова

Арулардың махаббаты – ізгі ары,
Шешілмеген жұмбақтай ғой бізге әлі.
Қыз Жібектей жаны сұлу тым нәзік,
Шіркін қандай қазағымның қыздары.

Қайырмасы:

Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Неткен ғажап сұлусыңдар,
Дархан көңіл, дәру қыздар!
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Аққу мойын ару қыздар,
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!

Самал желпіп маңдайдағы кекілді,
Олар жайлы сыр да талай шертілді.
Қарап тұрсаң көз тоймайтын сол қыздар,
Қырдың сұлу қызғалдағы секілді.

Қайырмасы:

Бақыт нұрға бөленгенде сан алуан,
Бар сұлулық бір сендерден табылған.
Ақ маңдайлы ару қыздар тек қана,
Шын аялап, шын сүюге жаралған.

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

Кім кінәлі?

Автор: Т.Молдағалиев
Композитор: Қ.Адамбалинов

kimkinalimeirambek.mp3

Біз екеуміз кездескенде,
Бақытыңа баладың ба?
Менен ұзап сен кеткенде,
Жасың қалды-ау жанарымда.

Қайырмасы:

Арман алдан шақырады.
Кездесерміз мүмкін әлі,
Сенсіз өмір өтіп жатыр,
Айтшы жаным кім кінәлі?

Жұлдыз көктен құбылады,
Өтті түндер үнсіз, жаным.
Қол ұстасып қыдыратын,
Сол бір күндер қайда жаным?

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әкеме

Автор: Ұ.Есдәулетов
Композитор: М.Ілиясов

Ойлаймын, әке, өзіңді,
Қызарып барып күн батса.
Еске алам нұрлы сөзіңді,
Жұлдыздар маған тіл қатса.

Қайырмасы:

Еңкейген белге қарама,
Еңсеңді елмен биіктет.
Немерең жүр ғой қалада,
Бетінен келіп сүйіп кет.

Туған жер деген ұяны
Суытпай дәйім жылы ұстап.
Бүркіттей шолып қияны,
Биікте жүрсің тыныстап.

Қайырмасы:

Әкеге қарап ұл өсер,
Арманысыз әке қайда бар.
Ғұмырға ғұмыр жалғанар,
Көңілің содан жайланар.

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аппақ гүлдер

Автор: Қ.Төлеметов
Композитор: Қ.Сәтмұхамбетова

appakguldkeremb.mp3

Тыныш еді өмірім,
Көріп сені өзгерді.
Сүйіп сені көңілім,
Жұлдыздарға теңгерді.

Қайырмасы:

Сөз таппаймын айтуға,
Мен жүремін қысылып.
Түсімде де жүрсің ғой
Аппақ гүлдер,
Аппақ гүлдер,
Аппақ гүлдер ұсынып.

Күлім көзің нұрлана,
Тербеп нәзік сезімді.
Айтқан сөзің ойлана,
Жаныма ыстық сезілді.

Қайырмасы:

Жолға қарап жүремін,
Қара көзді талдыра.
Сағынышты жүрегім,
Бойды өртеп жандыра.

Қайырмасы:

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!