Жаңа білім алу, қабілет ұштау, дағдыны арттыру әрі еліміз жайлы тереңірек білу енді тіпті, жеңілдей түсті. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының мұрындық болуымен өтетін «Оń Tulǵa» онлайн жобасы керемет мүмкіндік беріп отыр. 2020 жылғы 23-27 қараша аралығында өтетін жобаның мақсаты – Давос сарапшылары анықтаған 21 ғасырдың 10 негізгі дағдыларын көрсету:
1. Күрделі түйткілдерді шешу;
2. Сыни ойлау;
3. Шығармашылық қабілет;
4. Тұлғаны басқара білу;
5. Аудиториямен өзара тиімді байланыс;
6. Эмоционалды интеллект;
7. Пікір қалыптастыру және шешім қабылдау;
8. Клиент талабын ескеру;
9. Келіссөздер жүргізе білу;
10. Ақыл-ойдың икемділігі;
Жоба аясында қазақстандық және халықаралық кәсіби жаттықтырушылар, мәдениеттанушылар, академиялық ортаның және бизнестің өкілдері, Қазақстанның танымал тұлғалары шеберлік сыныптарын өткізеді.
Спикерлер өздерінің жетістіктерін айтып, жеке тұлғаның дамуына қатысты мысалдармен бөліседі, еліміздің әр аймағының дәстүрі мен ерекшелігіне тоқталып, табысқа жетуге көмектесетін түрлі кеңестер туралы әңгімелейді.
Трансляция күн сайын 23-27 қараша аралығында сағат 19:00-де «Оń Tulǵa» Youtube арнасында (
#ontulga,
#10tulga хэштегі бойынша) өтеді.