Слабовидящим
Поиск

Полезно знать

Әлемді өзгерткен өнертапқыш балалар туралы

28 декабря, 2:13

Теріден жасалған құлаққап

15 жастағы америкалық Честер Гринвуд 1873 жылы суықта қолдануға болатын құлаққап ойлап тапты. Әжесі бұл құлаққаптың сыртын кәмшат терісінен, ішкі жағын барқыттан тігіп берді. 1877 жылдың 13 наурызында Честер өз өнертабысын патенттеу мүмкіндігіне ие болды. Ол өмірінің соңына дейін құлақты сыртқы шудан, суықтан қорғайтын жаңа  заттар шығарумен айналысты.  1977 жылдан бастап Мэн штатында өнертапқыштың құрметіне «Честер Гринвуд» (21 желтоқсан) күні атап өтіледі.

 

Қалың қарда жүруге арналған көлік

Канадалық Жозеф-Арман Бомбардье 15 жасында, яғни 1922 жылы бір аптаның ішінде ескі «Форд» автокөлігінің бөліктерінен қалың қарда жүруге арналған көлік жасап
шығарды. Құрылғы шамамен бір миль жерді жүріп өткен.  Ағасы Леопольд табанына байланған екі арқан арқылы құрылғыны жүргізсе, Жозеф-Арманның өзі қолдан отын салып  отырды. Кейін өнертапқыш басқа техникаларды жасаумен айналысып, тек 1957 жылы ғана баяғы қарда жүретін көлігіне оралды. Көлікті «Ski-Doo» деп атап, бірнеше данасын  шығарды. Қазір бұл көлік қарда жүретін көліктердің ішіндегі ең
танымалы болып саналады.

 

Жемісті мұз

Жемісті мұзды (таяқшадағы мұздатылған шырын, сусын) ең алғаш 1905 жылы 11 жасар америкалық Фрэнк Эпперсон ойлап тапқан. Ол өз өнімін кинотеатрдың жанында тұрып
сатумен айналысқан. Бірақ өсе келе балмұздақтан гөрі жылжымайтын мүлікті сатуды дұрыс деп ойласа керек. Фрэнк 20 жылдан кейін ғана ойлап тапқан өніміне патент алып,  сериялы өндіріске кірісті. АҚШ-тағы дағдарыс кезінде екінші  адаммен бөлісіп жеуге арналып, балмұздақ екі таяқшамен шығарылды.

 

Брайль қарпі

Көзі көрмейтін жандардың оқи алу мүмкіндігіне жол ашқан рельеф жолды жазуды 1824 жылы 15 жастағы француз Луи Брайль ойлап тапқан. Ол әкесінің шеберханасында
етік тігуге арналған бізбен көзін жарақаттап алған соң, 3 жасында көру мүмкіндігінен айырылған еді. Осы қаріппен  басылған алғашқы кітап «Франция тарихы» 1837 жылы
жарыққа шықты.

 

Ермексаз

Ермексазды ойлап табуға «Kutol» компаниясының қожайыны Клео Маквикердің немересі себепкер болған. «Kutol»  Америкада тұсқағазды көмір шаңынан тазарту материалын  шығарған. Маквикердің немересі осы жабысқақ, созылмалы  өніммен ойнағанды, одан түрлі фигуралар жасағанды ұнатқан. Оның құрамынан химиялық бөліктері алынып тасталып,  түрлі түсті бояу қосылып, бүгінде мектептерде көркем еңбек  сабақтарында қолданылатын ермексаз пайда болды.

 

Батут

1930 жылы гимнастика мектебінде оқитын 16 жастағы Джордж Ниссен алғашқы батутын жасап шығарды. Ол бұл  құралды акробаттық жаттығуларына қажет болады деп  ойлады. Кейінірек жазғы балалар лагерінде көңіл көтеру  құралы ретінде пайдаланған. Өнертапқыш бұл өнімін «трамплин» (испан. trampoline) деп атап, оны халықаралық спорт  түріне айналдырды.

 

Дереккөз: Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова, К.Ә.Бертілеуова, Р.Н.Мұнасаева.

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!