Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Тіл комитетінің тапсырысы бойынша «Руханият» орталығында дайындалған
Құрастырғандар: Е.Шаймерден, Е.Тілешов. Астана, 2009
Бұл жинаққа – тіл турасындағы мақал-мәтелдер, толғамды ойлар, қанатты сөздер енгізілді. Олар тілге қатысты қазақ ойының даму арнасын әр қырынан кең көрсетеді. Жинақтың құрылымы да тіл туралы қазақ ой-өрнегінің кезеңдік өрістерін аңғартуға негізделген.
«Сөз сарасы» жинағы тіл тағдыры толғандыратын ойлы оқырман қауымға, ұлтымыздың болашағы - өскелең ұрпаққа арналған.