Мәшһүр жазушы Алан Маршалл – жасөспірімдер туралы ерекше
ықыласпен жазған қаламгер. Адамдардың қайырымсыздығына,
алауыздығына, шексіз өтіріктеріне жаны қас. Өмірбаяндық трилогияның
бірінші бөлімінде сал ауруына шалдыққан баланың тағдыры, жан әлемінің
күйзелісі туралы суреттейді.
Кейіпкер Алан – жабайы жылқыларды қолға үйретушінің баласы.
Ол әкесіндей қайсар болғысы келеді, ат құлағында ойнасам деп
армандайды.
Жазушы бұл хикаятында қаһарманның мінезінің қалыптасу үдерісін
көрсетеді.