Автор бұл шығармасында адамдық бақыттың әлемде теңдесі жоқ
романтикалық әлемін жасады. Роман – махаббат жайлы сырлы да
нәзік поэма. Бұл кітапта алқызыл желкендер туралы ертегі шындыққа
айналады. Сол арқылы егер адам арманшыл болса, шын бақытқа
ұмтылғысы келсе, ол жолда өзіне сенімді, рухты болса – түбі соған
жетеріне сендіреді.