М. Твеннің бұл классикалық туындысында Г. Финнің басынан кешкен
қызықты оқиғалары баяндалады. Оқиға тілі бай, түрлі тартыстарға толы.
Америка құл иеленуші мемлекет болғаны тарихтан белгілі. Зәңгілер,
сондай-ақ аралас қаннан жаралғандар ақ адамдардың бөркі, көйлегі
секілді меншікті затымен бірдей болған. Бұл жағдай озық ойлы, рухани
таза жанды зиялы азаматтарды, оның ішінде ақын-жазушыларды қатты
толғандырды. Міне, бұл қатарда М.Твен де бар еді. Оның біраз
шығармасында адам баласының тарихындағы барып тұрған ең сұмпайы
құбылыс – құлдық трагедиясы аса шеберлікпен суреттеледі.