Жазушы шығармаларының оқиғалары негізінен барлық адамның аяғы
бірдей жете бермейтін, өркениетті ортадан алыс, табиғаты ерек,
жаратылысы бөлек, өзгеше бір өңірлерде өтеді. Осы өзгеше өңірлерге
тап болған адамдардың ішкі-сыртқы бітім-болмысы да бөлек.
Джек Лондон әлем әдебиетінде асқақ рух пен рухы мықты адам-
дардың жыршысы деп бағалануы тегін емес.