1726 жылы, «Робинзон Крузодан» кейін арада бар-жоғы жеті жыл
өткен кезде, абырой-даңқы Дефо шығармасынан кем түспейтін осы
«Гулливердің саяхаттары» өмірге келген еді. Мұнда әуелде оташы,
кейіннен бірталай кемеге капитан болған Гулливердің дүниенің
түкпіріндегі бірнеше елге жасаған қызықты саяхаттары баяндалады.
Бұл шығарма – бір жағынан әлеуметтік-саяси қарым-қатынастар
жайындағы өткір мазмұнды роман-памфлет. Балаларға ғана емес,
үлкендерді де терең ойға бастайтын сатиралық-философиялық тамаша
туынды.
Deprecated: Unparenthesized `a ? b : c ? d : e` is deprecated. Use either `(a ? b : c) ? d : e` or `a ? b : (c ? d : e)` in /sites/corp.soyle.kz/application/views/scripts/book/view.phtml on line 13
Deprecated: Unparenthesized `a ? b : c ? d : e` is deprecated. Use either `(a ? b : c) ? d : e` or `a ? b : (c ? d : e)` in /sites/corp.soyle.kz/application/views/scripts/book/view.phtml on line 20