Кітапқа 1920-30 жылдары баспасөз бетінде жарияланған, мұрағат қорында сақталған əдеби тіл, емле, қазақ орфографиясы, терминология, қазақ тілінің түрлі салалары бойынша, қазақ тілі мəселелеріне қатысты мақалалар енді. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму тарихы туралы мол ақпарат беретін жинақ қазақ тіл білімі мəселелерімен айналысып жүрген тіл мамандарына, филология факультеттерінің докторанттарына, магистранттары мен студенттеріне, сондай-ақ көпшілік қауымға арналған.