Автордың «Қазақ фразеологизмдері мен перифраздары» деп аталатын еңбегі өзінің аты айтып тұрғандай үлкен екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлігі фразеологизмдердің əр алуан қолданыс ортасындағы табиғаты сөз болады. Əсіресе, бұлардың қазақ тіліндегі түрлері сараланып, олардың аударма тіліндегі жай- күйі де зерделенеді. Сондай салғастырулар нəтижесінде қазақ фразеологиялық тіркестерінің табиғатын ашуға тырысады. Екінші бөлім қазақ тіл білімінде бұрын-соңды көп қарастырыла қоймаған тілдік материалға арналған. Ол – ауыспалы, астарлы мағыналы болып келетін перифраздар мəселесі. Бұлардың қазақ тілінде тұрақты сөз тіркестері, мақал-мəтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер, жұмбақтармен байланысы қарастырылады. Яғни перифраздардың фразеологизмдерге тəн нышандары да сөз болады. Кітап жоғары оқу орындары мен орта мектеп оқушыларына жəне тіл мəселелеріне бейіл білдіретін қауымға арналған.