Слушаем (песни с текстами)
Менің Қазақстаным — гимн Казахстана
5 июня, 13:17Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
другие статьи
-
Народные нумеративы
2 декабря, 22:52 -
Көз жетпеген жерге сөз жетеді / Куда глаза не доходят..
2 декабря, 23:25 -
ТУРИЗМ
7 сентября, 18:56 -
Тәбәрік деген не?
1 ноября, 15:23 -
БАТА
3 октября, 21:42