Слушаем (песни с текстами)
Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы әндер
22 мая, 16:14Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайрандаған
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам
Намыстан бермеу үшін жатқа қолдан
Арулар аз болды ма атқа қонған
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан
Жасырмай айтар болсам жан сырымды
Тағдырым қарауылға қанша ілінді
Ерліктің қос қанаты деп білем мен
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді
Ерліктің қос қанаты деп білем мен
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді
Сүймеген сені азамат, азамат па
Көңілің тәрізді аппақ таза мақта
Бәрін айт, бірін айтта лайықсың
Қазақтың қызы деген ғажап атқа
Бәрін айт, бірін айтта лайықсың
Қазақтың қызы деген ғажап атқа
Құстар қайтып бара жатыр
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып
Зымырлайды менің бала кезімдей
Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей
Құстар, құстар сызылып ән салады
Сол әнімен тербетеді даланы
Ал, адамдар күліп бастап өмірін
Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады
Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе
Тамаша әнмен келіп еді көктемде
Өскен жерге сыймай кетіп барады
Өскен жерін қимай кетіп, қимай кетіп барады
Анаға арналған жыр
Шет жүрсем - сағынарым,
Жабықсам - сағынарым
Анашым, бір өзіңсің
Табынарым
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Ұшырған сұңқарыңмын
Қияға шырқарыңмың
Бәйгеге өзің қосқан
Тұлпарыңмын
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Қорғаным - өзің деймін
Жан дауа - сөзің деймін
Анашым, сені ойласам
Көз ілмеймін...
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Таңғы тілек
Омір бойы қол ұстасып өтерміз
Армандар мен мұраттарға жетерміз
Домбыранын екі ішегі сияқты
Өмір әнін, өмір әнін қосып айтып екеуміз
Қ-сы
Сен дегенде, сен дегенде танмен бірге ояндым
Сен дегенде сен дегенде күн нұрына боядым,
Екеумізге ауысса екен аяулым
Адалдығы, адалдығы Қозы менен Баянның
Бірге ұшып тілегенмен тілегім
Араласын дала кезіп қыр елін
Тағдыр біздін кеудемізге орнатсын
Төлеген мен, Төлеген мен Қыз Жібектін журегін
Қ-сы
Жүрегіме татті сезім мен ектім
Жүрегіне татті сезім мен ектім
Ғұмыр бойы екеумізді қолдасын
Махаббаты, махаббаты Енілік пен Кебектін
Қ-сы
Қарағым ай
Қарағым ай
Сұлулық осындай болады екен
Бір басқа армансыз қонады екен
Адамдар өмірге қонақ екен
Шынымен бұл дүние шолақ екен
Қарағым ай
Еліктер осылай жосады екен
Жолыңнан сені кім тосады екен
Бұл коңіл неліктен босады екен
Бұл тағдыр сені кімге қосады екен
Қарағым ай
Қиылып үзіліп қарадың ай
Қараған қандай сұлу жанарың ай
Қарағым ай
Бұл өмір осылай өтеді екен
Сүймесең дүние бекер екен
Парақтап жинасаң бар ғұмырың
Бір сүйген күніңе ай жете ме екен
Қарағым ай
Қиылып үзіліп қарадың ай
Қараған қандай сұлу жанарың ай
Қарағым ай
Қиылып үзіліп қарадың ай
Қараған қандай сұлу жанарың ай
Ақ тілек
Көктем қандай шырайлы, шұғылалы
Мың құлпырып қызғалдақ құбылады
Бақытты жан екеуміз бар әлемде
Ешкім сырын білмейді мұның әлі
Таң қаламын келбетіңе, қараймын да
Ғарыштағы сәулелерден нәр алдың ба
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені
Оттай ыстық жүрегімнен ар алдың ба
Жан жүрегім елжіреп, сағынғанда
Бір сен едің аңсаған таңым алда
Көзім талды жаутаңдап жұлдыздардан
Көп қарадым көк мұнар, сағымдарға
Таң қаламын келбетіңе, қараймын да
Ғарыштағы сәулелерден нәр алдың ба
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені
Оттай ыстық жүрегімнен ар алдың ба
Асыл жардың аяулы ақ тілегі
Аялаған арманның тәтті лебі
Жалғыз сенің айнымас махаббатың
Тебірентті, толқытты қатты мені
Таң қаламын келбетіңе, қараймын да
Ғарыштағы сәулелерден нәр алдың ба
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені
Оттай ыстық жүрегімнен ар алдың ба
Аққу арман
1.Акқу көгімнің көркі
Айдын көлімнің көркі
Сұлу өмірдің көркі
Сен деп білемін
Сен деп жүрегім
Саған теңедім жаным
Сен едін жаным Аққуым
Қайырмасы:
Ұштың көгімде самғай
Жүзер көлім бар қандай
Қонар айдының болсан
Аққуым арман бар ма ай
Ұштың көгімде самғай
Жүзер көлім бар қандай
Қонар айдының болсан
Аққуым арман бар ма ай
2.Арман Аккуым деді
Аппақ пәктігің бе едің
Шалқып шаттығым менің
Кездескен кезде, жүздескен көзбен
Аңсап көлге ұшқым келді,
Бірге ұшқым келді Аққуым
Қайырмасы:
Ұштың көгімде самғай
Жүзер көлім бар қандай
Қонар айдының болсан
Аққуым арман бар ма ай
Ұштың көгімде самғай
Жүзер көлім бар қандай
Қонар айдының болсан
Аққуым арман бар ма ай
Дудар-ай
Мариям Жагор деген орыс қызы
Он алты, он жетіге келген кезі
Қазаққа Дудар деген ғышақ болып
Сондағы Мариямның айтқан сөзі
Дударайым-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
Қолында Мариямның өткір қайшы
Қағазға Мариям аты жазылсайшы
Қор болып бір жаманға кеткенімше
Алдымнан қазулы көр табылсайшы!
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым
Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір
Басыңа камшат бөрік жарасып түр
Дадур-ай, келер болсаң тезірек кел
Орныңа өңкей жаман таласып жүр
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
другие статьи
-
Республикалық онлайн мүшәйра!
15 апреля, 12:35 -
Абай ілімі – рухани кемелденуге апарар жол
28 августа, 21:11 -
Токаеву рассказали о переводе на казахский язык учебников
2 октября, 23:57 -
В честь Абая назвали улицу в столице Иордании
31 декабря, 20:57 -
Языковая проблема: реализуемы ли «президентские тезисы»?
2 июля, 13:34 -
В АПТЕКЕ / ДӘРІХАНАДА
8 сентября, 21:31