Слабовидящим
Поиск

Новости и объявления

Қазақ тілін цифрлық жүйемен оқуға жол ашылды

21 февраля, 12:29

Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Soyle.kz» порталының IOS платформасындағы мобильдік қосымшасы мен патриоттық тақырыптарға арналған басқа да қосымшалардың тұсаукесерін өткізді.

Іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Атқарушы Директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов  және Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев қатысты.

Мобильді қосымшалар қазақ тілін үйренуді көпшілікке қолжетімді ету, қазақ халқының рухани, әдеби және мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттау, жастар арасында IT-білімдерін қалыптасыру және өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу  мақсатында жасалған. Жаңа отандық ІТ-өнімдер Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы мемлекеттік тілді әрі қарай дамыту және жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеудегі қойылған міндеттерге толығымен сай келеді.

Бұл - өткен жылы Елбасының тілге қатысты жобаларды жүзеге асыру үшін Қорға берген қаржысына ашылған «Abaialemi.kz» онлайн-энциклопедиясының, «Tattialma.kz» балалар әдеби сайтының мобильді қосымшалары. Сондай-ақ, «Менің Қазақстаным», «Қазақстанның ұлы тұлғалары», «Қазақстанның мерекелері» және тұңғыш отандық интелектуалды ойыны – «Кім білгіш?» атты қосымшалары.

Сонымен қатар, Қор Soyle.kz порталының жаңартылған және жаңа бөлімдермен толықтырылған нұсқасымен таныстырды. Сайттың дизайны технологиялық тұрғыдан бүгінгі заман талаптарына сай өзгертілген. «Sozdik.soyle.kz», «Сайттар каталогы», «Мақал-мәтелдер», «Жұмбақтар мен жаңылтпаштар», «Бүгінгі күннің сөзі», «Іс-шаралар афишасы» секілді жаңа бөлімдер жасалған. Мысалы, «Кітапхана» бөлімінде «кітапты жүктеу» функциясы пайдаланушыларға өз кітаптарымен бөлісуге мүмкіндік береді. Латын қаріпіне көшу фунциясы енгізілген. Ағылшынтілді пайдаланушылар үшін порталдың ағылшынша нұсқасын жасау қолға алынды.

 

2016 жылдың қыркүйегінен Soyle.kz әдістемесі бойынша қазақ тілін Skype арқылы оқыту басталды. Бүгінгі таңда Skype арқылы Қазақстан мен шет елдерден 200-ден астам адам тегін қазақ тілін үйреніп жатыр.

Осы жылы Қор ресми іс-қағаздарды жүргізуді онлайн үйрететін тұңғыш —  «Quzhat.kz» атты (іскери құжаттар үлгілері) тегін интернет порталын және қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениеті мен тарихын қамтитын «Жеті қазына» атты мобильді қосымшасын әзірлеуде.
Аталған жобалар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржысына  жүзеге асырылды.

Анықтама үшін:

Soyle.kz – 2013 жылдың желтоқсанында ашылған қазақ тілін тегін үйрететін тұңғыш онлайн портал. Ашылғалы бері Қазақстан мен шет елдерден 1,5 млн.-нан астам  адам портал қызметін пайдаланса, тіркеліп оқып жатқандардың саны 50 мыңнан асты. «Soyle.kz» порталының әлеуметтік желілері арқылы 20 мыңнан астам адам  қазақ тілін үйреніп жатыр. Android  және iOS платформаларындағы «Soyle» қосымшасын 30 мыңнан астам адам жүктеп алса, «bala.soyle.kz» балалар сайтын күнделікті 1,5 мыңнан астам жас жеткіншектер пайдалануда.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі.

Тел.:74-29-09, 74-36-90

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!