Слабовидящим
Поиск

Слушаем (песни с текстами)

Димаш Құдайбергеновтің орындауындағы әндер

16 мая, 10:42

Kazakhstan.mp3

Димаш Құдайберген – Қазақстан

Қымбат қой атың маған

Туған ел батыр бабам

Найзағай намыс отын

Көзіңде лапылдаған

Куә боп жатыр далам

 

қайырмасы:

Туған ел Қазақстаным

Саған ғашық мен бір бала ем

Туған ел Қазақстаным

Бас иеді саған бар әлем

 

Жайнаған алап қандай

Тәуелсіз таң атқандай

Тәңірі бар қазақты

Батыр қып жаратқандай

Қайтемін қанаттанбай

 

қайырмасы:

Туған ел Қазақстаным

Саған ғашық мен бір бала ем

Туған ел Қазақстаным

Бас иеді саған бар әлем


dimash_kudajbergenov_dajdidau_NaitiMP3.ru.mp3

Димаш Құдайберген – Дайдидау

Хат жаздым қалам алып сізге еркем,

Жүзің бар он төртінші-ай айдай көркем.

Есіме сен түскенде, беу қарағым,

Қозғайсың қатып қалған-ай іштің дертін.

 

Уай, дайдидау-ай,

Қозғайсың қатып қалған-ай іштің дертін.

 

Шынымен менен достым қалғаның ба,

Мойныңа айырылуды-ай алғаның ба?

Екеуіміз айрылмастай тату едік,

Қайтейін уәдеңнің-ай жалғанына.

 

Уай, дайдидау-ай,

Қайтейін уәдеңнің-ай жалғанына.

 

Dimash-Kudaibergen-Mahabbat-ber-magan-agugai.kz_.mp3

Димаш Құдайберген – Махаббат бер маған 

Жан жүдеу, жабырқау — мұңайдым,
Айға ұқсап аспандағы,
Сен мені биіктет сұраймын.
Тағдырдың баспалдағы.

Қ-сы
Махаббат бер маған тағдыр
Махаббат бер маған
Махаббат бер маған тағдыр
Жүректі қозғаған.
Жанымды жалынға орап,үзілмей маздаған.

Махаббат бер маған тағдыр
Махаббат бер маған
Ешқашан, ешкімде,еш кез болмаған.

 

Бұл өмір арманнан тұрады
Қол жетпес асқақ бәрі
Шың-құздан сан мәрте құладым
Сан мәрте асқақтадым

Қ-сы
Махаббат бер маған тағдыр
Махаббат бер маған
Махаббат бер маған тағдыр
Жүректі қозғаған.
Жанымды жалынға орап,үзілмей маздаған.

Махаббат бер маған тағдыр
Махаббат бер маған
Ешқашан, ешкімде,еш кез болмаған.

 

Өшпейді үміттің шырағы,
Қиыннан жасқанбадым.
Қай жерде бақыттың тұрағы?
Самғайды қасқалдағың!..

 

umutylmas_kyn.mp3

Димаш Құдайберген – Ұмытылмас күн

Бір көргеннен ғашық болдым өзіңе

Еркелеген балдай тәтті сөзіне

Қылығынмен баурап алдын жанымды

Қарай бердім нұрға толы жүзіне

 

Пай пай шіркін ұмытылмас күн

Пай пай шіркін ұмытылмас күн

 

Аңсап күткен арманым сен

Алаулаған таңдарым сен

Ала таңдай қалайтын

Аңсағаным сен

 

Жүрекке ешкім жүргізе алмас әмірін

Сөндіре алмас сезімімнін жалынын

Бақыттыммын бұл әлемге сені егер

Тағдырыма тарту етсе тағдырым

 

Пай пай шіркін ұмытылмас күн

Пай пай шіркін ұмытылмас күн

 

Аңсап күткен арманым сен

Алаулаған таңдарым сен

Ала таңдай қалайтын

Аңсағаным сен

 

erkeletiin.mp3

Димаш Құдайберген - Еркелетейін

 

karatorgai.mp3

Димаш Құдайберген - Қараторғай

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!