Новости и объявления
Орфографиялық жұмыс тобы құрамындағы ғалымдар онлайн дәрісті жалғастырады
27 апреля, 11:42
Көпшіліктің сұрауы бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2020 жылдың 28-30 сәуір аралығында «ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖАЗУДЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» тақырыбындағы онлайн дәрісті жалғастырады. Дәрісті ҚР Үкіметі жанындағы «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру» жөніндегі Ұлттық комиссияның Орфографиялық жұмыс тобы ғалымдары оқиды.
Онлайн дәрістің мақсаты – сөздерді бірге, бөлек және дефиспен жазу мәселелері жайында қоғамға кең көлемде ақпарат беру, оңтайлы әліпби жасаудың алғышарттары және и мен у-ды жетілдірілген әліпбиде бір таңбамен берудің себебін, оның фонетикалық негіздерін түсіндіру.
Онлайн дәрісті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары Нұргелді Уәли, Құралай Күдеринова және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы Анар Фазылжанова оқиды.
Онлайн дәріске еліміздің барлық өңіріндегі Тіл басқармалары мен оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері, оқытушылары, сонымен қатар жоғары оқу орындарының филологтары, магистранттары мен докторанттары қатысады. Дәріс фейсбук желісіндегі ONLINE-da bol парақшасындада көрсетіледі.
Дереккөз: qazaquni.kz
другие статьи
-
Жас түлектерге ата-аналары айтатын тілектер
26 мая, 9:46 -
ОТБАСЫ ЖАЙЛЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕР
14 сентября, 11:00 -
Үйлену және үй болу / Брак и семья
1 апреля, 12:54 -
Опубликован список грантов на 2020-2021 учебный год
25 мая, 20:04 -
СӨЗДІК ҚОРЫМЫЗДА ҚАНША СӨЗ БАР?
6 августа, 21:26 -
Традицию асар возрождают в Жамбылской области
10 июня, 10:47