Новости и объявления
«Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты олимпиада өтті
4 февраля, 18:42
Өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІV республикалық қашықтық олимпиадасы өтті
Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Ұлттық тест орталығының КАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасымен бірлесіп Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІV республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңін 2020 жылғы 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «NURORDA» халықаралық мектеп-лицей базасында өткізді.
Олимпиаданың қашықтық кезеңіне Республика бойынша 2470 оқушы қатысты, ең жоғары 59-60 ұпай жинаған оқушылар Нұр-Сұлтан қаласына қорытынды кезеңге шақырылды. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Республикамыздың барлық облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып арасынан 37 оқушы қатысты.
Қорытынды кезенде қатысушылар лексика, грамматика және тыңдалым бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының дайындаған тест тапсырмаларын орындады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталды. Ең үздік жоғары ұпай жинаған 5-7 сынып арасынан Ли Арыстанға (Нұр-Сұлтан қ., ұлты кәріс), 8-10 сынып арасынан Кадимова Гульчинге (Жамбыл облысы, ұлты түрік) «Балдаурен» РОСО -ға жолдама тапсырылды.
Олимпиада аясында оқушыларға психологиялық тренингтер өткізілді, барлық қатысушыларға «Дарын» РҒПО-ның логотипі бар футболкалар және Мемлекеттік тілді дамыту қорының дайындаған «Тәтті алма» атты кітабы таратылды. Сонымен қатар, барлық қонақтарға Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Дереккөз: qazaq-found.kz
другие статьи
-
Вышла семейная комедия "Каникулы off-line 2"
13 апреля, 23:06 -
«Слова назидания» Абая переведены на узбекский язык
3 ноября, 10:56 -
Кушербаев принял участие в презентации сборников казахской литературы
14 февраля, 15:33 -
Грамматика казахского языка таблицах и схемах
13 мая, 21:24 -
Онлайн-выставка к 175-летию Абая проходит в Семее
12 июля, 14:56 -
Назарбаев университетіне түсу үшін қандай емтихан тапсыру керек?
4 ноября, 11:12