Новости и объявления
Төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту бойынша шаралар қолға алынды
2 апреля, 17:52
Елдегі төтенше жағдайға байланысты Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты оқу орындары қашықтан оқыту бойынша шараларды қолға алды. Бұл туралы министр Ақтоты Райымқұлова айтып берді.
«Мәдениет, өнер және спорт саласы бойынша білім беретін ұйымдар оқу процесін Білім және ғылым министрлігі ұсынған нұсқаулар мен әдістемелік материалдарды сынақтан өткізіп келеді, мектеп-интернат, колледж ұстаздары әсіресе, шалғай елді-мекендерде тұратын балалардың жағдайын жан-жақты зерделей келе «Күнделік», «Googlе klass room», «ZOOM», «WhatsApp», «Telegram» сияқты 5 платформаны қолданады»,- деді Ақтоты Райымқұлова.
Оның айтуынша, ұйымдастыру барысында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша «АИС Platonus» және қашықтан оқыту жүргізілетін MOODLE, Zoom платформаларына көшті.
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» да мемлекеттік тілді онлайн оқытуды бастап кетті», деді министр.
Дереккөз: egemen.kz
другие статьи
-
"Болашақ" халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды
27 июля, 21:47 -
Шәмші Қалдаяқовтың әндері
14 ноября, 20:42 -
Сөйлеу мәдениеті
5 октября, 16:10 -
Певец Сон Паскаль: Я выучил казахский язык в такси
1 марта, 18:11