Пишем
Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний (Р - С)
4 марта, 4:07Сборники Рауля Керимбаева – это живая разговорная речь, они отличаются от от всех других сборников, в которых собраны стандартные фразы по различным темам.
Краткий русско-казахский сборник фраз и устойчивых словосочетаний
Р
| Работа важнее. | Жұмыс маңыздырақ. |
| Работа над ошибками. | Қатемен жұмыс. |
| Работа никуда не убежит. | Жұмыс ешқайда қашпас. |
| Работа есть работа. | Жұмыстың аты жұмыс. |
| Работайте самостоятельно. | Өз бетіңізбен жұмыс істеңіз. |
| Работодатель. | Жұмыс беруші. |
| Работы много, времени мало. | Жұмыс көп, уақыт аз. |
| Рабочая обстановка. | Жұмыс ахуалы. |
| Равны ли женщина и мужчина? | Әйел мен еркек тең бе? |
| Рад слышать. | Естігеніме қуаныштымын. |
| Раз начал говорить, заканчивай. | Бастаған сөзді аяққа жеткіз. |
| Разбитую чашку не склеишь. | Сынған кесені қайтып құрай алмайсың. |
| Разве мы так договаривались? | Біз осылай келістік пе? |
| Разве так можно? | Солай етуге бола ма? |
| Разве так решают проблемы? | Мәселелерді осылай шеше ме екен? |
| Разве так шутят? | Сондай қалжың бола ма? |
| Разве это так? | Осылай ма еді? |
| Развитые страны. | Дамыған елдер. |
| Разговаривайте, я не буду мешать. | Сөйлесе беріңдер, мен бөгет болмаймын. |
| Разделяем Вашу радость! | Қуанышыңызға ортақпыз! |
| Разделяй и властвуй. | Бөліп ал да, билей бер. |
| Размечтался. | Армандапсың. |
| Разобью его вдребезги. | Оның быт-шытын шығарамын. |
| Разрешите Вам помочь. | Көмектесуге рұқсат етіңіз. |
| Разрешите выйти? | Шығуға рұқсат па? |
| Разрешите доложить? | Баяндауға рұқсат етіңіз? |
| Разрешите мне сказать? | Айтуыма рұқсат етіңізші? |
| Разрешите нам идти. | Бізге кетуге рұқсат етіңіз. |
| Разрешите объяснить. | Түсіндіруге рұқсат етіңіз. |
| Разрешите посмотреть (документ)? | Қарап шығуға рұқсат беріңіз? |
| Разрешите представиться. | Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіз. |
| Разрешите пройти, пожалуйста. | Өтіп кетуге рұқсат етіңізші. |
| Рано или поздно всё встанет на свои места. | Ерте ме, кеш пе бәрі өз орнына келеді. |
| Рано или поздно придётся возвращать. | Ерте ме, кеш пе қайтару керек. |
| Рано или поздно так будет. | Ерте ме, кеш пе солай болады. |
| Рано или поздно ты всё поймёшь. | Ерте ме, кеш пе сен барлығын түсінесің. |
| Рано или поздно, это бы случилось. | Ерте ме, кеш пе осылай болар еді. |
| Раньше было так. | Бұрын солай болатын. |
| Раньше где Вы работали? | Бұрын қайда жұмыс істедіңіз? |
| Раньше ты не был таким. | Бұрын мұндай емес едің. |
| Распивать спиртные напитки строго запрещено. | Спиртті ішімдіктерді ішуге қатаң тыйым салынады. |
| Расписка была подписана в моём присутствии. | Қолхатқа менің көзімше қол қойылды. |
| Распишитесь здесь. | Мына жерге қол қойыңыз. |
| Располагайся поудобнее. | Жайғасып отыр. 2. Жайғаса бер. |
| Расскажи мне всё по порядку. | Маған бәрін рет-ретімен айтып берші. |
| Расскажи сначала об этом. | Соныңды айтшы алдымен. |
| Рассмешили же Вы меня. | Күлкімді келтірдіңіз ғой. |
| Рассмотрено ли моё заявление? | Менің өтінішім қаралды ма екен? |
| Рассмотрим любые предложения. | Кез келген ұсыныстарыңызды қарастырамыз. |
| Реализация планов. | Жоспарды жүзеге асыру. |
| Реальное положение дел. | Iстiң нақтылы жайы. |
| Ребёнку, который не плачет, грудь не дают. | Жыламаған балаға емшек бермейді. |
| Редко встречающееся слово. | Сирек кездесетін сөз. |
| Результата ещё нет. | Нәтиже әлі шыққан жоқ. |
| Результатом я доволен. | Нәтижеге көңілім толды. |
| Результаты проверки. | Тексеру қорытындысы. |
| Резюмируя... | Түйіндей айтқанда... |
| Рекомендации комиссии. | Комиссияның ұсыныстары. |
| Решаем производственные вопросы. | Өндірістік мәселелерді шешіп жатырмыз. |
| Решение принято. | Шешім қабылданды. |
| Решение суда. | Сот шешімі. |
| Решил тебя повидать. | Сені көріп кетейін деп едім. |
| Решили зайти к тебе. | Саған келіп кетуге бел будық. |
| Рот всем не закроешь. | Елдің аузына қақпақ бола алмайсың. |
| Ругаемся, миримся, опять ругаемся. | Ұрсысамыз, татуласамыз, тағыда ұрсысамыз. |
| Рука у вас лёгкая. | Қолыңыз жеңіл екен. |
| Руководитель кадровой службы. | Кадр қызметінің басшысы. |
| Руководство к действию. | Іс-әрекетке басшылық. |
С
| С большим удовлетворением. | Зор қанағатпен. |
| С большой радостью. | Зор қуанышпен. |
| С Вами приятно общаться. | Сізбен тілдесу бір ғанибет. |
| С возвращением. | Қайта оралуыңмен. |
| С голоду ты не умрёшь, работа всегда найдётся. | Аштан өлмейсің, екі қолға бір күрек қашан да табылады. (букв.: С голоду ты не умрёшь, для двух рук лопата всегда найдётся). |
| С детства интересуюсь. | Бала күнімнен қызығамын. |
| С другой стороны. | Екінші жағынан. |
| С занесением в личное дело. | Жеке басының ісіне жазып қою. |
| С каждым днём происходит всё больше интересных вещей. | Күннен күнге қызық нәрселер көбейіп бара жатыр. |
| С каких это пор ты стал мне врать? | Сен осы қашаннан бері маған өтірік айтатын болғансың? |
| С какой целью? | Қандай мақсатпен? |
| С моей точки зрения. | Менің көзқарасым бойынша. |
| С нашей стороны всё правильно. | Біз жақтан бәрі дұрыс. |
| С нашей точки зрения. | Біздің ойымызша. |
| С нетерпением жду Вашего ответа! | Жауабыңызды тағатсыздана күтемін! |
| С ним мы встретимся после обеда. | Онымен түстен кейін жолығамыз. |
| С ним невозможно говорить. | Онымен сөйлесу мүмкін емес. |
| С нового года повысят зарплату. | Жаңа жылдан бастап жалақы көбейетін болады. |
| С одной стороны, это правильно. | Бір жағынан, бұл дұрыс. |
| С одной стороны, я радуюсь, с другой – боюсь. Что же будет...? | Бір жағынан, қуанып тұрмын, бір жағынан, қорқып тұрмын. Не болар екен...? |
| С первого раза. | Бірінші реттен. |
| С приездом Вас, на нашу Павлодарскую землю! | Біздің Павлодар еліне келуіңізбен! |
| С проблемами мы вроде справляемся. | Мәселелерімізді шешуге шамамыз жетіп жатқан сияқты. |
| С разрешения начальника. | Бастықтың рұқсатымен. |
| С самого начала знал, что так будет! | Осылай болатынын басынан білгенмін! |
| С сегодняшнего дня приступайте к работе. | Бүгіннен бастап жұмысқа кірісіңіз. |
| С удовольствием. | Шын көңілмен. |
| С утра до вечера. | Таңертеңнен кешке дейін. |
| С учётом НДС. | Қосылған құн салығын (ҚҚС) ескере отырып. |
| С чего же мне начать? | Неден бастасам екен? |
| С чего начнём? | Неден бастаймыз? |
| С чего это ты на такси раскатываешься? | Неменеге жетісіп, таксилетіп жүрсің? |
| С чем пожаловали? | Не шаруамен келіп қалдыңыз? |
| С этого всё и началось. | Бәрі осыдан басталды. |
| С этого тебе надо было начинать! | Басынан бастап солай демейсің бе! |
| Садись в такси и быстро приезжай на работу. | Таксиге отыр да, жұмысқа тез кел. |
| Садись поближе. | Жақынырақ отыр. |
| Садитесь рядом со мной. | Менің қасыма отырыңыз. |
| Садитесь, что стоите? | Отырыңдар, неғып тұрсыңдар? |
| Сам выбери свою дорогу. | Өз жолыңды өзің таңда. |
| Сам заварил кашу, сам расхлёбывай . | Өзін былықтырдың, өзің шеш. |
| Сам знаешь, всякое может случиться. | Өзің білесің ғой, бәрі де болуы мүмкін. |
| Сам иди, тебе же нужно. | Өзін бар, саған керек қой. |
| Сам не может связать два слова по-казахски. | Өзі қазақша екі сөздің басын құрай алмайды. |
| Сам себе хозяин. | Өзіне өзі қожа. |
| Сам что делал? | Өзің не істедің? |
| Сами подумайте, зачем мне это нужно? | Өзіңіз ойлаңызшы, ол маған не үшін керек? |
| Самое главное – здоровье, мир среди людей. | Ең бастысы, бас амандығы, елдің тыныштығы. |
| Самое главное, не паникуйте. | Ең бастысы, абыржымаңыз. |
| Самое интересное только начинается. | Ең қызығы енді басталады. |
| Самое меньшее. | Ең кем дегенде. |
| Санитарный день. | Санитарлық күн. 2.Тазалық күні. |
| Сведения об авторах. | Авторлар туралы мәліметтер. |
| Сверхурочная работа. | Үстеме жұмыс. |
| Светское государство. | Зайырлы мемлекет. |
| Свидетельские показания. | Куәгерлердің түсініктері. |
| Свобода слова. | Сөз бостандығы. |
| Сводка о погоде. | Ауа райы мәліметі. |
| Своевременно и в полном объёме | Дер кезінде және толық көлемінде. |
| Свои проблемы я решу сам. | Өз мәселемді өзім шешемін. |
| Своих не бросаем. | Өз адамдарымызды қиындықта қалдырмаймыз. |
| Сгинь с глаз моих! | Көзіме көрінбей, жоғал! |
| Сделаем всё возможное. | Қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. |
| Сделай мне предложение, пожалуйста, от которого нельзя отказаться. | Маған бас тартпайтын ұсыныс жасашы. |
| Сделай что-нибудь. | Бірдеңе істесеңші. 2. Бір нәрсе істесеңші. |
| Сделайте копию. | Көшірмесін жасаңыз. |
| Сделайте это тихо, чтобы никто не узнал. | Мұны ешкімге білдірмей жасаңыз. |
| Сделал специально для Вас. | Сізге арнап жасадым. |
| Сделанное добро зря не пропадет. | Жақсылық жерде қалмайды. |
| Сделаю всё, что смогу. | Қолымнан келгеннің бәрін істеймін. |
| Себя в обиду не давай. | Өз есеңді ешкімге жіберме. |
| Сегодня – Ваш день. | Бүгін — Сіздің күніңіз. |
| Сегодня был очень удачный день. | Бүгін өте сәтті күн болды. |
| Сегодня в Алматы было землетрясение. | Бүгін Алматыда жер сілкінісі болды. |
| Сегодня или завтра. | Бүгін я ертең. |
| Сегодня какое число? | Бүгін нешесі? |
| Сегодня какой день недели? | Бүгін аптаның қай күні? |
| Сегодня мы встретиться не сможем. | Бүгін кездесе алмаймыз. |
| Сегодня мы не работаем. Сегодня – санитарный день. | Бүгін біз жұмыс істемейміз. Бүгін – тазалық күні. |
| Сегодня мы неплохо поработали. | Бүгін жаман жұмыс істеген жоқпыз. |
| Сегодня наш праздник. | Бүгін біздің мереке. |
| Сегодня отлежусь, приду в себя. Не волнуйся. | Бүгін демалып, өз-өзіме келемін. Уайымдама. |
| Сегодня прекрасно выглядите. | Бүгін құлпырып тұрсыз. |
| Сегодня третье. | Бүгін үші. |
| Сегодня ты мне не нравишься. | Бүгін маған ұнап тұрған жоқсың. |
| Сегодня ты что-то рано пришёл. | Бүгін ерте келдің ғой. |
| Сегодня у меня день рождения. | Бүгін менің туған күнім. |
| Сегодняшняя молодёжь не работает по своей специальности. | Бүгінгі жастар өз мамандықтарымен жұмыс істемейді. |
| Сезонная работа. | Маусымдық жұмыс. |
| Сейчас всё выясним. | Қазір бәрін анықтаймыз. |
| Сейчас всё деньгами решается. | Қазір бәрі ақшамен шешіледі. |
| Сейчас все сплошь грамотны. | Қазір бәрі тегіс сауатты. |
| Сейчас начальник занят. | Қазір бастық бос емес. |
| Сейчас ничего не могу сказать. | Қазір ештеңе айта алмаймын. |
| Сейчас он совершенно изменился. | Қазір ол мүлде өзгерді. |
| Сейчас рыночное время. | Қазір нарық заманы. |
| Сейчас свободная жизнь, свободный стиль. | Қазір еркін өмір, еркін стиль. |
| Сейчас тебе что-то скажу. Но ты поклянись, что никому не скажешь. | Қазір саған бірдеңе айтамын. Бірақ ешкімге айтпаймын деп ант бер. |
| Сейчас ты у меня получишь. | Қазір таяқ жейсің. |
| Сейчас у меня денег нет. | Қазір ақшам жоқ. |
| Сейчас узнаю. | Қазір біліп келемін. |
| Сейчас я покажу тебе что-то интересное. | Мен саған қазір қызық бірдеңе көрсетемін. |
| Сейчас я принесу. | Қазір мен алып келемін. |
| Секрет успеха. | Табыстың құпиясы. |
| Семь раз отмерь, один раз отрежь. | Жеті рет өлшеп, бір рет кес. |
| Сиди здесь, пока я не приду. | Мен келгенше осында отыр. |
| Сиди, не заносись! | Отыр, әкіреңдемей! |
| Сиди-ка, не сходи с ума. | Сен осы құтырмай отыршы. |
| Сидя дома денег не заработаешь. | Үйде отырып, ақша таппайсың. |
| Сила воли. | Ерік күші. |
| Сильно не радуйся. | Қатты қуанба. |
| Сильно сказано. | Күшті айтылған екен. |
| Синхронный перевод. | Ілеспе аударма. |
| Скажешь про себя и оставишь. | Ішіңнен айтасың да қоясың. |
| Скажешь тоже. | Сен де айтады екенсің. |
| Скажи причину. | Себебін айт. |
| Скажи снова. | Қайта айтшы. |
| Скажи что-нибудь, пожалуйста. | Бірдеңе айтшы. |
| Скажи, что не знаешь. | Білмеймін деп айта сал. |
| Скажите мне это... | Маған мынаны айтыңызшы... |
| Скажите, пожалуйста, простым языком. | Қарапайым тілмен айтып беріңізші. |
| Скажите, что меня нет. | Мені жоқ деп айтыңыз. |
| Скажу тебе по секрету. | Саған құпиялап айтайын. |
| Сказано-сделано. | Айтты-орындалды. |
| Сказать тебе что-то? | Мен саған бір нәрсені айтайын ба? |
| Склероз – неизлечимая болезнь. | Склероз – емделмейтін ауру. |
| Сколько бы я ни искал, так и не нашёл. | Қанша іздесем де, таба алмадым. |
| Сколько времени прошло с тех пор, как начали учить? - Два года. |
Қанша уақыт болды үйренгеніңізге? - Екі жыл болды. |
| Сколько времени уйдёт на транспортировку? | Тасымалдауға қанша уақыт жұмсалады? |
| Сколько мне ждать? | Қанша күтуім керек? |
| Сколько можно говорить о работе, давай поговорим о другом. | Жұмыс туралы қашанғы сөйлесеміз, басқа тақырып туралы айтайық. |
| Сколько ни говори, ему всё равно. | Оған не айттың, не айтпадың бәрібір. |
| Сколько раз Вам нужно повторять? | Сізге қаншама рет қайталауға болады? |
| Сколько раз могу говорить? | Қанша рет айтамын? |
| Сколько раз тебе говорил: «Не морочь мне голову!» | Саған қанша рет айттым: «Басымды қатырма!» |
| Сколько раз тебе нужно говорить? | Саған неше рет айтуға болады? |
| Сколько раз я тебе предлагал. | Саған қанша рет ұсындым. |
| Сколько скажешь, столько и дадим. | Қанша десең, сонша береміз. |
| Сколько ты зарабатываешь? | Айлығың қанша? |
| Сколько у Вас детей? | Сіздің неше балаларыңыз бар? |
| Сколько это может продолжаться? | Бұл қашанға дейін созылады? |
| Скоропостижно скончался. | Кенеттен қайтыс болды. |
| Славный сын казахского народа. | Қазақ халқының даңқты перзенті. |
| Следите за своими словами. | Тіліңізге ие болыңыз. 2. Байқап сөйлеңіз. |
| Следствие не дало никаких результатов. | Тергеу ешқандай нәтиже бермеді. |
| Следующий! | Келесі! |
| Служебное расследование. | Қызметтік тексеру. |
| Служебные вопросы. | Қызметтік мәселелер. |
| Служебный роман. | Қызметтегі роман. |
| Служу Республике Казахстан! | Қазақстан Республикасына қызмет етемін! |
| Случай связан с деятельностью жертв преступления. | Оқиға қылмыс құрбандарының қызметімен байланысты. |
| Случайно допущенная ошибка. | Байқаусыз кеткен қате. |
| Случилась неприятная ситуация. | Бір ыңғайсыз жағдай болып қалды. |
| Случилась такая ситуация. | Осындай жағдай болды. |
| Слышали новость? | Жаңалықты естідіңдер ме? |
| Смирно. (арм.) | Тік тұр. |
| Смотри, как он зачирикал. | Шырылдап кеткенін қарашы. |
| Смотрите на обороте. | Келесі бетке қараңыз. |
| Сначала вы, пожалуйста, исправьте свою жизнь... | Сіздер алдымен өз өмірлеріңізді түзетіп алыңыздаршы… |
| Сначала научись правильно писать. | Алдымен дұрыстап жазуды үйрен. |
| Сначала подумайте, потом пишите. | Алдымен ойлаңыз, сосын жазыңыз. |
| Сначала посоветуемся с народом. | Алдымен халықпен кеңесейік. |
| Сначала распечатайте эти документы, пожалуйста. | Алдымен мына құжаттарды шығарып беріңізші. |
| Сними верхнюю одежду. | Сырт киіміңді шеш. |
| Со временем вы свыкнетесь. | Уақыт өте келе үйреніп кетесіз. |
| Со всех концов, всесторонне. | Жан-жақтан. |
| Со вчерашнего дня. | Кешеден бері. |
| Со мной спорить не нужно. | Менімен айтысудың қажеті жоқ. 2. Менімен салғыласудың қажеті жоқ. |
| Соберись с силами. | Күшіңді жинап ал. |
| Собираемся сегодня вечером выехать. | Біз кешке жолға шыққалы отырмыз. |
| Собирай вещи и освободи место. | Заттарды жина да, орныңды босат. |
| Собираюсь на работу. – Какая работа? Сегодня же суббота. |
Жұмысқа жиналып жатырмын. - Қайдағы жұмыс? Бүгін сенбі ғой. |
| Соблюдайте правила пожарной безопасности. | Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаңыздар. |
| Соблюдайте режим труда и отдыха. | Еңбек пен демалыс тәртібін сақтаңыз. |
| Соболезнуем Вам. | Сіздің қайғыңызға ортақпыз. |
| Совершенно неожиданно. | Ойламаған жерден. |
| Советский Союз. | Кеңес Одағы. |
| Совместное предприятие. | Бірлескен кәсіпорын. |
| Согласен, я совершил глупость. | Келісемін, ақымақтық жасаппын. |
| Согласно приказу. | Бұйрық бойынша. |
| Согласно решению. | Шешімге орай. |
| Согласованный план. | Келісілген жоспар. |
| Содружество независимых государств (СНГ). | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД). |
| Соединенные штаты Америки (США). | Америка құрама штаттары (АҚШ). |
| Сожалею о потерянном времени. | Босқа өткен уақытқа өкінемін. |
| Созданы благоприятные условия для работы. | Жұмыс үшін қолайлы жағдай жасалған. |
| Сон в руку. | Түсінде көргені өңінде келді. |
| Сообщаем следующее. | Мынаны хабарлаймыз. |
| Состав семьи. | Отбасы құрамы. |
| Составлено в 3 экземплярах. | Үш дана етіп жасалған. |
| Составляется в произвольной форме. | Еркін түрде жасалады. |
| Сохраните этот файл. | Мына файлды сақтаңыз. |
| Социальная защита и занятость населения. | Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту. |
| Спасите! | Құтқарыңдар! |
| Списать по акту. | Акт бойынша есептен шығару. |
| Справка о местожительстве. | Тұрғынжайы туралы анықтама. |
| Спроси что-нибудь полегче. | Жеңілірек бірдеңе сұрашы. |
| Спустя 20 лет. | Жиырма жыл өткен соң. |
| Сразу бросается в глаза. | Бірден көзге түседі. |
| Средства массовой информации (СМИ). | Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ). |
| Срок годности истёк. | Жарамдылық мерзімі бітті. 2. Жарамдылық мерзімі өтіп кетті. |
| Срочно зайдите ко мне в кабинет. | Кабинетіме шұғыл түрде келіңіз. |
| Стаж работы. | Жұмыс өтілі. |
| Стандартный лист бумаги. | Қалыпты қағаз парағы. |
| Старайся быть терпеливым. | Шыдамды болуға тырыс. |
| Старайтесь приходить вовремя. | Уақытында келуге тырысыңыз. |
| Сто процентов гарантии может дать только Бог. | Жүз пайыз кепілдік тек Құдайдың қолында. |
| Стой, стрелять буду! (арм.) | Тоқта, атамын! |
| Стопроцентно точная информация. | Жүз пайыз анық ақпарат. |
| Стороны пришли к соглашению. | Тараптар келісімге келді. |
| Стране нужны квалифицированные рабочие руки. | Елге білікті жұмыс қолы қажет. |
| Строго запрещается. | Қатаң түрде тыйым салынады. |
| Структурное подразделение. | Құрылымдық бөлімше. |
| Стучаться Вас не научили? | Есікті қағу дегенді білмейсіз бе? |
| Сходи узнай. | Барып біліп келші. |
| Счастливого тебе пути! | Сапарың сәтті болсын! |
| Счастье в довольстве. | Бақыт шүкірлікте. |
| Счастье не только в деньгах. | Бақыт ақшада ғана емес. |
| Считайте, что мы Вас простили. | Біз Сізді кешірді деп ойлай беріңіз. |
| Считать недействительным. | Жарамсыз деп саналсын. |
| Считаю до трёх. | Үшке дейін санаймын. |
| Сыт, одет. Живёшь беззаботно. | Қарның тоқ, киімің бүтін. Рахаттанып өмір сүріп жатырсың. |
| Сядь вон туда. | Ана жаққа барып отыр. |
другие статьи
-
12 вузов проверяют в Казахстане
8 октября, 8:04 -
ҚАЗАҚТЫҢ КИІМІ ТҮРЛЕРІ
30 мая, 14:26 -
Объявлены имена победителей конкурса «Абай әлемі»
7 октября, 18:56 -
Сыпырғыш. Шаңсорғыш. Электр қуатын есептегіш
3 октября, 22:07 -
Ұстаз туралы қанатты сөздер
29 февраля, 14:14