Новости и объявления
Қазақтардың өзіне қазақ тілін үйретіп жүрген корей жігіті туралы не білеміз?
5 февраля, 22:25Астана қаласында қазақ тілін үйренгісі келетіндерге арналған "Мәміле-Тен" атты клуб ашылды. Оның негізін қалаушы корей жігіті Владислав Тен деп хабарлайды el.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Владислав Тен Өзбекстанда туып-өсіп, 22 жасына дейін тек орыс тілінде сөйлеген екен. Университеттің үшінші курсында оқып жүргенде Кореяда тағылымдамадан өтуге ұсыныс алып, шұғыл арада ағылшын тілін үйренген.
Осылайша оның тілдерге деген қызығушылығы оянған екен. Ағылшын тілінен кейін өзбек тілін де меңгерген Владислав бес тілде еркін сөйлейді.
"Қазақстанға 2010 жылы көшіп келдім. Бастапқыда президенттің іс басқармасының медициналық орталығында жұмыс істедім. Негізгі жұмысыммен қатар тілдерді үйренуді жалғастыра бердім. Бір жарым жылдың ішінде қазақ тілін үйреніп шықтым. Уақыт өте тіл үйренудің өзіндік әдістемем қалыптаса бастады. Сөйтіп, осы әдіс бойынша өзгелерге тіл үйретуді жөн көріп, тіл үйрету орталығын аштым", - деген Владиславтың қазақ тілін үйретудегі әдісі ерекше.
"Мен қазақ тілін басқаша үйретемін, оған шет тілі ретінде қараймын. Себебі басқа ұлт өкілі үшін де, қазақ тілін білмейтін қазақ үшін де, қазақ тілі ол шет тілі. Көптеген оқулықтар жаңа бір тақырыпты адам осыған дейін оны білуге міндетті сияқты қылып түсіндіреді. Бірақ, іс жүзінде тілді мүлдем білмейтін адамға бәрі таңсық. Оқытушылар қазақ тілін үйреткенде өзін оқушының орнына қойып, бәрін басынан бастап түсіндіруі керек", - дейді ол.
Владислав өзін "бастап беруші" ретінде есептейді, себебі ол тіл үйренудің бастапқы ережелерін ғана көрсетеді. Ал ары қарай тіл үйретуді білікті, тәжірибелі мамандарға тапсырады екен. Сонымен қатар Владиславтың сөзінше, соңғы уақытта қазақ тілін үйренгісі келетін адамдар саны көбейіп келеді.
"Біздің орталыққа келіп тіл үйреніп, жекелей сабақ алып жүрген, бірақ есімдерінің жасырын болғанын қалайтын танымал тұлғалар да бар. Олардың бұл ниеті, бастамалары мені қатты қуантады. Менің қазақ тіліне қосып жатқан үлесім 1% болса, осының өзі маған үлкен мәртебе, демек мен бекер өмір сүріп жүрген жоқпын", - дейді Владислав Тен.
Читайте больше: https://kaz.nur.kz
другие статьи
-
Мұғалімдер күніне арналған конкурс
20 сентября, 19:39 -
Бойынша / Сәйкес
22 февраля, 3:54 -
Димаш Кудайберген даст онлайн-концерт
3 декабря, 19:34 -
Мемлекеттік тілді талап ететін уақыт жетті – Тіл комитетінің төрағасы
26 сентября, 10:56 -
КҮН ТӘРТІБІ / РЕЖИМ ДНЯ
5 апреля, 3:04