Читаем
АРҒЫ ТЕГІН АСПАННАН ІЗДЕГЕНДЕР
3 октября, 22:09
Үлпілдеген Ақ Мақта жолдың жиегінде өскен жабайы Түйе Тікенге мақтанып:
- Сен менімен ойнама! Біздің арғы аталарымыз аспандағы Ақша Бұлттан тараған, - дейді бірде.
- Болса болар, - дейді әлгі әңгімені естіп қалған қыз құлағындағы Сұлу Сырға. – «Біздің арғы атамыз қора төбесіне шаншулы қол орақтай әдемі аймен ағайын» деп айтып отыыратын менің әжем. Несі бар?! Таң қалатын түгі де жоқ!
- Шынында да таң қалатын түгі де жоқ! – дейді Сырғаның әңгімесін Доға одан әрі іліп әкетіп. – Біз, мысалы, жазғы жылы жаңбырдан соң жарқ етіп шыға келетін керемет Кемпірқосақпен жақын туыс болып келеміз!
Бұлардың парықсыздау әңгімесін әрі тыңдап, бері тыңдап, әбден ығыр болған Түйе Тікен:
- Айтпай-ақ қояйын деп едім, болмадыңдар ғой! – деді. – Бәз де тегін сиырдың тезегі емеспіз! Арғы атамыз – аспаннан ағып түскен жарық жұлдыз екен. Гүл атқан кезде біздер содан аумаймыз. Мүмкін бәріміздің сөзімізде де бір шындық бар шығар. Әйтсе де өз басым түсінбейтін бір нәрсе: ата-тегім аспан әлемінің тұрғындары болса, біз өзіміз нағып жер басып жүрміз осы?!
(Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә» кітабынан)
другие статьи
-
ОТБАСЫ ЖАЙЛЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕР
14 сентября, 11:00 -
Традиция «Тазымен аң аулау»
3 июля, 3:43 -
Казахские запреты – Тыйым сөздер / материал к 16 уроку
2 декабря, 23:27 -
В новом учебном году вновь запустят телеуроки
15 июля, 12:29