Полезно знать
Ат тергеу - әдепке шақырар ізгі дәстүр
22 августа, 15:04
Бұл ізеттілік, көрегенділік, кішіпейілділік қасиеттерінің жарқын көрінісі. Тәрбиелік мәні зор дәстүр сыйластық пен құрметтің ерекше бір белгісі саналады. Алда-жалда жас келін әулет үлкендерінің атын атап қалса, тәрбиесіздік, құрметсіздік деп есептеліп, қатал сынға ұшыраған.
Жаңа түскен жас келіндер күйеуінің әкесін «әке» не «ата» десе, әжесін «әже» дейді. Күйеуінің ағаларына: «мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «үлкен аға», «жақсы аға», «ағакем», «көке» деген аттар қойған. Жеңгесі қайнысына әзілдеп, бойлары аласа болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды. Қайын сіңлілерін «шырайлым», «еркежан», «еркем», «көзжақсым», «молдақыз», «айдарлым», «кекілдім» деген.
Мәселен, өзі атын атамайтын қайын ата, қайын ағаларымен аттас бөтен адамдардың да аттарын атамай, «қажы аттас», «ағакем аттас» деген.Ал жер, су, аң, құс, төрт түлік малдың атауымен байланысты есім болса да, кейбір келіндер тапқырлық таныта білген. Егер атын атамайтын адамдардың аттары Сарыбай, Сұлушаш, Бүркітбай, Биеке, Бүйен болса, мұндайда келіндер Сарысу өзенін шикіл су десе, Сұлу төбе деген жерді әдемі төбе, бүркітті – қыран, биені – сауар, малдың бүйен ішегін жуан ішек деп өзгертіп айтқан.
другие статьи
-
Оқушы уақытты тиімді пайдалануы үшін
27 февраля, 14:05 -
Проживающей за рубежом казахской диаспоре представили портал El.kz
25 сентября, 15:50 -
Қарлығаштың ұясы(Әңгіме)
14 мая, 14:55 -
Ұлттық тілдің әліпбиі де ұлттық болуы керек!
20 февраля, 18:46 -
SOYLE.KZ: КАК ВЫУЧИТЬ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК ЗА 30 МИНУТ В ДЕНЬ
2 февраля, 1:49 -
Наурыз - праздник весны и изобилия
2 декабря, 23:47