Слабовидящим
Поиск

Полезно знать

Күш атасы Қажымұқан Мұнайтпасұлының туғанына 149 жыл

7 апреля, 18:49

Қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел деген ауылда дүниеге келген. Жас кезінен халықтың назарына ілігіп, бала балуан атанған оның әкесі Мұңайтпас та, атасы Ернақ та алып күштің иесі болған екен. Нағашы атасы Лек ағашты тамырымен жұлған деседі. Кішкентай кезінен байларға жалданып, ауыр жұмыс істеген бала балуан батпаққа батып қалған өгізді жалғыз өзі тартып шығарған деген дерек бар. Ал қақаған қыста шөп әкелуге шыққан балуан болдырған екі аттың бірін арбаға салып, екіншісін арбаға байлап арбаны жалғыз өзі сүйреп келген көзсіз ерлігі ел ішінде оның абыройын өсірді.

17 жасқа толмай-ақ мықты балуан ретінде танылған оны 18 жасында циркке жұмысқа шақырады. Боз кілем шебері 1905 жылы Харбинде өткен жарыста «джиу-джитсу» күресінен алтын медаль жеңіп, алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізеді. Жауырыны жер иіскемеген балуан бұдан кейін де бірнеше жарыста топ жарып, әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ еді.

Қара күштің иесі атанған батыр бабамыз әлемнің 54 мемлекетін аралап, 48 медаль олжалаған екен. Күрес қожайындары мен төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмей, еңсесі түспеген балуанның бірнеше лақап аты болған. «Ямагата Мухунури», «Қара Иван», «Қызыл маска» деп атаған. 1909 жылы Түркияда халықаралық жарыста «Қара Мұстафа» лақап атымен шыққан ол түріктің ең атақты балуаны Нуруллахты жеңді. Стамбұл билеушісі Шәкір-пашаның назарына ілігіп, оған қажылыққа бірге баруды ұсынады. Қажылықтан кейін Мұқан деген есіміне «Қажы» деген мәртебе қосылып, Қажымұқан есімімен атағы шыға бастайды.

Саналы ғұмырының 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнаған саңлақ 1940 жылы халық алдында соңғы рет өнер көрсетуге шығады. Майданға көмек беру үшін цирк-шапито ұйымдастырады. Яғни, балға, шынжыр, кір тастар сияқты қарапайым снарядтарды пайдаланып, ауылдарды аралайды. Шоулардың бірінде балуан тақтайдың астына жатып, үстінен адамдарға лық толы жүк көлігін жүргізген. 4 жылдың ішінде жиналған 100 мың рубльге майдан үшін деп ұшақ сатып әпереді. Осы ерлігі үшін Сталин арнайы марапат қағазын жіберген.

Дереккөз: facebook.com/fpp.kz

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!