Читаем
Тұңғыш қазақ геологы Қаныш Сәтбаевтың туғанына 121 жыл
12 апреля, 11:54Қаныш Сәтбаев - Баянауыл топырағының түлегі. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы әрі тұңғыш президенті, тұңғыш қазақ академигі, ғалым, әйгілі геолог 1899 жылы 12 сәуірде туған. Азан шақырып қойылған аты Ғабдул-Ғани. Анасы ұлын еркелетіп Ғани, Ғаныш десе, кейін барлығы Қаныш деп атап кеткен. Ауылдан сауат ашқан соң Павлодардағы қазақ-орыс училищесін, артынша Семейдегі мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Өкпе дертіне шалдыққан жас өрен емделу үшін туған өлкесіне оралады. Қазақ мектебіне арналған алғашқы алгебра оқулығын жазуды дәл осы кезде бастаған.
⠀
22 жастағы жігіттің тағдыры 1921 жылы кеңес геологы Михаил Усовпен кездесуден соң күрт өзгереді. Дертіне қарамастан Томск технологиялық институтын аяқтаған соң геология саласына ден қояды. Ғұлама ғалым Жезқазған және Қарсақбай ауданындағы көптеген пайдалы қазбалар кен орындары геологиясын зерттеген. Академик Жезқазған мыс кен орнының қоры бұрынғыдан әлдеқайда көп екенін дәлелдеді. Осы жаңалығы үшін оған 1940 жылы КСРО жоғары мемлекеттік наградасы – Ленин ордені беріледі. Ұлы Отан соғысынан кейін ғалымдардың басын қосып, Қазақ ғылым академиясын құрып, алғашқы президенті болып сайланады.
⠀
Қазақстан ғылымының атасы, тұңғыш тау-кен инженер геологы ұрпаққа мол мұра қалдырған. Бір-бірімен қабыспайтын ғылымның сан саласынан терең хабары бар ғалым білімдарлығымен, данышпандығымен тарихта қалған. Домбыра, гитара, мандолин сынды аспаптардың құлағында ойнаған. Тіпті, Қанекеңнің орындауындағы әуендерден белгілі музыка танушы-фольклорист Александр Затаевич 25 қазақ әнін жазып алыпты.
⠀
Дүниеге келген сәтінен бастап тұтас ғұмыры тұнып тұрған аңызға айналған тұлғаның басы да үлкен, бойы да екі метрге жуық еді. 1947 жылы Ұлыбританияға сапары кезіндегі оқиғасы ел аузында кең таралған. Делегация құрамындағы қазақ ғалымын алғаш көрген Англияның әйгілі саясаткері Уинстон Черчилль тесірейе қарап: «Қазақтардың бәрі сіздей алып па?», - деп сұраса керек. Сонда Қаныш Имантайұлы: «О не дегеніңіз, Черчилль мырза, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын. Халқым менен де биік», - деп жауап берген екен.
Дереккөз: fpp.kz
другие статьи
-
КАНЦЕЛЯРСКИЕ ТОВАРЫ / КЕҢСЕ ТАУАРЛАРЫ
8 сентября, 11:57 -
В Лондоне презентована книга о западных исследователях казахских земель
26 сентября, 11:00 -
Даналық мәйегі
1 октября, 22:20 -
12 вузов проверяют в Казахстане
8 октября, 8:04 -
Димаш Құдайбергеновтің орындауындағы әндер
16 мая, 10:42 -
Казахский язык в режиме Online
21 декабря, 22:01