Слабовидящим
Поиск

Новости и объявления

Онлайн дәріс жалғасады

4 мая, 22:17

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2020 жылдың 4-6 мамыр аралығында «ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖАЗУДЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» тақырыбындағы онлайн дәрісті жалғастырады. Дәрісті ҚР Үкіметі жанындағы «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру» жөніндегі Ұлттық комиссияның Орфографиялық жұмыс тобы ғалымдары оқиды.

Онлайн дәрістің мақсаты – латын әліпбиi негізіндегі қазақ жазуы, жазу ықшамдылығы, жазу мен ауызекі тілдің бір-біріне әсері және қазақ орфоэпиясының кейбір мәселелері туралы қоғамға кең көлемде ақпарат беру.

Онлайн дәрісті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары Б.Момынова, Ж.Жұмабаева, Н.Әміржанова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ж.Жақыпов, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Н.Рсалиева оқиды.

Онлайн дәріске еліміздің барлық өңіріндегі Тіл басқармалары мен оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері, оқытушылары, сонымен қатар жоғары оқу орындарының (Назарбаев университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы, Астана медицина университеті және т.б.) филологтары, магистранттары мен докторанттары қатысады.

Дәріс тікелей эфирде фейсбук желісіндегі ONLINEda bol парақшасында да көрсетіледі.

Дереккөз: tilalemi.kz

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!