Слабовидящим
Поиск

Новости и объявления

"Келер ұрпақ бізді кешірмейді": Тоқаев қазақ тілін қадірлеуге шақырды

5 мая, 11:56

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын ұлттық құндылықтарды қорғауға, соның ішінде тіл мәселесіне бей-жай қарамауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы ел президенті Егемен Қазақстан басылымына берген сұқбатында айтты.

"Әлемде түрлі үрдістер қалыптасуда. Бірақ соның бәрі бірдей ұлттық мүддеге сай келе бермейді. Негізгі қауіп-қатерлер алда. Сондықтан қырағылық сақтай отырып, қиындықтарды еңсеруге әрдайым дайын болуымыз керек.

Жаңа сын-сынаққа төтеп беру үшін, ең алдымен, ұлттық құндылықтарды қорғай білген жөн. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық сана-сезімді, қоғамдағы татулық пен келісімді, береке-бірлікті сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді.

Әсіресе мемлекеттік тілдің мәселесі өте маңызды. Тіл – ұлттың тұғыры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадірлеуден басталады", - деді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталатынын жеткізді.

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!