Слабовидящим
Поиск

Новости и объявления

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

7 мая, 20:55

 

7 мамыр - ҚР Қарулы Күштерінің құрылған күні. Бұл күнді қазақстандықтар Отан қорғаушы күні ретінде атап өтеді.

1992 жылғы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды.

1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ ССР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында ҚР Президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Президенттен басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі қызметіне генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалды.

7 мамыр Қазақстанда мерекелік демалыс күні болып саналады. Мереке қарсаңында Жоғарғы Бас Қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті әскери шендер беру туралы Жарлыққа қол қойып, ерекші көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттайды.

Айта кетейік, биыл COVID-19 пандемиясына қатысты бірқатар елде төтенше жағдай жарияланып, сарбаздар мен полиция қызметкерлері коронавирусты таратпау үшін алдыңғы шепте қызмет етіп келеді.

2 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарды.

Қазақстанның бірқатар өңірінде бөлімшелер құрылып, әскери міндеттілер арнаулы жиынға шақырылды.

Олар жедел штабтың жұмысына қатысу, блокпосттарды бақылау, қала аумақтарын дезинфекциялап, инфекция ошақтары бар нысандарды күзету жұмыстарымен айналысады.

ҚазАқпарат

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!