Слабовидящим
Поиск

Новости и объявления

"Кім Білгіш" зияткерлік-танымдық ойынының қорытындысы шықты

12 ноября, 0:05

Бүгін «Nazarbaev ortalygy» Даму орталығында жоғары сынып оқушылары арасында өткен «Кім білгіш?» зияткерлік-танымдық ойыны бойынша халықаралық онлайн-турнирдің финалдың кезеңі мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған турнирге еліміздің және жақын шетелдің 3000-нан астам оқушысы қатысты.

Зияткерлік біріншілік 9,10,11 сыныптардың ең білімді балаларын анықтауға және көтермелеуге, танымдық қызығушылықты жандандыруға, жастардың мәдени-білім деңгейін арттыруға бағытталған.

2016 жылдан бастап өткізілетін турнир жыл сайын спорт, XX ғасыр, XXI ғасыр, дөңгеленген әлем, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарын қамтыған 40 000-ға жуық сұрақ жүктелген мобильді қосымша түріндегі ойын бойынша өткізіледі. Ойын барысында қатысушылар таңдалған тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді.

«Турнир жыл сайын білімді балаларды анықтайды, осылайша олардың жаңа дүниелерге деген ынтасын оятады. Жыл сайын жарысқа еліміздің барлық өңірінен мыңдаған оқушы қатысқаны бізіді қуантады. Біріншілік өзін және өз білімін көрсетуге мүмкіндік береді, бұл олардық болашақ өміріне қажет болатын білім», - деп атап өтті Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев.Биыл ойынның I және II-турлары жазғы демалыс кезінде қашықтан, онлайн режимде өткізілді.

Нұр-Сұлтанда өткен финалдық ойында 12 үздік ойыншы эрудиция мен реакция жылдамдығында жарысты. 

Осылайша, қазақтілді ойыншылар арасында 1 орынға Түркістан облысының Күлтөбе негізгі орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жолтай Гүлайым, 2 орынға Ақмола облысының №2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қантай Даулет, 3 орынға Ақмола облысының №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Асылбек Ботакөз ие болды.

Орыс тілді ойыншылар арасында 1 орынға Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №4 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Седова Анастасия, 2 орынға Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №8 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Новак Мария, 3 орынға Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №3 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Орынбасар Асыл ие болды.

Турнирдің жеңімпаздарына «2020 жылдың ең ақылды оқушысы» атты арнайы диплом мен ноутбук сияқты бағалы сыйлықтар табысталды.

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://corp.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!