Новости и объявления
Қордай тұрғындары қазақ, ағылшын, француз тілдерін үйрене бастады – Сапарбаев
9 июня, 10:38
Қордай ауданында жергілікті тұрғындарға қазақ, ағылшын, француз және басқа да шет тілдерін үйретуге бағытталған «Тілдер саябағы» жобасы бастау алды. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Facebook парақшасында жазды.
«Сортөбе ауылында қазақ тілін оқып жатқан жастармен сөйлестім. Мемлекеттік тілді оқыту – ұлттық қауіпсіздік мәселесі, халықтың бірлігі мен ұлтаралық келісімді нығайтудағы маңызды фактор. Әр адам өз ана тілінен басқа да тілдерді меңгеруге ұмтылуы тиіс. Шет тілдерін білу тұтастай алғанда елдің адами және интеллектуалдық капиталын анықтайды», - деп жазады ол.
Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылында жаппай қақтығыс болып, 10 адам қаза тапқан еді.Үш күннен кейін, облыс әкімі болып, Асқар Мырзахметовтың орнына Бердібек Сапарбаев тағайындалды.
Дереккөз: azattyq-ruhy.kz
другие статьи
-
ТАНЫСУ / ЗНАКОМСТВО
4 апреля, 2:25 -
Мектеп тақтасы неге жасыл?
8 мая, 21:30 -
Абай ілімі және бүгінгі қазақ философиясы
31 мая, 22:39 -
Қазақтың ұлттық киімдері
28 февраля, 13:52 -
Отмечать День Абая как день казахской литературы предложил ректор
10 августа, 19:12 -
Қазақ тіл білімінің мәселелері
25 августа, 21:48