Новости и объявления
ҰБТ: Түлектер үшін қандай жеңілдіктер енгізілді?
15 июня, 21:44Биыл ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Тест тапсыруға 132 мыңға жуық адам өтініш білдірген. Эпидемия кезінде қашықтан оқуға көшкен мектеп түлектері үшін Білім және ғылым министрлігі бірқатар жеңілдік енгізді, - деп жазады Egemen.kz
- Ұлттық тестілеу орталығының сайтында әр пән бойынша дайындық тестілерінің 70 бірегей нұсқасы тегін орналастырылды;
- Қашықтан оқыту жағдайында мемлекеттік бітіру емтихандары өткізілмеді, ал аттестаттар жылдық бағалар негізінде берілді;
- Мектеп бітірушілері IV тоқсанда өткен материалды қайталап, бекітеді, сондықтан ҰБТ-да 11 сыныптағы соңғы тоқсанның сұрақтары болмайды;
- ҰБТ тапсыру барысында калькулятор қолдануға рұқсат етілді, олар үстелдерде тұрады. Бірақ талапкер өзі қалаған құрылғыны өзімен бірге әкеле алмайды. Калькулятор ҰБТ тапсыру орындарында ғана беріледі.
- Тестілеу уақыты 4 сағатқа ұзартылды.
- Өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсырушылардың саны 12%-ға артқан. Өтініштер алғаш рет онлайн қабылданды.
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін қажетті ҰБТ-ның шекті балы белгіленді. Сондай-ақ академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған ҰБТ шекті балын жинамаған тұлғалар енді жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талап күшейтілді, яғни оқуға түсу үшін шекті балы 70-ке дейін көтерілді.
другие статьи
-
ДОСУГ / ДЕМАЛУ
3 октября, 21:00 -
Учебное пособие казахского с русским языком обучения
18 мая, 21:50 -
Әріпті кім ойлап тапты?
16 декабря, 12:02 -
ҚАЗАҚТЫҢ КИІМІ ТҮРЛЕРІ
30 мая, 14:26