Читаем
Төле би ақылы
11 июля, 16:12
Белгілі батыр, әрі шешен Шақшақ Жәнібек Төле биге сәлем бере келіп:
— Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Бозбала болып ерлік қылайын ба, үлгі алып билік құрайын ба? Елде кәрің болса, жазулы хатың, жайлаған көліңнің алдында төбе болса, ерттеулі атың деуші еді, ақыл сұрай келдім, — депті. Сонда Төле би:
— Өгізді өрге салма, қанатың талар. Наданға көзіңді салма, сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер, дұшпанға сырыңды айтпа, түбіңе жетер. Жал-құйрығы қаба деп жабыдан айғыр салма, жаугершілік болғанда, жағдағайлап мінер ат тумас. Жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма, өрісің тарылар. Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең — таяқ, қарның ашса — тамақ. Ит жүгіртіп, құс салсаң, әуейі боларсың. Әйел алсаң, көріктіге қызықпа, тектіні ал, мақтаншақ жігіт жисаң — ұятқа қалдырар. Ұрыншақ ат жаз жарға жығар, қыс қарға жығар. Тұмау түбі құрт болар, тұман түбі құт болар. Елге бай құт емес, би құт. Қабырғадан қар жауса, атан менен нарға күш, ел шетіне жау келсе, батырлар мен биге күш. Қарап отырғанша бір нәрсеге жарап отыр, кәсіп болмай нәсіп болмас. Менен ақыл сұрасаң, айтарым осы, — деген екен.
другие статьи
-
Песня казахстанца стала трендом в TikTok
26 мая, 9:30 -
Қуандық Рахымның орындауындағы әндер
17 мая, 9:51 -
22 НАУРЫЗ ТУРАЛЫ 22 ДЕРЕК
25 марта, 17:32 -
Енді дүнген балалары қазақша оқиды
6 июня, 14:42 -
В Казахстане будет внедрена новая система подготовки учебников
21 августа, 15:37 -
ТЕЛЕФОНМЕН СӨЙЛЕСУ / РАЗГОВОР ПО ТЕЛЕФОНУ
5 апреля, 3:07