Новости и объявления
"Болашақ" халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды
27 июля, 21:47Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша жыл сайынғы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының басталғанын хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн-режимде egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жолдау қажет.
Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 27 шілдеден бастап 31 қазанға дейін жүргізіледі.
Биыл "Болашақ" бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U. S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген.
Дереккөз: massaget.kz
другие статьи
-
Жақсы кітап – жан азығы
29 ноября, 23:49 -
Қазақ тіл білімінің мәселелері
25 августа, 21:48 -
Бас жүлде – 1 млн. теңге. Мүшәйра жарияланды.
18 июня, 12:34 -
Токаеву показали новый проект казахского алфавита на латинице
11 ноября, 7:09 -
Еp қаpуы бес қаpуды бiлесiз бе?
11 ноября, 22:25